Программа дисциплин Форма для студентов фсо пгу


тақырып. Кейбір психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы



бет5/15
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150849
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
6 тақырып. Кейбір психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы.
Психикалық аурулар туралы жалпы түсініктер, себептері мен ерекшеліктері. Психикалық аурулардың, соматикалық ауруларға қарағанда, сапалық ерекшеліктері. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеудің қазіргі әдістері.Көңіл-күйдің бұзылуының негізгі клиникалық формалары, эмоционалды сферасының бұзылуы. Жабырқаудың, мазасыздықтың, қорқыныштың феноменологиясы. Паникалық бұзылулар. Фобиялар. Посттравматикалық стресстік бұзылулар. Депрессия, түрлері. Эмоционалды сферасындағы өзгерістер.Тұлғаның эмоционалды сферасындағы бұзылуарды түсінуге психологиялық бағыттар. Олармен психокоррекциялық жұмыстардың негізгі бағыттары. Шизофрения, ойлау және эмоциялық процестердің сипаттамасы. Эпилепсия (қояншық ауру), жалпы клиникалық ерекшеліктері. Дірілдеме (судорожный припадок), түрлері. Эксперименталды-психологиялық диагностика.
7 тақырып. Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар. Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар. Нев ротикалық бұзылулар: 1) обсессивтік-комплексті бұзылулар, олардың әлеуметтік жағдайлармен байланысы, психологиялық механизмдері, психотерапевтік және психокоррекциялық жұмыстарды өткізу; 2) соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы; 3) диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация; 4) «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия. Олардың психотерапиясы мен психокоррекциясы.
8 тақырып. Сананың, қабылдаудың, естің, эмоцияның бұзылулары. Критерийлері, синдромдары.
Сананың бұзылулары. Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары: кома, сткпор, онейроид, қарауытқан ... бұзылулары (сумеречное состояние), есеңгіреу (оглушенность), делирия, құнды идеялар, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі.Паранойя. Сандырақ, оның түрлері. Сананың өзгерген күйі. Қабылдаудың бұзылуы. Иллюзиялар және галлюцинациялар.Жалған галлюцинациялар. Зейіннің бұзылулары. Зейіннің және қабылдаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер. Естің бұзылуы. Жүйкелік-психикалық аурулардың әртүрлі формаларындағы естің бұзылуы. Амнезиялар. Естің бұзылуын зерттеу әдістері. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялар ... стресс. Эмоциялардың психофизиологиялық механизмдері. Эндогенді және шектік (пограничные) күйлердегі эмоционалды бұзылулар. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуындағы аффективті бұзылу. Физиологиялық және патологиялық аффект. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы. Ерік және оның бұзылуы. Эмоционалды-еріктік бұзылулардың милық механизмдері. Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерттеулері. Жүйкелік-психологиялық аурулардың әртүрлі формаларындағы ойлаудың бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет