Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология



Pdf көрінісі
бет2/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология
Документ (1), Өлкетану 3 апта
Пікіп жазғандар
Скакова А.А. - география ғылымдарының кандидаты, ЕМК ШЖҚ
«ҒЗИ Экология мәселелері» 
Оракова Г.О. - метеорология және гидрология кафедрасының аға 
оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
Қазіргі таңда қызмет етудің барлық саласында белгілі бір білімге, 
шеберлік пен дағдыға, жеке адами қасиетке ие, өзінің кәсіби қызметін жоғары 
деңгейде атқаратын, бәсекеге қабілетті білікті мамандарға сұраныс артып 
келеді. Мұндай сұраныс жоғары кәсіби білім мақсатын анықтауға себепші 
болды.
Қоғамдағы тілдік жағдай еңбек нарығының нақты сұраныстарына сай 
мамандардан тек қазақ тілінде сөйлеу дағдысын талап етіп қана қоймай, 
таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеп, жеке әлеуметтік қасиеттерін 
(азаматтық, мақсатқа талпынушылық, ұйымдастырушылық, еңбекқорлық, 
коммуникативтілік, төзімділік, әлеуметтік бейімделушілік) қалыптастыру мен 
дамытуды мақсат етеді. Сондай ақ алған тілдік білімін қатысымда (іскерлік 
кездесулерде, қызмет барысында, мәжіліс, жиындарда және т.б.) ұтымды 
пайдалана алу дағдысын да көздейді.
Жоғары оқу орнындағы «Кәсіби қазақ тілі» пәні мамандарды базалық 
дайындау үшін құралмас бөлігі болып табылады, студенттерді коммунакативті 
құзыретті қалыптастыруға, кәсіби қызмет салаларында, ғылыми-тәжирбие 
жұмыстарында, мамандармен араласуға, өзінің білімін жоғарылату және т.б. 
мақсаттарда қазақ тілін қолдануға мүмкімдік беруге арналған. 
Студенттердің тілдік білімін, сөйлеу мәдениеті мен тілдік құзіреттілік 
деңгейін жетілдіру «Кәсіби қазақ тілінің» жалпы білім беру бағдарламасындағы 
оқу пәні ретінде маңызын арттырады. 


Кәсіби қазақ тілі оқу пәні ретінде төмендегідей сипатқа ие: 

пәнаралық (қазақ тіліндегі сөйлеу мазмұны түрлі білім 
салаларынан: тарих, экономика, ақпараттану, химия, физика, биология, 
география, математика, және т.б. хабар береді); 

сан салалы (бір жағынан – сан алуан тілдік құралдарды тілдің түрлі 
аспектілерімен: фонетика, лексика, грамматикамен байланысты меңгеру, екінші 
жағынан – сөйлеу әрекетінің төрт түрлі әрекетін (тыңдалым, оқылым, жазылым, 
айтылым ) жетілдіру қажеттілігі; 

сан алуан қызметтілігі (оқыту мақсатында және түрлі білім 
саласынан ақпарат алу құралы ретінде). 
Кәсіби қазақ тілін меңгеру студентті шығармашылық ойлауға, көзқарасын 
кеңейтуге, өзінің жеке қасиеттерін жан-жақты ашуға, яғни кәсіби білімін 
дамытуға әсерін тигізеді. Студент өзіндік жұмыс орындаудың дағдысын 
қалыптастырады, шығармашылық дербестікке қол жеткізеді, сол арқылы тілдік 
түсініктерді, логиканың барлық түрлерін (талдау, синтездеу, салыстыру, 
тұжырымдама жасау) жетілдіреді.
Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби білімді жетілдіруге әсерін тигізетінін, 
жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің жолдарын көрсетеді.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің мақсаты белгілі мамандықтың кәсіби тілінің терең 
зерттеп оқу. Кәсіби терминологияның білу көп мағыналы ұғымның мәселесін 
шешу үшін бағытталған. Белгілі бір тілде мамандықтын нақты 
терминологиялырын, осы жағдайда қазақ тілі, өз мақсатында кәсіби қызметте 
базалық санат және адекватты түсініктемелерді қолданады. 
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту тіл үйренушілердің белгілі бір тілдік 
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Берілген пәнді оқу нәтижесінде 
студенттер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет