Программа дисциплины (Syllabus) Органикалық химия Оқу пәнінің атауы / Наименование учебной дисциплины 6В05304



бет15/31
Дата06.02.2022
өлшемі7,81 Mb.
#78626
түріПрограмма дисциплины
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Химиялық қасиеттері. Алу жолдары
Карбон қышқылдарының қышқылдық қасиеті карбоксил тобына байланысты.
Көміртегі атомының электрон бұлттары оттегі атомына қарай ығыстырылған.
С ондықтан көміртегі атомы оң зарядталып, көрші гидроксил тобындағы оттегі атомының электрон бұлттарын өзіне тартады. Сөйтіп, гидроксил тобындағы оттек пен сутектің арасындағы байланыс әлсірейді, бұл сутек ионының бөлінуіне әкеліп соғады, (1) теңдеуде көрсетілгендей. Құмырсқа қышқылы (КD = 10-4) қалған карбон қышқылдарына қарағанда күштірек, қалған қышқылдар үшін КD = 10-5.
1. Тұз түзу. Карбон қышқылдары металдармен, сілтілермен, карбонаттармен әрекеттесіп тұздар түзеді:
2RCOOH + Mg → (RCOO)2 Mg + H
RCOOH + NaOH → RCOONa + H2O
2RCOOH + Na2CO→ 2RCOONa + CO2 ↑ + H2O
Мысалы: СН3СООН + Мg → (CH3COOH)2Mg + H2 ↑
магний ацетаты
2. Күрделі эфир түзу. Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзіледі, су тартатын концентрлі күкірт қышқылы қатысады.



сірке қышқылы

метанол

метилацетат

3. Амидтер түзу:
а) Карбон қышқылының аммоний тұзын қыздырғанда амид, су түзіледі.

ә) Карбон қышқылдарының хлорангидридтері аммиакпен әрекеттескенде амидтер түзіледі.
СН3СОСl + NH3 → CH3CОNH+ HCl 
4. Галогендеу реакциясы. Карбон қышқылдары галогендермен орын басу реакциясына түседі. Орын басу реакциясында карбоксил тобына жақын жердегі сутегі атомы галоген атомына ауысады. 

5. Ангидридтер түзу. Карбон қышқылының екі молекуласы қосылып, ангидридтер түзеді, қышқылды дегидратациялап Р2О5 қатысында:
2СН3СООН → (СН3СО)2О + Н2О
6. Тотықсыздандыру реакциясы. Күшті тотықсыздандырғыш (LiAIH4) әсерінен карбон қышқылдары спирттерге дейін тотықсызданады.

Қаныққан бір негізді карбон қышқылдары өсімдіктерде бос күйінде немесе күрделі эфир күйінде кездеседі.
7. Тотығу реакциясы. Монокарбон қышқылдары тотықтырғыштар әсеріне берік, тек құмырсқа қышқылы көмір қышқылын түзіп, тотығады.

Құмырсқа қышқылы құрылысының ерекшелігіне байланысты тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді, альдегидтер тәрізді «күміс айна» реакциясын береді.

Құмырсқа қышқылының тағы бір ерекше қасиеті – оның концентрлі күкірт қышқылымен қыздырғанда айырылуы:

Негізгі әдебиеттер: 1-5
Қосымша әдебиеттер:1-9



Каталог: public -> files
files -> Поурочное планирование по программе А. В. Перышкина и Е. М. Гутник «Физика 7 9»
files -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
files -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
files -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
files -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
files -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
files -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
files -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
files -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет