Программа кодының терезесі


Электрондық оқулық құрудағы жоғары мәтінді технологияның мүмкіндіктері



бет2/7
Дата16.04.2020
өлшемі3,12 Mb.
#62698
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЭОҚ

2.1 Электрондық оқулық құрудағы жоғары мәтінді технологияның мүмкіндіктері


Жоғары мәтін немесе гипертекст термині қазір кеңінен қолданылып жүр. Грекше «гипер» дегеніміз үстіңгі, жоғарғы жақтағы деген сөз. Яғни гипертекст, ол мәтіннен де жоғары тұратын айрықша байланыстары бар жоғары дәрежедегі сілтемелер. Осы жоғары мәтіннен ақпараттық технология саласындағы мамандар ғана жұмыс жасап қоймай әдебиетте де жоғарғы роман деген ХХІ ғасырдағы әдебиетін сипаттайтын термин. Мысалы, Милорд Павичтің ХХІ ғасырда шыққан Хазар сөздігі деген кітабы. Бірақ жоғарғы мәтіннің мүмкіндіктерін тек қана компьютерлер аша алады, себебі жеткілікті (мәтін, сурет, анимация).

Жоғары мәтіндік технология дүниежүзілік өрмек құру негізінде электрондық сөздік, энциклопедиялар, әртүрлі ақпараттық жүйелер негізінде жасалған. HTML тілін пайдалану сияқты жалпы технологияға сүйеніп мамандандырылған оқыту жүйелері жоғары мәтінді жүйелерді өзіне тән ерекшелігіне қарай қарастыруға болады.

Жоғары мәтін және электрондық оқулықтың дидактикалық ерекшеліктерін қарастырсақ - HTML технологиясындағы орындалған жеке құжаттар HTML парақтары деп аталады. Олардың ішінде статистикалық немесе өзгермейтін және мазмұны өзгеретін немесе динамикалық беттері болады. Электрондық оқулықпен жұмыс кезінде дидактикалық оқыту процесі жүзеге асырып, динамикалық жоғары мәтінді пайдалану жүзеге асады. Осындай жағдайда жоғары мәтінді пайдалану өтімділігі принципіне сай жүруі керек және де бірнеше деңгейлі күрделі тапсырмаларды орындау арқасында оқыту кезінде тақырыпты жекелей оқыту қамтамасыз етіледі.

Мультимедия элементтерін бетке енгізе отырып ақпаратты көрнекі түрде көрсетуге болады. Бұл көрнекілік принципі.

Жоғары сілтемелер, түрлі материалдарды табиғи жолмен байланыстыра теориялық ақпаратты практикалық тапсырмалармен толтырып отырады. Яғни теориямен практикалық байланыс принципі сақталады.

Жоғары мәтінді оқыту жүйесінің жұмысы кезінде оқушы өзінің білгенін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді. Яғни мұнда білімінің тереңдік принципі жүзеге асады.

Жоғары мәтінді оқыту жүйелері күнделікті әдеттегі оқыту жүйелеріне қайшы келетін сияқты болып көрінеді. Бағдарлама бойынша оқытудың мәнісі автоматы түрде оқу материалын игеру. Тексеру тестіне жауап беру керек болса, жоғары мәтінді оқыту жүйесі кезінде пайдаланушы әртүрлі ауысуларға барып еркін жұмыс жасай алады. Сөйтіп жоғары мәтінді оқу кезінде пайдаланушы оқу процесін толық меңгере алады. Бұл оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттырады. Дидактикалық әдістермен байланысты көптеген қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ соған қарамай жоғары мәтінді жүйе бойынша жұмыс жасау еркін таңдауды қажет етеді.

Бұл жүйені қатаң алгоритм бойынша оқытудың айырмашылығы өзіндік жұмыстарды орындау жүйелі түрде өткізіп отырады. Жоғары дәрежедегі мәтінді жүйелер бағдарлама бойынша оқытуды жүзеге асырып өз сценариіне қатаң шектеулер қоюы да мүмкін. Мысалы, модульдердің тұйықтығы, ұғымды дәлірек анықтап өзін тексеру үшін бастапқы нүктеге қайтып оралу, келесі модулге аралық тексеруден өткеннен кейін ғана өтіп отыру, күрделі тапсырманы автоматы түрде таңдау, оқушыны тестілеу нәтижесінде қорытынды зерттеу, іздену жолдарын жүзеге асырады. Оқушылардың өз еркімен таңдауы арқылы шығармашылық ізденіске жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Бағдарламалау тілдерін пайдалану кезінде оқулық бағдарлама комплексі ретінде және бөлек орындалатын модуль ретінде (дидактикалық материалдарды сақталған мәлімет қоры) пайдаланылады. Мұндай өнім жоғары дәрежелі қорғаныммен қамтылуы қажет. Біріншіден, көп басылымнан екіншіден, тестілеу жүйесіне санкциясыз енгізуден қорғалу қажет. Бұндай әрекеттің артықшылығы сол жоғары дәрежелі бағдарламалау тілдерін пайдалану (Object Pascal, C+) және мәлімет қорын меңгеру жүйелерін пайдалану. Кез келген авторлық ой туындыларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал басқа технологиялар бұны өте күрделі қылып немесе орындалмайтындай етіп жібереді. Бұдан басқа интерфейс бағдарламасы (Терезе түрі, элементтердің ішінде орналасуы, шрифтер) үнемі тұрақты, ал жоғары мәтінді құжаттардың сыртқы түрі түрлі бағдарламаны пайдаланғанда өте айрықшалануы мүмкін. Әдетте кемшіліктер артықшылықтардың жалғасы бола алады. Бұл жағдайда ол дұрыс. Оқулықтың жаңаруы бағдарлама кодының өзгеру жұмысына талап қояды, ал қазіргі заманғы бағдарламадан қамтамасыз ету жоғары дәрежелі бағдарлама дайындауда өте қымбат өнім болып табылады. Сондықтан бағдарламалау технологияларын пайдаланып электрондық оқулық дайындауда жоғары маманды программистер қатынастырылуы қажет. Бірақ олар педагогтарға өз шешімдерін артпай байланыс жасауы тиіс. Осындай жағдайда электрондық оқулық өте құнды және өте қымбат тұратын өнімге айналады. Осыны жасауда негізгі күш таза техникалық проблемеларды шешуге кетеді. Бұндай қызмет тек қана электрондық оқулықтарды дайындаудың оқу әдістемелік орталықтарында немесе оқу орындарында жүзеге асуы мүмкін. Толық қанды электрондық оқулық құрастыруда жоғары мәтінді электрондық оқулықтың артықшылығын талқыладық. Олар ыңғайлы оқу құралы, одан керекті ақпаратты тауып алуға және өткен материалды тауып алуға болады. Осындай оқулық жобалау кезінде жоғары сілтемелерді енгізуге болады, ал ол ассоциативтік қатар негізінде және адамдардың ойлауымен ақпараттарды байланыстыру қабілетіне сүйенуі тиіс.

Бұл жағдайда электрондық оқулық жоғары мәтінді құжат ретінде динамикалық жоғары мәтіні болуы мүмкін. Оны құрастыру үшін HTML, Java Script, Pels, PHP тілдері қолданылады. Сондай-ақ оқулық жасауды жеңілдететін визуальдық редакторлар компиляторлар қосымша бағдарлама құралдары қолданылады. Электрондық оқулықтың артықшылығы сол (осы технология бойынша) алынған өнімнің платформалық тәуелсіздігі оқушыларға әмбебаптығы: ол дискетпен компакт дискіге жазылуы мүмкін, Интернет арқылы және оқу орнының жүйесі арқылы таралуы мүмкін. Мұндай оқулықтар үнемі толықтырылып отырылуы мүмкін (информатика, заң мәселелері т.б.) Ал бұл технологияның кемшілігіне тест кілттерінің шифрден босату және оқулықты санкциясыз көшіруден қорғаудың жоқтығы жатады.

Қазіргі кезде практикада электрондық оқулық жобалау кезінде жоғары мәтінді технологиядан басқа мынадай технологиялар қолданылады:


  • Мәлімет қоры технологияларымен қатар жоғары дәрежелі бағдарламалау тілін жобалау (оның ішінде мультимедиялық)

  • Арнаулы құрал –жабдықтардың көмегімен жобалау

2.2 Delphi программалық ортасы
Delphi ортасы - визуалды программалау жүйесін көп қолданушылар арасында белгілі. Delphi – бұл Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге арналған программаларды жетілдіру ортасы. Delphi ортасындағы программалар объектілі – бағдарланған программаларды қолдана отырып, визуалды жобалау жаңа технологиялар негізінде құрылады. Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшалармен бірге көптеген қосымшаларды Delphi жүйесі тез және тиімді түрде құруға арналған, дамыған мүмкіндіктерге ие, сонымен қатар кең көлемді функциялар жиыны, қолданбалы есептерді шешуге арналған әдістер мен қасиеттерге ие.

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне Rapid Application Development жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.


2.2.1 Delphi тілінде программалау ортасымен танысу
Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.

Delphi ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —> Программы —> Borland DelphiDelphi 7.



Delphi-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:

Группа 8


  1. Негізгі терезе (Project 1);

  2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);

  3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);

  4. Программа кодының терезесі (Unit1.pas).

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphi жүктелгенде, Unit терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphi ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.



      1. Негізгі терезе мен компоненттер жинағы

Негiзгi терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы iске қосылып тұрғанда мiндеттi түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (2-сурет).




Бұл терезеде Delphi-дiң негiзгi меню жүйесi, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер палитрасы орналасады. Негiзгi меню жүйесiнiң опциялар тақырыптарының құрамына iшкi меню кiредi.

Негiзгi меню жүйесiнiң элементтерi сол жағында ¦¦¦ таңба қойылған арнайы панельдерде орналасады. Негiзгi менюден басқа элементтердi панельдегi ¦¦¦ таңбасы арқылы негiзгi терезеден тыс экранның кез-келген жерiне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.



Компоненттер жинағы - Delphi-дiң негiзгi байлығы болып табылады. Ол негiзгi терeзенiң оң жағында орналасып, қажеттi компонентті тез табуға арналған белгiлерден тұрады (3-сурет).

КГруппа 5омпонент деп белгiлi бiр қасиеттердi иемденген және форма терезесiнде кез-келген объектiнi орналастыру мүмкiндiгiн туғызатын функционалды элементтi айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлiнген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегiмен программаның негiзi бөлiгi құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тiзiмдерi және т.с.с).

Батырмалар панелi сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшiн компоненттер палитрасына кiретiн кез-келген пиктограмманы тышқан тетiгiнiң оң батырмасымен сырт еткiзiп, арнайы редакторды iске қосу керек. Ашылған менюдегi Properties (қасиеттер) пунктiн таңдағанда 4–суреттегi оң жақ терезе шығады.



Мысалы, 3-суретте көрiнбейтiн компоненттер арасындағы Dialogs парағын алға жылжытсақ, бұл парақта жиi қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшiн 4-суретте келтiрiлген терезеде Dialogs пунктiн тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dialogs пунктiн Data Aсcess пунктiнiң орнына қою керек.


      1. Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі


Форма құрастырушысының немесе форманың терезесi - болашақ программаның Windows терезесiнiң жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлiрек айтсақ, Windows-тiң стандартты интерфейстiк элементтерiнен: жүйелi менюдi шақыру, терезенi үлкейту, кiшiрейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегiнен тұрады. Бұл терезенiң жұмыс аймағы координттық тордың нүктелерiмен реттелген.

Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөлiктерiмен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажеттi компонентті таңдап, форманың терезесiнде орналастыруға болады. Сөйтiп, форма терезесiнде қажеттi компоненттер бiрiнен соң бiрi орналастырылады.

Бұл ерекшелiк – визуалды (көрсеткiш) программалаудың негiзi болып табылады. Программалаушы әр мезгiлде құрылатын программаның терезесiн бақылап отырып, қажеттi өзгерiстердi кез-келген мезетте енгiзу мүмкiндiгiне ие болады.

Формадағы орналасқан әр компоненттер өзiнiң мекен-жайымен, мөлшерiмен, түсiмен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру File => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бiр компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшiн компоненттер жинағындағы Standard белгiсiн сырт еткiзiп, парақты екпiндi күйге келтiру керек.



Button батырмасының кескiнiн ажырату үшiн тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгiлердiң үстiнен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажеттi компонентті сырт еткiзiп белгiлеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жерiне сырт еткiзсек, форманың бетiнде Button1 элементi пайда болады.

Группа 2

Компоненттің формадағы орнын, мөлшерiн форма терезесiнде бiрден өзгертуге болады, ол үшiн компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгiлеу керек (кiшiгiрiм төртбұрыштылар пайда болады). Ендi белгiленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жерiне жылжытуға болады. Мөлшерiн өзгерту үшiн тышқанды элементтi қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тiк сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшiн оны белгiлеп, Delete пернесiн басса жеткiлiктi.

Компоненттің басқа параметрлерiн өзгерту әрекеттерi Объектiлер бақылаушысы арқылы немесе программаның денесiнде орындалады.

Объектiлер бақылаушысының терезесi екi парақтан құрылады: Properties- қасиеттерi және Events –оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттерi –параметрлерi анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлi оқиғаларға сәйкес сезiндiру анықталады. 5-суреттегi Form1 терезесiнде орналасқан Button1 батырмасы - компонент, оқиға - осы батырманы басу, ал оқиғаға сезiндiру - осы батырма басылғанда қандай амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етедi.

Объектiлер бақылаушысы екi бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдiң немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдiң мәнi немесе оқиғаны өңдейтiн iшкi программаның атауы орналасады.

Кестенiң кез келген жолын тышқанды сырт еткiзу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделi болуы мүмкiн. Қарапайымдарға бiр мәнмен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерiн қабылдай алатын және т.с.с. компоненттің қасиеттерi жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиетi бiр символдар жолымен, Enabled (қол жетерлiк)- True немесе False мәндерiмен, ал Heigh (биiктiгi) және Width (ұзындығы) нақты бiр сандық шамалармен анықталады.

Компоненттің күрделi қасиеттер құрамына бiрнеше мәндер тiзiмi кiредi. Олардың сол жағында “+“ белгiсi тұрады, мысалы

.

Осы тiзiмдi ашу үшiн “+” белгiсiн тышқанмен сырт еткiзсе жеткiлiктi. Тiзiмдi жабу амалы қасиеттiң “-“ белгiсiн басқанда орындалады.



Жолдың оң бағанасын сырт еткiзу арқылы қасиеттiң мәнiн шығаруға

болады, кейде шыққан көрiнiс келесi түрлерде де болуы мүмкiн:

Суреттегi бiрiншi көрiнiстегi “” белгiсiн басқанда қасиеттiң мәнiн анықтауға мүмкiндiк туғызатын сұқбаттасу терезесi шығады. Екiншi көрiнiстiң белгiсiн басқанда қарапайым қасиеттiң болуы мүмкiн мәндерiнiң тiзiмi ашылады.

Объектiлер бақылаушысы терезесiнiң жоғарғы жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар тiзiмi орналасып тұрады (7-сурет).




Объектiлер бақылаушысының терезесiн тышқанның оң батырмасымен сырт еткiзгенде локальды меню шығады. Меню құрамындағы бiрнеше опциялар терезенi икемдеуге мүмкiндiк туғызады, мысалы Stay on Top оциясы екпiндi болса, онда Объектiлер бақылаушысының терезесi әрқашанда басқа терезелердiң үстiнде орналасып тұрады.




      1. Программа кодының терезесі


Программа (немесе модуль) кодының терезесi программаның мәтiнiн құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтiн арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесiнде Pascal тiлiнiң ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тiлi қолданылады.

Delphi ортасы iске қосылғанда программа кодының терезесi Windows ортасының бос терезесiнiң бастапқы кодынан (яғни минималды қажеттi кодынан) тұрады.

Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.

Жобаны құру барысында осы кодқа қажеттi өзгерiстер енгiзiледi. Delphi ортасы unit Unit1 және implementation қатарларының аралығын өзгертiп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *.DFM} және end қатарлар аралығы болады.



Модуль деп программаның белгiлi бiр тәуелсiз бөлiгiн атайды. Жаңа форма құрылғанда жаңа модуль жасалады. Жалпы программа құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкiн. Delphi ортасы әр программаны компиляциялағанда кеңейтiлуi .PAS, .DFM және .DCU болатын файлдарды құрады. .PAS файлында программа кодының терезесiндегi мәтiн көшiрмесi, .DFM файлында форма терезесiнiң мазмұн анықтамасы, ал .DCU файлында алдыңғы екi файл мәтiнiнiң машина тiлiндегi аудармалары орналасады. DCU файлы компилятор жұмысының нәтижесi, ендi компоненті осы файлды өңдейдi, нәтижесiнде орындалатын немесе жүктелетiн .EXE файлы құрылады.

Пиктограммалық батырмалар

Пиктограммалық батырмалар арқылы негiзгi меню жүйесiнiң маңызды опцияларына тез арада қол жеткiзуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар келесі топқа бөлінеді: Standard, View , Debug, Custome, Desktops.



Бос форма Delphi ортасы жүктелгенде программа кодының терезесi Windows ортасының бос терезесiнiң бастапқы кодынан (яғни минималды қажеттi кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. File/New Application опцияларын таңдап, программаны iске қосуға болады.


      1. Delphi ортасының компоненттері

Delphi ортасының компоненттері программа орындалғандағы көрiнiстiң пiшiмiн анықтайтын бөлек элементтер ретiнде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрiнiспен жұмыс атқармайтын, яғни көрсеткiш емес көптеген маңызды компоненттері бар. Жалпы, дәлiрек айтсақ, құрауыш алдын-ала даярланған программаның үзiндiсi, оны қажет болғанда құрылып жатқан программаға ендiруге болады.

Delphi ортасының құрамына 200-дей компоненттер кiредi.

Delphi ортасының келесі парақтарының көрністері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет