Программалау тілі. Программа және оның құрылымы. Күні: 27. 10. 2015 ж. Сыныбы: 9



Дата08.09.2017
өлшемі69,22 Kb.
#30818
түріПрограмма
86 орта мектебі.

Ашық сабақ.

Тақырыбы: Программалау тілі. Программа және оның құрылымы.

Күні: 27.10.2015 ж.

Сыныбы: 9 А.

Пәні: Информатика.

Өткізген: Ш. Мұстафаева.

2015 – 2016 оқу жылы.

Күні: 27.10.2015 ж. Бектімен: ____________

Сыныбы: 9 А.
Сабақтың тақырыбы: Программалау тілі. Программа және оның

құрылымы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды Паскаль программалау тілінің терезесімен, оның құрылымымен және орындалу ретімен таныстырып, программада қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ.

Сабақ типі: жаңа білімді игеру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, слайд.

Сабақтың жоаспары:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  • Оқушыларды түгелдеу;

  • Оқушылардың құрал-жабдықтарын, оқулықтарын, сабаққа дайындығын қадағалау;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үй жұмысын сұрау. (І тарау бойынша өтілген тақырыптардың сұрақтарына жауап беру).

  2. Жаңа сабақты түсіндіру.

  3. Сабақты бекіту.

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Бағалау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй жұмысын сұрау.

  1. Алгоритм дегеніміз не?

Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

  1. Алгоритмнің қасиеттерін ата?

  1. Айқын, дәл өрнектелу қасиеті.

  2. Үзіктілік қасиеті.

  3. Нәтижелік қасиеті.

  4. Жалпылық немесе ортақтық қасиеті.

  5. Формальды орындалуы.

  1. Блок-схема дегеніміз не?

Блок-схема дегеніміз алгоритмнің арнайы бекітілген геометриялық фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.

  1. Алгоритмнің өрнектелу жолдарын қандай тілдер арқылы жазуға болады.

  1. Табиғи тіл арқылы жазу.

  2. Алгоритмдік тіл. Белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу.

  3. Графиктік түрде. Блок-схема арқылы жазу.

  4. Программалау тілінде жазу.

  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

  1. Тармақталу және циклдік алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмнің шартқа байланысты орындалуын тармақталу, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдерді циклдік алгоритм деп атаймыз.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоғары деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль. Оның ең алғашқы нұсқасын 1968-1971 жылдары Швейцария ғалымы Никлаус Вирт шығарған болатын. Бұл тіл бұрындары қолданыста жүрген Basic, QBasic, GWBasic тілдері сияқты оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық ақпараттармен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігінің арқасында тез тарады. Қазіргі кезде бұл тілдің кеңейтілген ондаған диалектісі бар.

Паскаль программасында жұмыс жасау үшін:

  1. Мой компьютер – Локальный диск С- ТР7 – Bin – turbo.exe

  2. Ашылған көк түсті терезеде программаны жазу.

  3. Run немесе Alt+F4 командасын орындау.

  4. Ашылған қара терезеде мәндер енгізіп, Enter басу.

  5. Debug – Output командасымен есептің шешуін қарау.

  6. File – Save командасымен есепті сақтау.

  7. File – Exit командасымен программадан шығу.


Паскаль тілінің алфавиті мынадай символдардан тұрады:



  • Атаулар (идентификатор);

  • Цифрлар;

  • Арнайы символдар;

  • Айыру белгілері.

    • Идентификатор – программалау процесінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілеулер. Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі және цифрлар атқарады.

    • Цифрлар ондық 0-ден 9-ға дейінгі таңбалар.

    • Арнайы символдарға арифметикалық және логикалық амалдардың белгілері қолданылады:

    • Арифметикалық амалдардың белгілері:

«+» - қосу;

«-» - азайту;

«*» - көбейту;

«/» - бөлу;

DIV – бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін табу);

MOD – қалдықты табу (бүтін сандарды бүтін санға бөлген кездегі бүтін қалдықты табу);

Логикалық амалдардың белгілері:

AND – және (логикалық көбейту) операциясы;

OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару);

XOR – арифметикалық немесе амалы;


    • Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Паскаль программасының құрылымы:

Program тақырып жолы

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

Begin


ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

End.

Мысалы: Екі бүтін санның қосындысын табу программасын құрайық.

Program esep;

Var a, b, c: integer;

Begin


Readln (b, c);

A:=b+c;


Writeln (‘a=’, a);

End.


  1. Сабақты бекіту. Берілген тапсырмаларды орындау.




  1. Паскаль тілі алгоритмді жазудың қай тіліне жатады.? Программалау.

  2. a=b+c өргенін қандай алгоритм түріне салып шығарады? Сызықтық

  3. Программалауда есептің басын және соңын қалай жазады? Begin, end


Информатикалық диктант.

  1. Паскаль тілін 1968-1971 жылдары ....................ғалымы ....................... ұсынған.

  2. Паскаль программасы құрылымы:

................ esep, тақырып жолы

Var a, b, c: integer: ……………….

………. Басы

Readln (b,c): ……………..

a:=b+c: есептеу жолы

Writeln (‘a=’, a): ..................



............... соңы.

  1. Ең алғашқы ........., .............. тілдері қолданылды.


5.Үйге тапсырма беру. Программалау тілі. Программа және оның құрылымы.

6. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет