Пұшық- мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітмантөбе, Ахайтөбе, Шөлтөбе



Дата16.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#191563
Байланысты:
Қаңлы ескерткіштері
вопросы зачет

Қаңлы ескерткіштері
Қаңлы мемлекеті біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қаңлылар қазақ халқының негізін құраған ең ежелгі тайпалардың бірі болып саналады. Тарихшы Бернштамның пікірінше олар түркі тілді халық болған. Қаңлылар ұлы жүз руының ең байырғы тайпасының бірі.

Қаңлы ескерткіштері - ежелгі қаңлы (кангюй) тайпалары билік етқен өңірлерде сақталған археологиялық ескерткіштер кешені. Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін қауыншы мәдениеті, Отырар-Қаратау мәдениеті, жетіасар мәдениетінен көруге болады.
Қауыншы мәдениеті

Кауыншы медениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылан заттармен байланысты, онын бірі Қауыншы қаласынын атымен


аталған. Бұл мадениеттің тарихи тұрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. І ғасыр
арасы. Қазақстан ғалымдары бұл медениетке Ташкент
айматына жақын орналасқан Шардара су койма-сынын
жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Актөбе І, Шаушықұм қалашықтарынын
орындары. Бұлардан керамикалык ыдыс-
аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылырына қажет құрал-жабдықтар мен
қару-жарақтар табылған.



Отырар-Қаратау мәдениеті

ОТЫРАР-ҚАРАТАУ МӘДЕНИЕТI – Оңт. Қазақстан өлкелерiн мекендеген қаңлы тайпаларының көне мәдениетi (б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы). Қалалар мен қоныстар, зираттар жақсы зерттелген.Ескерткiштердiң негiзгi тараған аумағы Сырдарияның орта ағысын қамтиды. біршама шағын аумақта көлемі әр түрлі жиырма шақты томпақ төбелердің қалдықтары жатыр. Солардың қатарында Пұшық- Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітмантөбе, Ахайтөбе, Шөлтөбе және басқалары бар. Аса iрi ескерткiштерiнiң бiрi – Көкмардан. О.-Қ. м. қалаларының үйлерi ерте кезеңнен-ақ кварталдық жүйемен тұрғызылған. Әдетте 4–6 үй бiр кварталды құрайды. Құнды ерекшелiктерге қыш ыдыстарға салынған 100-ге тарта таңба-белгiлер жатады. Бiр ерекшелiгi, мұнда қазақтың үш жүзiне де кiретiн ру-тайпалардың таңбалары бар. О.-Қ. м. тайпалары мал ш-мен бiрге жоғары дамыған егiншiлiк бағытты ұстанған, ұсталық және зергерлiк қолөнер жақсы дамыған.



Көкмардан - Қаланың негізі ежелгі Кангюй мемлекеті кезінде қаланған. Халық егіншілікпен айналысып, дамыған суландыру жүйесін ұйымдастырды. Көк мардан қаласына арықтар қазылған. Қаңлылар қолөнермен айналысып, әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, егіншілік пен айналысқан. Қала орталықтарының дәнді дақылдардың қалдықтары, жемістің дән - сүйектері табылды. Қазіргі таңда елді мекен Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген.





КӨКМАРДАН - ЕЖЕЛГІ ҚАЛАШЫҚ





бұйымдар
Жетіасар мәдениет

Жетіасар мәдениеті — (б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасы — б.з. 9 ғ-дың басы) Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы, оның ескі арнасы Қуаңдарияның бойында орналасқан көне ескерткіштер тобының жиынтық атауы.


Бұл ескерткіштердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір мәдениетке топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалының атымен Жетіасар мәдениеті деп атаған. Отырар — Қаратау мәдениетінің тайпаларымен екі арада өрбіген. Әр топтың аумағында өз суландыру жүйелері болған. Қалалар орны ауданы 0,5 — 10 га, биіктігі 8 — 20 м дөңгелек немесе сопақша пішіндес екі қабатты төбелер түрінде сақталған. Үстіңгі қабаттағы құрылыстар қаланың орталығы қызметін атқарған, мұның үш (кейде төрт) жағын айнала төменгі қабаттың үйлері орналасқан. Барлық қалаларда берік қорғаныс дуалдары болған. Сонымен қатар, кейбір қалаларда биік мұнаралар, қабырға үстімен айнала өтетін дәліздер де бар. Құрылысқа пахса кесінділері мен шикі керпіш қолданылған

Жетіасар тайпалары шаруашылықтың барлық түрлерімен (егіншілік, мал өсіру, балық және аң аулау) дерлік айналысқан. Сиыр, жылқы және түйелердің сүйектерін сындырып, үй салған кезде құрылыс материалдары ретінде пайдаланған. Қазба кезінде табылған қасқыр, киік, қарақұйрық, қояндардың, т.б. жабайы аңдардың сүйектері — аңшылық кәсіптің, ал әр түрлі балықтардың сүйектері мен ауға арналған салмақтастар балық аулаудың да елеулі орын алғандығын көрсетеді. Табылған дән үгіткіш тастар, қыш ыдыстарының түбінде сақталған бидайдың күріш және арпаның қалдықтары, қоныстардың айналасындағы көне су жүйелерінің іздері егіншіліктің басты орын алғанын байқатады


жасаған: Ержанқызы Сымбат

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет