Психиатриялықкөмек



бет20/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
псих барлығы
6,7,8 псих документтегі, доклад оз 3003 (2) (1) (копия), кариесогенді жағдай, 1 ГИ,заттар,жіктелуі, тапсырма 2 Внутренние болезни Берикбай Бауыржан, Лекция 2 Рецепт, Нұрланұлы Арман, Биостатистика-МПД.рус, 8, 4-019 жм Әбілқасым Назерке инф, Карл Ландштейнер, реферат, 3191534219, Лекция 6
Парафренді синдромы- фантастикалық сандырақ синдромы. Ол созылмалы және жедел түрде болады, сандырақ түзілуінің соңғы сатысы болып табылады және психикалық функцияның ауыр бұзылысына сәйкес келеді. Созылмалы түрінде біртіндеп, ақыл кемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.Сандырақтық идеялар оғаштықпен, гротескілікпен ерекшеленеді.
Парафренді сандырақтың бір түрі-депрессиялық науқастарда дамитын ипохондриялық Котар сандырағы.Бұл мәңгі өмір сүру, мәңгі қорлық көру немесе сыртқы әлемді жоққа шығарумен фантастикалық ипохондриялық сандырақ түрінде көрінеді.
Ұстамалар


Ұстамалар – кенет дамитын, қысқа уақыттық, қайталануға бейім, сана бұзылыстарымен,тырысулармен н/е басқа да еріксіз қозғалыстармен және вазовегативті реакциялармен көрінетін ұстамалар.
Үлкен эпилепсиялық ұстама – бір сәтте сананың толық жлғалуымен және кенеттен құлаумен жүретін генерализацияланған тырысулық ұстамалар. Ұстама алдын да бірнеше сағат бұрын н/е бір екі күн бұрын жалпы әлсіздік, бастағы ауырлық сезімі, көңіл күй өзгерісі, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі тәрізді белгілері болады . Кейде ұстама алдында аура болуы мүмкін. Аура сенсорлы болуы мүмкін, ол ауаның жеңіл қозғалысы, желдің есуі, галлюцинаторлы бейнелерді қабылдау, психо сенсорлы, дереализациялық ж/е деперсонизациялық бұзылыстармен жүреді. Моторлы болса, бұл кезде стереотипті автоматтандырылған қозғалыстар көрінеді, вегетативті болса, вазомоторлы және секреторлы бұзылыстармен көрінеді. Психикалық болса, аффективті, сандырақтық ж/е басқа көріністермен бірге күрделі күйзелістермен өтеді. Аура сананың ерекше жағдайларына жатады, бұл кезде науқас жағдайды ішінара түсінеді, өзінің іс әрекетін бақылай алады. Мыс, құлап бара жатып денесін жарақаттамас үшін жата қалу. Аура бірнеше сек соз, ешқашан ұмытылмайды. Тоникалық фазасында, науқас «шалынған тәрізді құлайды, дене керіледі, қол аяғы жазылады,кеуде қуысынан , спазмдалған дыбыс тесігінен ауа күшпен шығады да, ұстаманың басында, осындай науқастарға тән айқай естіледі. Ауыз бірнеше сек ашық болып, тістері сықылдап, тілі мен ұрты шайналады, көздері аларып, айналады. Бұл фаза 15-30 сек созылады. КЛоникалық фазасында, 20-40 сек соз, бұлшықет жиырылуы босаңсып, науқас «ұрылып», «соғылады». Ауыздан сілекей көбіктеніп шығады, кейде қанға болып, алқызыл түсті болады. Еріксіз несеп, нәжіс, ұрық шығару болады. Барлық кезең бойында науқас дем алмайды. Терісі бозарудан қою көк , қара көк түске ауысады. Құрысу аяқталғаннан кейін бірнеше минутқа дейінгі комотозды жағдай бақыланады, артынан жиі ұйқы жағдайына ауыатын есеңгіреу жағдайы бақыланады. Не болғаны есте қалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет