Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары


Психологиялық дамуының тежелуі бар оқушылармен жұмыс түрлері



бет2/7
Дата13.10.2023
өлшемі61,83 Kb.
#185305
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары
Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org, Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық мінездемесі, Zdorove-detej-i-podrostkov (1) (1), Физиологическое развитие школьников. МУ по организации самостоятельной работы обучающихся (СРО и СРОП), Состояние здоровья детей
Психологиялық дамуының тежелуі бар оқушылармен жұмыс түрлері
Психологиялық дамуының тежелуі бар балалармен жүргізілетін психологиялық түзету дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:

  1. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

  2. Шаршамауын қадағалау;

  3. Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту

  4. Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;

  5. Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;

  6. Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;

  7. Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Мамандардың оқыту түзету үдерісінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады.
Білім беру мекемесінде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет.
Психолог, сынып жетекшісі, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өзіне деген сенімділігін арттыра отырып, танымдық үдерістерін түзете дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді. Баланың танымдық үдерістерінің бірі – зейінін қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады.
Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының зейінін қалыптастыруға үнемі көңіл бөліп отырған. Адамның ақыл ойын, зейінін, қабілетін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған. Оқу тәрбие үрдісінде мұғалім баланың мұң-мұқтажына, көңіл-күйіне, денсаулығына сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыруы тиіс. Өйткені, бала зейінінің, ой-өрісінің өсуі мұғалімдер үшін аса қажетті нысан.
Зейінді дербес психикалық үрдіске жатқызуға болмайды. Зейін адам санасының барлық жақтарымен қосақтасып, оның психикасын белгілі бір нысанға бағыттап жинақтайды. Зейіннің басты бір қасиеті оның – тұрақтылығы. Сабақ үстінде баланың зейінін белгілі бір әрекетке ғана шоғырландырып, оны үнемі тұрақты етуге, ол үшін алаңдатушы тітіргендіргіштермен күресе білу шарт. Зейін әсіресе, жас балаларда шашыраңқы келеді. Өйткені, олардың сыртқы тітіргендіргіштерге әсерленгіш тізгіні күшті. Шашыраңқылық өз ойымен әлек болу, қолайсыз эмоциялық күй бала зейінін ауытқытып, түрлі нәрселерге әсерлендіреді.
Бала зейінін тәрбиелеуге көмектесу қажет. Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
Психологиялық дамуының тежелуі бар оқушылардың зейінін түзете дамыту жұмыстарында төмендегі мәселелерге көңіл бөлген жөн:

  • баланың қоршаған ортаға бейімделуі;

  • мінез-құлық ерекшеліктері;

  • өз-өзін төмен бағалауы;

  • қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы;

  • өз күшіне деген сенімсіздігі;

  • белсенділігі төмен.

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоциялық еркіндікті, топта бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткізу керек. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте күрделі үдеріс.
Қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін балалар, біріншіден ұжымға бейімделуінде, білімді меңгеруінде кедергі болады. Сол себептен танысу, қарым-қатынас орнатуға арналған «Көңіл-күйімізді жаттықтыру», «Кім екенін тап», «Көпір», «Ауызша волейбол» т.б. жаттығу өткізу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет