Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары



бет5/7
Дата13.10.2023
өлшемі61,83 Kb.
#185305
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары
Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org, Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық мінездемесі, Zdorove-detej-i-podrostkov (1) (1), Физиологическое развитие школьников. МУ по организации самостоятельной работы обучающихся (СРО и СРОП), Состояние здоровья детей
«Анаграмманы шеш!» жаттығуы
Сөздегі әріптердің орны ауыстырылады. Жеңілінен бастауға болады. Арнайы ТДО сыныбы оқушыларына тапсырма жеңілдетіп беріледі. Мысалы, жемістер, көкөністер т.б. тақырыппен беріледі.
«Сөз ойла, тез ойла!» жаттығуы.
Бес дыбыстан құралатын, үшінші әрпі «Л» болатын, Не? Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді ойлауға тапсырма беріледі. Ортасындағы әріптерді өзгерте беруге болады.



Л



Мысалы торкөздерді мынадай сөздермен толтырады: талап, құлан, шалап, жолақ, халат, далап, құлын, келін, жалын, тулақ, салақ, рулон, кулон, балақ, талақ, сылақ, салық, талма, жұлын, галош, салым, қалам, ғалам, ғалым, ғылым, қалқа, қалта, салат, долма, малта, шелек, сулық, белок, тұлып, желім, залым т.б.
Оқушылар сөздерді ойламаған жағдайда жоғарыдағыдай сөздер құрауға болатыны айтылып, әр сөздің мағынас ы түсіндіріледі.
«Шетелдік» жаттығуы.
Баларға бірнеше сөздер қатары беріледі.
Нұсқау: Шетелден қонақ келді. Қазақша онша жақсы түсінбейді. Ол сенен төмендегідей сөздерді түсіндіріп беруін, оның не екенін, қайда қолдануға болатынын, қандай материалдан жасауға болатынын түсіндіріп беруді өтінеді. Сен қалай жауап бересің?
Берілетін сөздер: сыпырғыш, блокнот, зергер, шекпен,
қалшылдау түйіндеу, үшкіру, дем беру, қаусыру.
Бағалау:
0 балл – сөздің мағынасын түсінбейді.
1 балл – сөздің мағынасын біліп тұр, бірақ сөзбен түсіндіріп бере алмайды.
1,5 балл – сөзбен түсіндіріп айтып береді.
2 балл - ғылыми анықтамаға жақындатып айтып береді.
«Оқиғаның бірізділігін құр!» жаттығуы.
Оқушыларға мазмұнды суреттер сериясы бар суреттер беріледі. Олар оқиғаның басы, ортасы, аяғы қайсы екенін тауып, әңгіме құрастырады. Мысалы: «Аяз ата», «Бағбан», «Портрет» т.б. суреттер топтамалары беріледі. Бұл жаттығу ойлауы мен байланыстырып сөйлеуін дамытады. Жаттығуды мәтін арқылы беруге де болады. Мәтіндегі орны ауыстырылған сөйлемдерді мазмұны бойынша қойып шығу тапсырылады.
«Қолдану» жаттығуы.
Оқушыларға таныс нәрсе көрсетіледі. Олар бұл нәрсені түрлі тәсілдермен қайда қолдануға болатынын табады. Мысалы: «Кірпіш тас», «Газет», т.б.
«Белгісін тап» жаттығуы.
Оқушыларға үш-төрт сөз беріледі. Мысалы: АЛМА, СИЫР, ТҮН. Осы сөздердің бір белгісін табуға тапсырма беріледі. (Алма - тәтті, сиыр – сүтті, түн – қараңғы). Оқушылар жаттыққан соң екі, үш белгісін таптыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет