Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары


Қиялды дамытуға арналған жаттығулар



бет3/7
Дата13.10.2023
өлшемі61,83 Kb.
#185305
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары
Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org, Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық мінездемесі, Zdorove-detej-i-podrostkov (1) (1), Физиологическое развитие школьников. МУ по организации самостоятельной работы обучающихся (СРО и СРОП), Состояние здоровья детей
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар
Тренинг тақырыбы «Дауысынан таны»
Мақсаты: Еркін зейін салу қабілетін дамыту
Жүргізуші: Орманда адасып қалмау үшін, біз бір-біріміздің дауысымызды жақсы білеміз бе, соны тексерейік. Балалар шеңбер құрып тұрады, шеңберді жүргізуші теріс қарайды. Барлығы ыңылдап ән салады: «Әлия, сен қазір ормандасың, біз саған «Ауу» деп айқайлап жатырмыз. Көздеріңді қатты жұмып, сені кім шақырғанын айт». Ойыншылардың бірі жүргізушінің есімін атайды, жүргізуші оны танып, оның кім екенін айтады. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады.
Тақырыбы: «Төртінші артық» әдістемесі
Мақсаты: маңызды белгілерін бөліп көрсете білуін диагностикалау.
Көрнекілігі: ән әуені, әр түрлі белгілері бар сурет үлестірмелер
Түрі: әдістеме.
Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс.
Жүрісі: тәжірибе жеке жүргізіледі. Тәжірибені жүргізуге үлестірме дайындалады, үлестірмеге белгілері ортақ 3 заттың суреті салынады, ал төртінші зат артық болады. Бала осы 4 заттың ішінен белгісі ортақ 3 затты бөліп алып, артық затты алып тастауы керек. Үш зат табиғатынан өзара ұқсас, ортақ белгілеріне қарап оларға бір атау беруге болады, ал төртінші зат артық.
Қорытынды: оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту.
Оқушылардың ырықты есін зерттеуге арналған жаттығу
Мақсаты: ерік-күшін жұмсай отырып еске түсіруін дамыту
Жүру барысы: ол үшін 25 түрлі-түсті суреттің әрбірін 3 секундтан оқушыларға көрсетіп шығамыз. Содан кейін қандай суреттер есіне қалғанын сұраймыз. 7 жасар бала 8 суретті есіне сақтауы тиіс. 10 сөзбен зерттеу. Жаттауға 10 сөз айтылады. Мысалы: Дәптер, трактор, алма, жаз, гүл, апа, кілем, теледидар, бота, мектеп. Осындай 10 сөзден кем дегенде 4 сөз есінде қалуы тиіс. 8 суретті, 4 сөзді айта алса ырықты есі жақсы деген сөз.
Жоғарыда айтылған міндеттерімізді негізге ала отырып, психологиялық-педагогикалық түзеу жұмыстары мынадай қағидаларға сүйенеді:
— баланы жан-жақты, жеке тұлға ретінде зерттеу;
шаршағандығын ескеру;
— оқу дағдыларын ойын түрінде ұйымдастыру және сол ойын арқылы
тапсырмаларды орындау, кеңістікті бағдарлау, т.б.
— мектеп өміріне, тәрбие сағаттарына қатыстыру;
— оқытуды арнайы әдістемелер арқылы ұйымдастыру;
— оқушының жылдық психодиагностикасының деңгейін бақылау.
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Қорыта айтқанда қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет ететінін ескеріп, жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сөзіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет