Психолингвистикалық аспект 10. 02. 02


Жіктеу есімдіктерімен сыйыстыруға мысал



бет2/3
Дата20.06.2018
өлшемі419 Kb.
#43630
түріАвтореферат
1   2   3

Жіктеу есімдіктерімен сыйыстыруға мысал:

Әй, қайдам, шырағым. Сүйекке сіңген әдет сүйекпен кетеді де. Бірақ біз қараңғы наданбыз. Алдағы күнді сендер білесіңдер де (А.Нұрманов).

Көпше түрдегі біз есімдігінің о бастан-ақ көптік мәнде жұмсалғандығы жөнінде пікірлер бар. Бұл тұр-ғыда біз жіктеу есімдігінің тарихи даму кезеңінде сөз мағынасының кеңеюі сияқты үдерістен өтіп, көптеген адамдарды да көрсете алатын дәрежеге жеткендігі белгілі. Әуелгі жұптық мағынадағы сөз кейін келе көптік мағынадағы сөздер қатарына ойысқан. Ал ІІ жақ жіктеу есімдігінің сыйыстыру амалына ұйытқы болуы олардың құрамындағы -лар көптік жалғауының функциясынан байқалады.

Сілтеу есімдіктерімен сыйыстыруға мысал:

Естідің ғой әлгінде. Елу жігіт. Қара мылтық. Көк найза. Ақ сауыт. Көк кіреуке. Солар сенің жыр-тық шидем, жалаңаш кеудеңе, дырау қамшы, тал құрығыңа төтеп бере алмас (С.Сматаев). Осындағы есімдіктің де сыйыстыру амалына негіз болуына себеп – (-лар) көптік жалғауы. Сілтеу есімдіктері арасынан синтаксистік сыйыстыруға ұйытқы болатындары – сол, бұл, осы, мына, ана дегендері ғана. Ал анау, сонау, түу, осынау, міне, мынау, сона дегендері көптелмейтін болғандықтан, сыйыстыру қызметіне ие болу мүм-кіндігі жоқ.

Жалпылау есімдіктерімен сыйыстыру. Есімдіктің бұл мағыналық түрі өзгелерінен о бастан-ақ жи-нақтап атау қызметінің барлығымен ерекшеленеді. Бұл ретте ол арнайы көптік мәнді қосымшаны қажет етпейді де. Мысалы, Бәрінің де бөріктері қолында, қолтығында (М.Әуезов) сөйлеміндегі есімдіктің аста-рында топтасатын зат, құбылыстарды коммуникативтік мақсаттағы ортақ бақылаушылық механизмі ретінде контекст пен жағдаят белгілеп береді.

2.5 Пресуппозицияның сыйыстырушылық мәні. Коммуникативтік мақсатты атқарған кез келген сөйлем түрін норма десек, пресуппозицияны сөйлесім әрекетінің сол мақсатқа сай қалыптасқан түрі деп қа-раған жөн.

Пресуппозиция (лат. prae – алдында, алда+suppositio – ойлаймын, болжаймын) – сөйлем мағынасының шын мәніндегі нағыз компоненті, оның көмегімен сөйлем семантикалық жағынан қалыпты, сол контекст бойынша дұрыс, орынды деп танылады [11, 292-б.]. Пресуппозицияның ойды қалай ықшамдайтындығы им-плицитті сөйлемдерге қатысты болғандықтан, бұған түсінік бере кетейік. Бұл: «Ойды астарлап, тұспалдап жеткізу жиі кездесетін сөйлем түрі импликатура арқылы жүзеге асады. Имплицитті сөйлем сыпайылық ере-жесімен де байланысты. Жанама сөйлеу актілері тыңдаушыны қиын, ыңғайсыз жағдайда қалдырмайды, керісінше, өтініш немесе ұсыныс білдіру арқылы іс-әрекетке итереді. Өтінішті орындау немесе орындамау, ұсынысты қабылдау немесе қабылдамау адресаттың факторына (жас шамасы, білім деңгейі, әлеуметтік ор-тасы т.б.), психикалық жағдайына (ерік-жігері, мінез-құлқы, көңіл-күйі) байланысты» [12, 6-б.]. Демек, пре-суппозиция ұғымына синтаксистік құрылыстағы хабар арқылы қабылданатын қосымша мазмұндардың жиынтығы кіреді. Бұл турасында З. Ерназарова сөйлеу актісін зерттеушілердің сөйлеуші, тыңдаушы, пропо-зициялық мазмұн сияқты көрсеткіштері бар мақсатты әрекет деп қарайтындығын айтады [13, 27-б.].

Адресант адресаттың ойы мен көзқарасын білу мүмкіндігіне сұрақ қою тәсілі арқылы да қол жеткізе алады. Мәселен, бұйыру хабарының сұраулық интонациямен кодталуына әлеуметтік перцепция ықпал етеді. Яғни психикалық жақтан тосқауылдарға кезіккен сөйлеуші өз интенциясын қатысымдық тұлға қыз-метіндегі сөйлемнің «өңін айналдырып» беруге мәжбүр болады.

Айттым ғой жақсы деп. Бара ғой, мойнынан құшақта.



Мені атына мінгізе ме? (С.Сматаев). Анықтап қарайтын болсақ, импликатурада «Мені атына мін-гізсін (мінгізсінші)» тәрізді жасырын кодталған бұйрық мәнді жанама мазмұн бар. Хабарды осылайша беру сыпайыгершілікпен шектесіп, ықпалдасу мүмкіндігін аттырады, яғни бұйрық, тілек «жұмсақ» түрде жеткізі-ліп, экспрессивтік сипаты кеңейеді де, адресатты қабыл қылуға, келісуге итермелейді. Мұнда интенцияның коммуникативтік мақсатқа жету жолындағы қолданылатын «стратегиялық қадамдар» немесе амалдар екен-дігі және бір нақтыланып отыр. Импликатурада сұрау есімдіктері де белсенді:

Былай бас!



Қайда барасың? Балаң жыламақ түгіл, шегі үзілсе де, тырп етші қане? (С.Сматаев). Мұндағы айырма сыпайы бұйыру емес, өктем бұйыруда. Адресаттың ерік-жігеріне қарай жасалатын мұндай импли-катуралар да әлеуметтік перцепцияға негізделетіндіктен, сөйлемде сұраққа жауап алудан гөрі талап ету («ешқайда бармайсың! Тырп етпейсің!») ниеті басым. Сұраулық шылау, есімдік қатысқан енді бір импли-катуралар бұйыру, өтіну мәнінде келмей, адресанттың ойын, пікірін білдіру мақсатын да көздейді.

Риторикалық сұрау мәніндегі имплицитті сөйлемдерден басқа, қосымша ақпарат беретін, контекст пен жағдаятқа байланысты сандаған пропозицияларды қамтып жататын мазмұнға бай ерекше сөйлемдердің бір түрі – мақал-мәтелдер. Бұлармен берілетін ақпаратқа интерпретация жасау – қарапайым іс емес. Себебі олар – ділдік тәжірибенің жемісі, сондықтан ондағы ақпарат үнемі сол ұлт дүниетанымына сәйкес кодталып оты-рылады, тіпті, жағдаяттағы мазмұн ыңғайына қарай икемделіп жұмсалатын «ақпараттық код» десе де болады. Бұл оқиғалардың бәрінен де ада мерген қамыс лашық ішінде, көзі жұмулы болса да, көңілі ояу, шал-қасынан жатты да қойды. Өзгелерге дүрдиіп дөңайбат жасағанмен, «бөрі арығын білгізбес, сыртқа ж-үнін қампайтардың» кебі мұның өз басында да бар (А.Құрманов). Паремиологияның (асты сызылған) контекст пен жағдаят арқылы анықталатын имплицитті мағынасы іштей бірнеше пропозициялардан құрал-ған: 1. Мергеннің көңілінде қандай да бір алаң бар. 2. Ол туралы ешкімге айтпайды. Қабылдауда, осы-лайша, мақал-мәтелдердегі абстрактілі мағына конкретті мағынаға ұласады. Мақал-мәтелдердегі импли-цитті мағынаны түсіну аялық білімге қатысты. Талданған мысалдағы сөздердің тура мағынасының контекст пен жағдаятқа қатысы болмаса да, адресат ретінде пропозицияларды нақтылағандығымыз – олар арқылы кодталған импликатураның ой-тұжырымын танығандығымыз.

Сонда, пресуппозиция – синтаксистік құрылыста арнайы түрде көзге көрінбейтін қосымша немесе қос-алқы ақпараттың тұруымен түсіндірілетін астарлы мазмұн. Ал импликатуралар – осы астарлы мазмұнның берілу тәсілі де, пропозиция – ақпараттық синтагма.

Пресуппозиция кез келген сөйлемнен де байқалуы мүмкін. Бұл үшін сөйлем өз құрылысындағы қаты-сымдық тұлғалар беретін хабардан тыс және бір қосымша хабарды кодтай алатындай сипатта болуға тиіс. Оның үнемдеудегі мәні де осында. Жүргіншілер үстеріндегі шапан, шекпендерін шешіп, артына бөктеріп алды (С.Сматаев). Пропозициялары: жүргіншілер тоқтап тұр, жүргіншілер шапандарын шешті, жүр-гіншілер шекпендерін шешті, шапандары үстерінде болған, шекпендері үстерінде болған, жүргіншілердің аттары бар, аттары ерттеулі, шапандарын бөктеріп алды, шекпендерін бөктеріп алды, арттарына бөк-теріп алды, жүргіншілер далада, күн ысыды, алдында салқын болған, жүргіншілер бір жаққа бара жатыр. Асты сызылған пропозициялардың мазмұны психологиялық тұрғыдан сөйлеммен қоса қабат қабылданады. Себебі, шын мәнінде, бұл пропозициялардың мазмұны сөйлемдегі негізгі хабармен параллель кодталған. Пресуппозициядағы синтаксистік құрылысқа толымсыздықты міндеттеуге келмейді. Мұнда ықшамдау ақпарат ауқымдылығынан көрінеді.

Орыс тіл білімінде пресуппозицияның сөйлеуде екі түрде (эксплицитті және имплицитті) көрініс бере-тіндігіне назар аударылады. Әйтсе де бұл екі түрді тұтас бір нәрсенің екі жағы деп түсінген қисынды. Сөй-лемнің импликатура екені ондағы астарлы мазмұнның болуымен танылса, экспликация – сөйлемнің сыртқы көрінісі. Имплицит – көмес, эксплицит көрінеу болады.

2.6 Шартты рай тұлғалы күрделі құрылымның эллипсистенуі жайында. Шартты рай формасының үнемі жіктеліп жұмсалуы оның ықшамдалуына себеп болатындай, өйткені жақ жағынан қиысуы арқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарындағы бастауыш белгілі болады да, келесі сыңарындағы әрекет иесінің көп жағдайда өзге субъект екендігі ажыратылып тұрады. Т. Сайрамбаев шартты рай тұлғасымен аяқталатын сөйлемдерге мысал келтіре отырып: «Сөйлессе, кетсе, құрылса тұлғалы баяндауыштар, негізінде, сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалуы тиіс болуы керек еді, енді ондай тұлғалы баяндауыштар жай сөйлемнің жеке баяндауышы ретінде жұмсалуы, біріншіден, құрмалас сөйлемдегі тілдік экономияның әсері арқылы құралса, екіншіден, ондай тұлғалы сөздерге екпіннің түсуі арқылы да сөйлемді тиянақтау процесінің пайда болғандығын көруге болады. Үшіншіден, мұны баяндауыштық тұлғада (жай сөйлемнің баяндауышы ретінде) да өзіндік бір жаңа көрініс деп білуіміз керек», – дейді [14, 116-б.]. Осы тұлғалы сөздердің сөйлемді тиянақтау қасиетіне ие болуына екпіннің түсуі де әсер етеді, ал екпіннің шартты райлы сөзге тиянақталу нәтижесінен барып түсетіндігін жоққа шығармау керек.

Бір жағдайларда эллипстенген келесі сыңар іргелес сөйлемдерден көрінеді:

Күзге қарай сайлау болса… жақсы, бар, – деді ол сөзін тауыспай.

«Қолдан келгенін аямаспын» дегені ғой, – деп күмілжіді де Жол кеңседен шығып кетті (Х.Есенжанов). Қалай деген күнде де, осындай жай сөйлемдерден кейін қандай да бір жасырын ой жалғастығы бар екендігі белгілі болып тұрады. «Менің жасым үлкен болса, сен…» (З.Ақышев) сияқты сөйлемде күрделі құрылымның тілдік ықшамдалуға түсуі тіпті айқынырақ.

Баяндауыш мүшенің шартты рай тұлғасында келуі, біріншіден, сөйлемнің ерекше интонацияға ие болып, мұнымен ой бітпейтіндігі жөнінде мәлімет беру қабілетін арттырса, екіншіден, ол ойдың ауанына сол экспрессивтілік негізінде аңғарылатын логикалық мағыналар арқылы болжам жасауға мүмкіндік туғызады. Ал шартты рай тұлғасы логикалық жақтан үнемі динамикалы келеді де, етістіктердің құрамына кіре отырып, оларға да сондай динамикалық сипат үстейді. Мұнан сөйлеу үдерістері мен оның қабылдануындағы сыр-сипатын анықтауда тіл білімі мен психология ғылымының қиындасып жататындығы келіп шығады. Сөйлемді аяқтайтын сыңайлар адам психикасын айқын бейнелеу үшін жұмсалады. Тілек пен аңсар арманды білдіретін Қорам толған мал болса, мен уайым-қайғысыз жатсам сияқты сөйлемдердің туындатылу грамматикасын (порождающая грамматика, грамматика порождения) қарасақ, былайша трансформациялауға болады: Қорам малға толса екен, ... жатсам екен. Демек, бұл жерде сөзбен жалғастырудың қажеті жоқ десе де болады. Себебі ол жалғастық адресат пен адресанттың ішкі санасында бар.

Үшінші бөлім – «Тағатталған сөйлемдердің ақпараттық ауқымы» – үш тараушадан тұрады.

3.1 Сөз жұту. «Тағат» сөзінің «Қазақ тілінің сөздігінде» «шыдам, төзім, сабыр» деген мағыналарда қолданылатындығы айтылған [15, 607-б.]. Біз мұның концептуалдық метафора (мұның ғылыми стильде терминдік мәнде де қолданылатыны белгілі) бола алу мүмкіндігіне орай сөз еткелі отырған сөйлемдердің ақпараттық ауқымын ескере келе, оларды «аяқталмаған» деп емес, «тағатталған сөйлемдер» деп атауды мақұл көрдік. Себебі мұндай сөйлемдер – шынында, құрылымдық және интонациялық шегі жағынан аяқталмаған тәрізді болғанымен, хабарды ойсыратпай жеткізетін, қатысым мүддесіне қажетті сөздерді қамтыған, бір сөзбен айтқанда, «діттеген межеге жетіп, тағатын тапқан» сөйлемдер.

Жарыққа шыққан сөйлемнің бойындағы ойдың ешбір бұзылуына соқтырмайтын жағдайда ғана үнемдеу үдерісіне жол беріледі. Бұл үшін интенцияның ойсырамауы – басты шарт. Өйткені сөйлеудің өзі белгілі бір мақсатқа байланысты болады (сұрау, жауап беру, тілек, тыйым, рұқсат, өкіну, құттықтау, қоштау т.с.с.). Айтушы ниеті мен берілмек мағына қатынасының сөйлеу әрекетінің көптеген сырын ашуда маңызы зор. Бұл ретте сөйлеушінің ниеті айтылған сөзден байқалып тұрады (бір сөзбен берілсе де). Сөйлеу тіліндегі қайсыбір формалық олқылықтың себебі мен қабылдануындағы мазмұн толымдылығы сипатын ашуда сөйлеу ниетін айқындаудың пайдасы көп.

Қазақ тіл білімінде әлі де болса тілші-ғалымдардың зерттеу нысанынан қалыс қалып жатқан құбылыстары бар. Солардың бірі – апозиопезистер немесе сөз жұту. Олай дейтініміз, орыс тіл білімінде М.Ю. Тихонова, Н.З. Чурилова, А.Э.Хмелевский, А.А. Цойдың еңбектерінде едәуір қарастырылған. Бұл жайында А.П. Сковородниковтың еңбегінен көруге болады. Ғалымның ойынша, мұндағы «жұтылудың» фактісі – айтылудың, яғни сөйлеудің, атрибуты, тілге тән емес. Мұндай сөйлемдердің құрылымдық және интонациялық жағынан тағатталған болып келетіндігі, эллипсистенген сөйлемдерден интонация тиянақсыздығымен және құрылымдық шегінің (ограничение) болмауымен ажыратылады [16, 88-б.]. Ал бізде бұл мәселе қолға алынбай келеді, аздаған мәліметтер ғана ұшырасады.

Үнемдеу үдерісінен келіп туатын сөз жұту жеке адамның психикалық жай-күйіне байланысты. Сол себепті көрнекі бақылауға алу қиын. Алайда мәтінтүзім үдерісі тұрғысынан қарасақ, бұл құбылыс – бақылауға келетін құбылыс. Мәтін сипатын ашуға қажет құбылыс. Д. Алкебаева мәтін мен дискурста апозиопезис сияқты тағатталған сөйлемдердің синтаксистік компоненттері түгел қатысқан сөйлемдерден коммуникативті-прагматикалық және эстетикалық бағдары еш кем түспейтіндігіне баса назар аударған [17, 20-б.]. Апозиопезистің тағы бір ерекшелігі ретінде адам психологиясына тікелей байланыстылығы, адам санасына ықпал еткен хабардағы тілдік сигналдар оның жеке физиологиялық болмысынан тежегіш күштерге ие болатындығы көрсетіледі. Осыдан келіп сөз жұту мәтін лингвистикасымен, контекстологиямен, психолингвистикамен астасады. Өйткені сөйлеудің өзі психолингвистикада сөйлеу ниетінен мәтінге көшу үдерісінің жиынтығынан барып жарыққа шығатыны белгілі. «Сөзінің аяғын жұтып қойды» деген бейнелі сөз көркем шығарма тілінде, ауызекі тілде болсын молынан кездеседі. Осыған байланысты біз тілдік қолданыстағы «сөз жұтудың» мазмұнына сөйлем, тұтас суреттің де сыятындығын ескеріп, орыс тіл біліміндегі «недоговорение», «усечение» дегеннің орнына өз тіліміздегі жатық, дайын тіркесті қолданып отырмыз. Оның үстіне бұл тіркестің де концептуалдық метафора болатын мүмкіндігі бар екеніне зейін қойып отырмыз.

Сөйлеу айтылатын хабардың мазмұнын алдын ала бағдарлаудан бастап оны тілдік рәсімдеуге дейінгі операцияларды да қамтиды. Айтушы хабарды жарыққа шығару үшін, ең алдымен, ниеттенеді, хабарды іштей сарапқа салып, ойша қайталап өткендей болады да, дәл сол сәттегі психологиялық жай-күйге байланысты дұрыс деп тапқанын дыбыс не жазу арқылы өрнектейді, ал мақұлданбағанын (артық деп тапқанын) бүгіп қалады, нақтылай айтқанда, сөзін жұтады. Синтаксистегі түрлі құрылымдардағы формалық олқылықты сөз жұту деп тану үшін оның сол мезеттегі психологиялық жай-күйге (қорқу, толқу, күмәндылық немесе сенімсіздік тәрізді) қатыстылығын ескеруге тиіспіз. Сондай-ақ алғашқы ой мағыналармен сәйкес келе бермейді, демек, ойды сыртқа шығару үшін белгілі мағыналар конструкциясын табу қажет. Осыған байланысты көрнекті психолог Л.С. Выготский сөз саптаудың бес кезеңін топтап көрсетеді: 1. Уәждеме (сөйлеуге бағдарланумен теңестіруге болмайды, өйткені уәж бен сөйлеу арасындағы қатынас бұлдыр тілек, міндетті сезіну, ниет сияқты болады. Қысқасы, алғашқы сигналдар қабылданады); 2. Ойлау (сөйлеу ниеті ұғымына сәйкес келеді); 3. Ойды ішкі сөзбен жанастыру (мұнда қандай жайт туралы баяндау қажеттігіне байланысты қысқаша түрде іштей жоспарлайды, сондықтан бұған фонациялық ауа қатыспайды); 4. Ойды сыртқы сөздің мағынасымен жанастыру (ішкі жоспарды жүзеге асыру кезеңі); 5. Ойды сөзбен қабыстыру (мұнда сөйлеудің акустика-артикуляциялық жақтары ескеріледі) [6, 163-б.].

Әдетте, мұндай сөйлемдерге көп нүкте тән. Ендеше сөйлемде кездесетін мұндай көп нүкте (сұрау және леп белгісі тәріздес) сөйлеушінің психологиялық жай-күйін аңғартатын бірден-бір тыныс белгі екеніне күмән келтірмеуіміз керек. Л.С.Выготскийдің сөз саптау кезеңіндегі үдерістер төртінші кезеңге дейін толығымен қатысады да, мағыналы сөз дыбыс арқылы жарыққа шығу кезеңіне келгенде, сөйлеуші тарапынан сол сәттегі психологиялық жай-күйге байланысты тежегіш күштерге ұшырайды.

3.1.1 «Қорқу» психологиялық жай-күйінен болатын сөз жұту. Мысал:

Түс аттан!



Нақыпбекте үн жоқ. Атынан түсуін түскенімен, аяғы үзеңгіден шықпай, әбігерленіп жатыр еді, қарақұстың қанатындай далпылдаған бірдеңе тұншықтырып бүркеп алып, бүріп түсті.

Аға-та-ай... (С.Сматаев). Көңіл бөлетініміз – сөйлеуші өзінің психикасына қолайсыз әсер ететін мұндай күйден жылдам арылу мақсатында сөйлеу уақытының неғұрлым қысқа болуын қалайды. Көп нүктемен берілген «ағатай» қолданысы құрылымдық мақсатқа сай болмаса да, толық мазмұнға ие. Оның соңынан «іздеген жаның мен емес едім», «қоя бер» не болмаса «не жазығым бар еді» деген сияқты жалғасы бар екені сезіледі. Бірақ уақыт талабына сәйкес сөйлеуші негізгі ойын сөйлеуге ұластырар кезеңде соңғы жағын «жұтып қояды». Екіншіден, дәл сол сәттегі қорқу жағдайына байланысты толық сөйлеу мүмкіндігі болмағандықтан жұтылады. Мұндайда хабардың экспрессивтілік бояуы қалыңдай түседі де, сөз жұту – ақпараттағы интенцияның көмескіленбеуіне жол ашады.

3.1.2 «Толқу» психологиялық жай-күйінен болатын сөз жұту. Мысал: Бөрте жөткірінді. Еңбектеп барып саптамасын алды. Бір аяққа бір-бір пұттан жүк қосылды.

Жолдыбайды... кішкентайды...алқымға өксік тығылып, Бөрте сөзінің соңын қылғына жұтып жіберді (С.Сматаев). Мұндағы сөз жұту, негізінен, «Жолдыбайды» сөзінен кейін байқалады. Ал «кішкентайды» сөзі сөйлемде оңашаланған айқындауыш қызметінде. Жазба тілде немесе ауызекі сөйлеу тілінде болсын, ұшырасатын мұндай айқындауыштар сөз саптаудың алғашқы төрт кезеңінде хабардың жаңсақ ұғынылмауына байланысты тірек сөздің оңаша айқындауды қажет ету-етпеуіне қарай арнайы жоспарланбауы да мүмкін. Сөйлемнің жұтылған синтаксистік бөліктері «сіздерге аманат қылдым» немесе «сақтаңыздар» тәрізді, болмаса соған жақын, шамалас екеніне оқырман немесе тыңдаушы адресат контекстік ситуацияға сай болжам жасай алады.

а) Қуану жағдаятына байланысты толқуға мысал:

Тұп-тура ертең жалғыз лағымды көкпарға беріп бір шалқымасам ба осыдан... (С.Сматаев). Контекст бойынша, сөйлеушіні толқытқан – күй. Күйдің адам психикасының қандай да бір сәттегі көшірмесі екенін, нақты айтқанда, қуану, ренжу, ыза буу, ырза болу сынды психологиялық жай-күйдің өнерге айналған туындысы екенін білеміз. Ал адам психикасы қашан да өзге психологиялық жай-күйге ортақтасып отырады. Ж. Аймауытұлының еңбегінде жазылғандай, «көп қуанушылардың ішінде бір мұңаюшы жұрттың кейпін бұзады. Не ондай адам елігіп қуану керек, әйтпесе өзгелерге де сүрең беріп мұңайту керек» [18, 113-б.]. Демек, күй тыңдап жаны жадыраған көп қуанушымен бірге адресант та ерекше қуанышпен толқи сөйлеген. Соның әсерінен сөйлемнің «жомарттығымды ел ұмытпасын», «атағыма атырап қанық болсын» деген сияқты келесі бөліктері айтылысқа қатыспай қалған.

ә) Ұялу жағдаятына байланысты толқуға мысал:

Сайраш қазір жұмыста ғой, – деп қыз білегіндегі сағатына қарады. – Енді шамамен жарты сағат, бір сағатта келіп қалар. Бізге келіп отыра беріңіз. Ықшамдалған сөйлем – «Жо-жоқ, мен...» Сөйлемге қа-тыспай қалған ақпарат мазмұнына сай сөздерді орнына қойғанымызбен, жасаған толықтыруымыз адресант таңдаған сөздерінің дәл көшірмесі болмауы мүмкін. Мұнда адресанттың тағатталған сөйлемі қабылданар сәтте, алдымен, жағдаятқа іштей сәйкестендіріледі (идентификациялану), сонда контекст ыңғайымен біз жа-саған болжам – мазмұны жағынан нысанаға көбіне дөп тиіп жатады. Айталық, сөйлемдегі жұтылған бөл-шектер «сыртта күте тұрайын», «осы арада күтемін» дегендерден басқаша болуы тиіс емес. Өйткені, контекст бойынша, есік қағып тұрған әскер қатарындағы жігіттің ойын сөзбен толық таңбаламауына бей-таныс көрші қыздардың бөлмесіне кіруді жақында танысқан Сайраштың алдында ыңғайсыз санауы, кір-месе, өтінішті ескерусіз қалдырған болатындығын бағамдауы экстралингвистикалық фактор ретінде себеп болған.

3.1.3 «Өкіну» психологиялық жай-күйінен болатын сөз жұту. Мысал:

Өзіме де обал жоқ, ашу үстінде байқамай «үш талақ» деп айтып салыппын да, енді сол «талақ» деген пәледен құтыла алмай басым қатып тұрғаны... (Ж.Босақов). М. Жұмабаев сезім, көңіл көріністері жайлы айтылған еңбегінде былай дейді: «Адам бір нәрседен әсерлену алып, сол нәрсемен таныс болып тұр-ғанда, адамның жанында не жағымды, не жағымсыз бір күй болмай қоймайды. ... болып озған бір әсер-ленуді суреттеу жасағанда да жанда не жағымды, не жағымсыз күй болады» [19, 74-б.]. Жұтылған бөл-шектер «осыдан бір құтылсам, «талақ» сөзді қалған өмірімде аузыма алмас едім (аузыма абай болар едім)» дегендермен шамалас. Жалпы, «өкініш» сөзі көп жағдайда жеке-дара емес, «орны толмас» деген айқын-дауышпен тұрақты жұмсалатыны бар. Демек, өкіну психологиялық жай-күйі әсер еткен сөйлеушіге осын-дай өмір тәжірибелері анықтаған қолданыстың уәжі ықпал жасап, нәтижесінде сөз саптау кезеңдерінен сү-зіліп шыққан ойына «енді айтып-айтпай не керек» деген тәрізді тежегіштер кенеттен бөгеу болып, сөз соңы жұтылады.

3.1.4 «Ашулану» психологиялық жай-күйінен болатын сөз жұту. Мысал:

Ойбай-ау, мұнан артық соқпа дерт бар ма? Байының көзіне шөп салып... Қосы ауған жесірдей-ақ біреудің құшағына оралып... – деп сөзінің соңын жұтып қалып, асқынған ызаға қорықтық құйды (С.Сматаев). Мұнда психикадағы күшті реакция сөйлеу тіліне тән салиқалы шешімге мұрша келтірмейді. Осыдан барып адресант айналаға қолайсыздық әкелетін қатысымдық тұлғаларды сыртқы сөзбен жанас-тырар тұста іркіп қалуға мәжбүр. Мысалдағы жұтылған бөлшектерді «ақ батадан аттаған күнәһар», «арамданған сорлы» және мұнан да ауырырақ жағымсыз қолданыстардың қай-қайсысымен болса да қабыс-тыруға болады. Өйткені жасалған әрекетке орай туындаған ашу психологиялық жай-күйі әсерінен контекс-тегі жағдаятқа қандай тілдеу болмасын орайласа беруі мүмкін.

3.1.5 «Сенімсіздік» психологиялық жай-күйінен болатын сөз жұту. Мысал:

Ой, балалар, сендер неден шошындыңдар? – деді Левон қырылдап, сау көзі жалтылдап, Ол – жәй әң-гіме ғой. Қорқатын түгі жоқ. Казак деген батыр, әлгі кім сияқты ер болуы керек. Әлгі кім сияқты... (А.Нұрманов). Адресанттың контекстік сөйлеу ниеті бойынша, жұтылған бөлшек Анненков, Деникин, Махно, Дутов, Колчак т.б. казактың ірі қолбасшыларының бірі жөнінде айтылуға тиіс. Сөз таңдау үлгісінде айтылуға үміткер сөздерді қатарластырған адресант кеңес әскері үшін олардың қайсысы мығым, қуаттырақ түскенін дөп баса алмауы мүмкін. Сөйтіп, сөйлеуге психологиялық сенімсіздік жай-күйі әсер етіп, екі ұшты бөлшек жұтылады. Сөйлем құрылысына назар аударсақ, адресант тарапынан арнайы айтылмай қалған, жұ-тылған бөлшек оңашаланған айқындауыш қызметінде. Толықтырайық: Әлгі кім сияқты, Анненков сияқты; Әлгі кім сияқты, Махно сияқты т.б. Өйткені коммуникативтік мақсат – казак ұрпағының тұқымына тарт-қан өжет болуы керектігі жөнінде ақпарат беру.

3.2 Үнсіз қалу. Қазақ тіл білімі ғылымы айналымында терминдік мәні бар үнсіз қалу әлі де маңыз-дылыққа ие бола қоймаған. Синтаксис саласындағы кейбір тиянақсыз түзілістер орыс тіл білімінде тыңдау-шының санасында толықтырылатын құрылым ретінде «умолчание» (Терминнің қазақша баламасын ұсы-нып отырмыз. – Ж.Б.) терминімен де беріліп жүр. Осы тұста сөз жұту мен үнсіз қалу құбылыстарының ара-жігін ажыратып алу міндеті туындайды. Бұл құбылыстар – үстірт қарағанда өте ұқсас құбылыстар. Өйткені екеуі де мәтін құрамындағы сөйлемдердің немесе оның бөліктерінің құрылымы жағынан тиянақталмай та-ғатталуымен сипатталады. Сонымен қатар екеуінің айырмашылығы да бар. О.С.Ахманова сөз жұтуды: «Внезапная остановка, нарушающая синтаксическое построение, вследствие наплыва чувств, колебания и т.п.» [10, 52-б.], – деп түсіндірсе, үнсіз қалу туралы мынаны айтады: «Фигура речи, состоящая в экспрес-сивно-эмоциональном обрыве высказывания, предпологающем возможность для слушающего или читаю-щего догодаться, что именно осталось невысказанным» [10, 485-б.].

Сонда, сөз жұту деп тану үшін сөйлеуші сөзін (анығында, сөйлемін) келтірілген психологиялық жай-күйлердің әсерінен тағаттайды, демек, бұл жерде мәжбүрліктің маңызы артады. Ал үнсіз қалу құбылысы сөзді белгілі бір мақсатқа сай әдейі тағаттаумен танылады, яғни актуалсыздану бірінші орынға шығады. Мысалы: Жиналып қалған жұрт енді атқораға қарай лап қойды... (Ж.Босақов). Контекст мазмұны бойынша, мұнда жұрт жиналып, жәбірленіп жатқандарды жәбірлеушіден арашалап алады. Мұндай көмекке мұқтаж болғандар ат қора жақта да бар. Ендеше, жиналған жұрттың негізгі мақсаты белгілі болса, келесі нысанаға (ат қораға қарай) бет алуындағы әрекетті айтып жатудың қажеті жоқ. Себебі бұл – адресаттың ин-терпретациясы негізінде қабылданатын жүк. Бұл – үнсіз қалудың да мағынаға ұласатындығының бір белгісі. Үнсіз қалудың енді бір түрлері орындары мызғымас, қатаң сақталатын қолданыстарға қатысты. Айталық, анайы, дөрекі, былапыт сөздерді айтуда адресант екпін түсетін негізгі доминант сөзді іркіп қалады:

Ой, әкеңнің... Өкіметке қарсымысың! (А.Нұрманов). Мұндай қолданыстарды қабылдауда өзгеше ин-терпретация жасауға еріктілік жоқ.

Сөйлеудегі үнсіз қалу құбылысының ғылыми стильге де қатысты екендігін айта кеткен жөн. Мысал үшін, -лы қосымшасының қатысымен жасалатын туынды сөздер туралы түсіндіретін ғылыми әдебиеттегі мына бір сөйлемді алайық: Негізгі және туынды зат есімдерден, олардың нақтылы лексикалық мағы-насына қарай, белгілі бір заттың я басқа бір құбылыстың бар екенін я мол екенін білдіретін туынды сын есімдер жасалады. Мысалы: арлы, атақты, әдепті, әсерлі, байыпты, икемді, инабатты, пайдалы, шөпті, ағашты, сулы, гүлді, сиырлы, балалы т.б. Мұндағы «т.б.» шартты қысқартудың қызметі көркем жазба тілі-ндегі көп нүктенің функциясымен бара-бар.

Сонымен, жоғарыда сөз болған мәселелерді түйіндей келе, тағатталған сөйлемдерге мынадай ғылыми анықтама беруге болады: Сөйлеуде контекске, сөйлеу жағдаятына немесе адресант пен адресаттың пси-хикалық жай-күйіне байланысты белгілі бір бөлігі көрініс таппаған сөйлемді тағатталған сөйлем дейміз.

3.3 Бейвербалды амалдардың сөз қабылдануындағы мазмұн толымдылығына ықпалы. Сөз ор-нына психологиялық бейнелі қимылдың қолданылумен олар да синтаксистік үнемдеуге себеп болады. Сөз айтылмайды, үнемделеді, бірақ синтаксистік бірліктің мазмұны адресатқа түсінікті болады.

Ең бастысы, толымсыз құрылымдардағы мазмұнды адресаттың дұрыс қабылдауы үшін де қызметі ора-сан. Қ. Жұбанов бұл туралы былай деген: «Дыбыстап сөйленген сөздің олқысы, көбінесе ыммен толады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген я болмаса бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсіну-ге болады» [20, 148-б.]. Бұлайша кодталған хабарды дұрыс түсіну үшін тілсіз қатынастың мән-мағынасы мен түрлері, оның контекске қатысты құбылуы (адамның бір нәрсеге күйінгенде, қатты риза болғанында да екі алақанын сарт ұратыны бар) жөнінде адресаттың білімі адресантпен тепе-тең болуға тиіс. Бұл туралы Ж. Аймауытұлы: «Бақылайтын адамның жоғарыда көрсетілген барлық қарастарын белгілеп әдеттену керек. Осылай бақылап, жаттығуды тең жарылаған кезде, қозғалыстардың «мәнісін» байланыстыра бастау тиіс. Әр уақытта пәлендей қарас болды, неліктен сондай мәнісі болды? деп, бақылаушы өзіне-өзі есеп беріп отыруы керек», – деген [18, 106-б.].

Вербалдық қатынассыз-ақ тек бейвербалды амалдардың өзімен де ақпарат алмастыру әдісі тікелей тіл-десім мен жанама тілдесімде молынан ұшырасады.

Тілеуқұл қол көтерді. Тамағын кенеді. Қатыран сұлтанға қиыстады. Қабақтар тіктесті де, түсініс-ті. Тас мүсін езу қисайтты да қайнар ашумен қатып қалды.

Ал, иә!



Бір-ақ тілек. Ел-жұртыммен бақұлдасайын (С.Сматаев). Қол көтеріп тамақ кенеу – контекстік жағ-даятқа байланысты жұмсалған бейвербалды амалдар. Бұларды қолдануда бірде-бір дыбыстық тіл қатысып тұрған жоқ. Алайда адресат тарапынан барлығына да талапқа сай әрекеттермен жауап берілген. Ендеше ад-ресат қарым-қатынас жөніндегі өз білімі мен тәжірибесі қорына сүйеніп, интенцияны мүлтіксіз дұрыс қабылдайды. Ескеретін жайт – қарым-қатынасқа нұқсан келмейтіндігі.
ҚОРЫТЫНДЫ

1. Белгілі бір синтаксистік мүшелері қатыспай қалғанымен де, сөйлемнің ақпараттық мазмұны толық болады және бұл – қазақ әдеби тілінің нормасына қайшы келмейді. Себебі дұрыс кодтау мен декодтау бол-ған жағдайда сөйлем құрылысының толымды болып келуі шарт емес.

2. Сөйлемнің толымсыздығы көп жағдайда актуалсыздану құбылысымен түсіндіріледі және ол белгілі бір стильдік мақсатты көздейді, осыған байланысты кез келген сөйлем немесе сөйлеудің формалық жағын танымдық-логикалық, яғни психологиялық фактор реттеп отырады; қандай сөйлем болмасын адресант пен адресатқа ортақ «бақылаушылықтың» жемісі.

3. Мәтін ішіндегі сөйлемдер белгілі бір тұтастықтың жекелеген пропозициялары іспеттес байланысады және олардың толымсыздығы ілгеріден кейінге қарай және кейіннен ілгері қарай да көріне береді.

4. Жарыққа шыққан сөйлем іштей сөйлеу кезіндегі жоспардағы әдепкі сөйлеммен үнемі сәйкес келе бермейді; толымсыз құрылымның толымды болып қабылдануы үшін «ықтималдықпен болжамдау» ме-ханизмі, интенцияны дұрыс меңгеру, контекст пен жағдаятқа назар аудару, солармен бірлікте қарау маңыз-ды.

5. Тілдік үнемдеуге синтаксистегі сыйыстыру амалы да негіз болады. Осы ретте интонация және жал-ғаулықтар грамматикалық мүшелердің бірыңғайлануымен бірге сөйлемнің бірыңғайлануына да қатысты. Сондай-ақ ол – хабардың айтылуы мен қабылдануы кезіндегі уақыт жылдамдығын кемітеді; бірыңғай бас-тауыштың бір баяндауышқа ортақтасуы тіл білімінде силлепсис терминімен белгілі болды; көптік жалғауы сыйыстыру амалы ретінде сөйлемдегі жетекші сөзге қосылады; есімдіктердің (жіктеу, сілтеу, жалпылау) сыйыстырушылық қызметі олардың көптік мағына бере аларлықтай әлеуетінің бар екендігімен байқалады.

6. Прагмалингвистиканың аспектісі танылатын пресуппозиция синтаксистегі сыйыстыру амалы ретін-де ақпарат ауқымдылығы арқылы танылады, сонымен бірге мұндағы имплицитті сөйлемдердің жасалуына әлеуметтік перцепция негіз болады; импликатуралардың берілуінде сұраулық шылаулармен қатар сұрау есімдіктері де белсенді қызмет етеді; коммуникативтік тәжірибе, машықтың қалыптасуына байланысты ай-тылыстан сөз немесе тіркес түріндегі тілдік бөлшектердің ғана емес, сонымен бірге кей күрделі құрылым-дардағы тұтас сөйлемнің де ығысып түсіп қалатындығы дәлелденіп отыр. Мұның бір көрсеткіші - шартты рай тұлғалы күрделі құрылымның басыңқы сыңарының түгелдей маңызсыздануы.

7. Тілдік үнемдеу үдерісі тағатталған сөйлемдерге де тән: бұған да негіз болатын – психологиялық фак-тор; сөйлеу сәтіндегі психикалық жай-күй және контекстің көмегімен тағатталған сөйлемдермен кодталған хабарды тиянақты етуге, мазмұнын біршама дәл анықтауға болады. Сонысына қарай тағатталған сөйлемдер де хабарды толықтай жеткізуге қабілетті қатысымдық тұлға қатарында болады.

8. Сөз жұту жеке субъектінің психикалық жай-күйіне тікелей қатысты, өйткені сөйлем немесе сөйлеу дыбыспен, сондай-ақ графикамен жабдықталғанға дейін міндетті түрде белгілі бір сөз саптау кезеңдерінен өтеді. Осыған байланысты сөйлемнің синтаксистік құрылысы адресанттың интенциясымен толық сәйкес ке-ле бермейді, нәтижесінде сөз жұтылады; тағатталған сөйлемдер ретінде қарастырылып отырылған сөз жұту құбылысы адамның қорқу, толқу (қуану, ұялу), өкіну, ашулану, сенімсіздік сияқты психологиялық жай-күйлерімен түсіндіріледі, бұл тұста «мәжбүрлік» психикалық санатының маңызы ерекше.

9. Үнсіз қалу да тағатталған сөйлемдердің бір түрі бола отырып, сөз жұтудан сөйлеушінің белгілі бір мақсатқа сай сөйлемін әдейі тағаттайтындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ол белгілі бір деңгейде сөй-леу мәдениеті нормасына да жауап бере алады; тағатталған сөйлемнің бұл түрі шартты қысқартулар арқылы ғылыми стильден де ұшырасады.

10. Бейвербалды амалдар вербалды қарым-қатынастың орнына жүре отырып, құрылымдық толымсыз және тағатталған сөйлемдердегі мазмұн толымсыздығына негіз бола алады. Сондай-ақ олар көбінесе жағ-даятқа тікелей тәуелді бола келіп, экстралингвистикалық фактор ретінде танылады; бейвербалды амалдар-дың қарым-қатынаста көрінетін тілдік баламаларының семантикасы сөз мағынасы секілді ауыспалы болып та келе береді. Бұл тұста коммуникативтік актіге қызмет ететіні – паралингвистикалық амалдар.
Пайдаланылған ғылыми әдебиеттердің тізімі:

1 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 446 б.

2 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы \оқулық\. – Алматы: Санат, 1994. – 320 б.

3 Елеуова А.С. Қазақ тіліндегі актуальсыздану құбылысы және оның сөйлем құрылымында алатын орны: Филол. ғыл. канд. ... авторефераты. – Алматы, 2007. – 26 б.

4 Бондарко А.В. Теория значения в системе функциональной грамматики. – Москва, 2002. – 736 с.



5 Белянин В.П. Введение в психолингвистику. – Москва: Черо, 2000. – 128 с.

6 Выготский Л.С. Собрание сочинений: В 6-ти т. Т.1. Вопросы теории и истории психологии / Под ред. А.Р. Лурия, М.Г. Ярошевского. – Москва: Педагогика, 1982. – 487 с.

7 Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. – Қарағанды: ҚарМУ, 1998. – 159 б.

8 Адилова З.Ш. Экономия речи и способы ее реализации: Дис. ... канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1989.–149с.

9 Иманалиева Ғ.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі: Филол. ғыл. канд. ... авторефераты. – Алматы, 1994. – 28 б.

10 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов.Москва: Советская энциклопедия, 1966. – 607 с.

11 Тіл білімі сөздігі /жалпы ред. басқ. Э.Д.Сүлейменова/. – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 б.

12 Матжанова Г.Ж. Іскерлік сөйлеу тіліндегі сендіру категориясының ерекшеліктері (АҚШ-тың іскерлік мәтіндері негізінде): Филол. ғыл. канд. ... авторефераты. – Алматы, 2006. – 26 б.

13 Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. – Алматы, 2001. – 215 б.

14 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Рауан, 1991. – 174 б.

15 Қазақ тілінің сөздігі / Жалпы ред. Басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: «Дайк-Пресс», 1999. – 776 б.

16 Сковородников А.П. Экспрессивные синтаксические конструкции современного русского литературного языка. – Томск: изд-во Томского ун-та, 1981. – 255 с.

17 Алкебаева Д.А. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы: Филол. ғыл. докт. ... авторефераты. – Алматы, 2005. – 43 б.

18 Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. – Алматы: Рауан, 1995. – 312 б.

19 Жұмабаев М. Педагогика (баланы тәрбия қылу жолдары). – Алматы: Рауан, 1992. – 112 б.

20 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар

1 Шартты рай формалы күрделі құрылымның эллипсистенуі жайында // Ұлттық әдебиеттегі гуманизм өнегесі: Ф.ғ.д., проф. З.Т. Жұмағалидың 70 жасқа толуына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – 269-273-б.

2 Сөз жұту // Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2006. – №4 (94). – 121-124-б.

3 Синтаксистік құрылыстағы интенция көріністері // Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт: ф.ғ.д., проф. Қ.М. Есеновтің туғанына 75 жыл толуына арналған халықаралақ ғылыми конференция

материалдары. – Алматы: Тіл білімі институты, 2006. – 30-34-б.

4 Синтаксистегі үнемдеу құбылыстарының ғылымда белгіленуі // Е.А. Бөкетов ат. ҚарМУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2007. – №3 (47). – 39-43-б.

5 Синтаксистегі сыйыстыру мәселесі // Сұлтаньяев тағылымы: Халықаралық ғылыми-жүзелік конф. Материалдары. – Көкшетау: Ш.Ш. Уәлиханов ат. КМУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2008. – № 1-2. – 101-105-б.

6 Пресуппозициядағы сыйыстырушылық сипат // ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. – 2008. – № 4 (170). – 70-75-б.

7 Кейбір есім сөз таптарының синтаксистегі сыйыстырушылық қызметі // Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы: Халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 68-72-б.

РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности 10.02.02 – Казахский язык


Баймурынов Жанболат Максатович
Явление экономии в синтаксической структуре казахского языка (психолингвистический аспект)
Актуальность исследования. В диссертации рассматривается проблема исследования явления экономии в синтаксической структуре казахского языка. Данная проблема впервые охватывается в казахском языке комплексно в психолингвистическом аспекте.

На сегодняшний день синтаксис современного казахского языка развивается как многоаспектная отрасль. В исследованиях нынешнего времени хотя и затрагиваются проблемы, касающиеся неполных предложений, явление экономии еще полноценно не изучено, не принимался во внимание психолингвистический аспект явления экономии. Ясно, что такие работы не были в состоянии ответить на требования нового антропоцентрического направления. Исходя из этого, следует отметить необходимость специального изучения таких явлений, как «экономия» в синтаксисе, ее влияние на формы и функции членов предложения, этапы появления и создания структурных синтагм, прохождения языковой информации, при этом роль контекста и ситуации в «экономии», то есть ситуативные значения «экономных» структур, речевосполнительная роль паралингвистических приемов служит для реализации перечисленных явлений. В данной работе вопросы речевого синтаксиса анализируются и в психологическом, и в лингвистическом аспектах, в результате чего раскрываются суть и содержание явления экономии. Также с психолингвистической позиции особое внимание уделяется их причинам и способам возникновения, актуализации и деактуализации, особенностям отражения и передачи, восприятия. Все это создало благодатную почву для раскрытия актуальности данной диссертационной работы. Особо отмечается необходимость психолингвистического подхода к явлению экономии. Такой подход к решению проблемы явления экономии может посодействовать и в определении новых методов исследования данного явления.

Объектом исследования являются простые и неполные сложные предложения, предложения с однородными членами, предложения с местоимениями, предложения в составе которых имеются имена числительные, имена в форме множественного числа, предложения с эксплицитно-имплицитно составляющими, усеченные предложения, сложные структуры с условным наклонением.

Целью данной работы является раскрытие психолингвистических причин порождения предложений, подверженных экономии с учетом их структуры. Отсюда и вытекают следующие задачи:

– определить уровень исследования явления экономии в синтаксисе, и определить роль психолингвистического анализа этого явления;

– определить особенности структуры предложений, подверженных экономии;

– показать предпроизносительный процесс создания предложения;

– определить этапы появления и создания структурных синтагм в конструкциях, относящихся к явлению экономии и касающихся этапов прохождения языковой информации;

– раскрыть психолингвистические причины создания неполных предложений;

– определить образование и восприятие синтаксических «уместительных» конструкций при производстве речи через психологическую призму;

– выявить связь возникновения в тексте усеченных предложений с контекстно-психологическими ситуациями;

Положения, выносимые на защиту:

– неполные предложения по стилистической природе и содержанию считаются нормативными. Такая неполнота возникает в процессе деактуализации в соответствии с контекстом и ситуацией. Определителем деактуализации является психика человека;

– во время коммуникативного акта использование полных предложений может привести к тому, что информация может стать непонятной, громоздкой для восприятия и в итоге это приводит к нарушению системности самого текста;

– приемы синтаксического «умещения» встречаются не только в предложениях с однородными членами предложения, но и в сложных. Здесь особенно значима роль союзов и интонации;



– ясно представлены в синтаксических категориях слова в форме множественного числа, числительные, местоимения с позиции экономии;

– пресуппозиция служит приемом синтаксического «умещения»;

– имплицитные предложения, которые служат приемами синтаксического «умещения», встречаются при использовании вопросительных местоимений наряду с вопросительными частицами;

– усеченные предложения – это особое явление в языковой экономии: под влиянием экстралингвистических факторов они способны реализовать коммуникативную цель. В них в качестве вспомогательных средств участвуют интенция адресанта и паралингвистические приемы;

– структурные упущения при восприятии всегда мыслительно реконстрируются и замещают полные конструкции.

Научная новизна исследования. В работе явление экономии в синтаксической структуре казахского языка впервые представлено в новом ракурсе. А именно:

– определена непосредственная зависимость процессов построения и восприятия неполных предложений от психики человека на стыке контекста и ситуации;

– определено влияние экономии в оперативном высказывании на структуру предложения;

– кроме процессов однородности и употребления союзов, к функциям «умещения» отнесены и числительные, некоторые местоимения (личные, указательные со значением множественности, обобщенные), окончания множественного числа, импликатуры, пословицы и поговорки, сентенции в виде явления пресуппозиции;

– определено влияние эллипсиса не только на опущение сказуемого в предложении, но и на опущение главного (доминантного) предложения в сложной конструкции;

– доказано, что психологическая необходимость, служащая основой для усечения синтаксических структур, имеет связь с экстралингвистическими факторами, и здесь существенную роль играют паралингвистические методы. При этом фоновое знание адресата не препятствует кординальному изменению интенции;

– в научный оборот казахского языкознания вводятся такие термины, как «силлепсис», «усеченное предложение», «проглатывание слова», «умолчание».



Методы исследования. В работе применяются методы, используемые в исследовании языковых и речевых процессов. При этом синтаксическая структура является фактическим материалом исследования, а предметом исследования – психологические процессы речевой деятельности. Использованы методы психологического, контексно-ситуативного анализа, восстановления и, наоборот, дистрибутивный анализ синтаксической структуры, сравнения, порождающей грамматики, трансформации.

Теоретическая и практическая значимость. Результаты данного исследования могут вносить определенный вклад в развитие синтаксической теории казахского языка. Положения и выводы могут способствовать рассмотрению грамматических явлениий казахского языка в психолингвистическом аспекте, что является новой парадигмой казахского языкознания.

Результаты исследования можно использовать на уроках развития речи в средних школах. Могут служить вспомогательным материалом в составлении учебников и учебно-методических пособий по курсам синтаксиса современного казахского языка, стилистики, риторики, лингводидактики, психолингвистики, паралингвистики, а также в судебных экспертизах.

Структура диссертации. Работа состоит из введения, трех глав и заключения. В конце приведен список использованной научной, допольнительной и художественной литературы.

Во введении представлены актуальность темы, научная новизна, цели и задачи, выводы, выносимые на защиту, методы, теоретическая и практическая значимость работы.

В первой главе «Явление экономии и его отражение в синтаксисе» исследуются психолингвистические признаки структурных неполных предложений в казахском языке, этапы производства речи, восприятия слова.

Во второй главе «Проблема «умещения» в синтаксисе» изучены вопросы «умещения» со стороны адресанта интонации, союзов, имен с окончанием множественного числа, местоимений, пресуппозиции, числительных, прилагательных, условного наклонения в сложных конструкциях.

В третьей главе «Информационная сфера усеченных предложений» исследуется роль проглатывания слова, умолчания, невербальных средств общения.

В заключении формулируются итоги и выводы исследования.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет