Психология бұл адамның ақыл-ойы мен мінез-құлқын зерттейтін ғылым



Дата08.12.2023
өлшемі24,03 Kb.
#195642
Байланысты:
Психология термин
Themes of course work. Plant physiology. 2021-2022, КазакТелеком-1, педагогика рубежка

1. Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.
1. Психология
Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым – психология (грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.
Психология - бұл адамның ақыл-ойы мен мінез-құлқын зерттейтін ғылым
ПСИХОЛОГИЯ – жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым
психология» ғылымы — көптеген салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән

2. Психика


Психика - жүйке саласының қасиеті.
П- объективті дүниені субъективті бейнелендіру .
ПСИХИКА (грек. рsуhікоs – жан- күй) П. сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар әсерінен жүйке жүйесінде пайда болатын психика жүйке жүйесінің бар органдарының барлығына ортақ қасиет

3. Сана
К Маркс


Сана-ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады
Психиканың адамға ғана тән жоғарғы дәрежеде дамуын сана деп атайды.
Сана - адамның барша психикалық қызметiне ортақ қасиеттi бейнелеудiң ерекше формасы.

4. Психикалық кейiп - адамның түрлі көңіл күйінің ( шабыт , зерігу , үрейлену , абыжу , бел сенділік т.б. ) тұрақты компоненттері .

5. Психикалық жағдай
бұл психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің саласы болып табылады.

6. Кейде психикалык процестер негұрлым күрделеніп кетсе, онда адам белгілі бip толқуды басынан кешіреді бул психикалық қалып деп аталады


Психикалық үрдістер – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік. 

7. Н.Д.Левитовтың пікірінше, психикалық күй - бұл белгілі бір уақыт кезеңіндегі психикалық әрекеттің біртұтас сипаттамасы, ол көрсетілетін заттарға байланысты психикалық үдерістердің өзіндік ерекшелігін және тұлғаның алдыңғы күйінің және психикалық қасиеттерінің құбылыстарын көрсетеді

8. Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды , ең тұрлаулы ерекшіліктер .Бұған әрбір адамның мінезi мен темпераменті кабiлетi мен буксе танымы , сенімі мен талғамы , қызығуы жатады .
Психикалық қасиеттер – бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшнліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады

9. Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида түрліше бейнеленуі .

10. Инстикт
Инстинкт - латын coei, цазацша "санасызумтылу" деген магынаны беред
Инстинкт (латынша іnstіnctus – түйсік деген ұғымды білдіреді) туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. 
Кондильяктың қарсыластарының бірі француз биологы Ш.Ж. Леруа Инстинкті жануарлардың табиғи жүріс-тұрысын жан-жақты біле отырып және олардың өмір салтын ескере отырып қана тануға болатынын дәлелдеді.

11. Дағды

Дағды, — деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, — саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады

12. Интеллект


Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді.

13. Бiршама күрделi ортаға бейiмделуден жануарлардың өте қарапайым жүйке жүйесi мен арнайы сезiмдiк мүшелерi-нiң жiктелуi басталды. Осы негiзде ортаның айырым қасиеттерiн бейнелеу қабiлетi қарапайым сенсорлық психика пайда болды. Ол өз кезегiмен жануарлардың құрлық тiршiлiгiне өтуi, осыдан бас миы қабығының дамуы өмiр субъектiсiне заттарды тұтастай бейнелеуге мүмкiндiк берген перцептивтiк психикамен ауысты.


Психиканың қарапайым түрі - нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейне-лендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б.

14. Жануарлардың жерде өмір сүруге көшуіне және бас ми қыртысының дамуына байланысты тұтас құбылыстарды психикалық бейнелеу – перцептивтік психика пайда болды


Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді. Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғары бөлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық іс- әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады

15. Әрекет


Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.

16. Іс әрекет-жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгіленген мақсаттарға жету арқылы болмысты игерудің адамдық әдіс-тәсілдері.

17.Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі.

18. Оқу іс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды игеруге бағытталған ерекше үдеріс түрі.

19. Еңбек - белгiлi нəтижеге жету үшiн бағытталған, белгiлi мақсатқа орай ерiк күшiн қосумен реттелушi мақсатты бағдарлы, саналы iс-əрекет.

20. Мотив- адамның қажетін қанағаттандыру үшін іс әрекетке итермелейтін түрткі.

21. ҚЫЗЫҒУ – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
Қызығу- айналадағы заттарды тереңірек танып-білуге бағытталған жан күйінің қасиеті.
Қызығу- шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшеліктерінің бір көрнісі.

22. Дүниетаным- адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.

23. Сенім- адамның еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат мүддесіне, бағыт бағдарына айналған білім жүйесі
Сенім – заттасқан дүние зерттеулері және ой қисыны (логика) негіздерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.

24. Талап- адамның нысанға жетуге ұмтылыс- талпыныс деңгейін көрсететін атау

25. Мұрат- адамның өзіне өмірден өнеге іздеп, біреуді ардақ тұтып қастерлеуі

26. Фрустрация- латын тілден босқа әлек болу, жолы болмау.


Өз болашағын көрегендiкпен тани бiлуге қажет адам қасиеттерiне кедергi болатын жан күйзелiстерi мен түңiлулер психологияда - фрустрация делiнедi.

27. Қажеттілік- адамды қандай болмасын іс әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы.

28. тұлға қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті

29. Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі.

30. Дара адам - home sapiens тектілердің өкілі, адамдық дамуының нышандарының иесі- нақты адам.
Биологиялық құрылым иесi-адам өткен əулеттердiң бiлiм, салт, заттай жəне рухани мəдениетi күйiнде топталған өмiр тəжiрибесiн игерумен ғана жеке адам дəрежесiне көтерiледi.

31. Түйсік


Түйсік дегеніміз – заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.

32. Рецептор

РЕЦЕПТОР – дененің үстінде немесе оның ішінде орналасатын, және табиғаты жағынан әртүрлі тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық, механикалық және т.б. – қабылдауға және оларды жүйкелік электр импульстарына түрлендіруге арналған арнайы органикалық құрылғы
Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы); (receptores, лат. receptos — қабылдағыш) — сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.

33. Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады.


Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк (афференттiк) негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi (перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген (тельца Паччини). 
Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату

34. Сенсибилизация- сезім мүшелерінің өзара байланысының әсерінен сезгіштіктің артуы

35. Синестезия- бір тітіркендіргіштің әсерінен бірнеше түйсіктердің қосарланып пайда болуы.

36. АДАПТАЦИЯ – ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі.


Адаптация органдарының жағдайға бейімделуі .сезім өзгерген

37. Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды.

38. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды .

39. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік сезгіштік түйсік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Мысалы, біреу алақанындағы салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу салмақты алты грамнан бастап сезеді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек.

40.Қабылдау
ҚАБЫЛДАУ – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі.
О.САҢҒЫЛБАЕВ

41. Кеңістікті қабылдау- адамның бағдарлануының қажетті шарты. Оған кіреді пішінді, өлшемді және қабылдау салыстырмалы позицияобъектілер, олардың рельефі, қашықтығы және бағыты. Қабылдау бізге әрқашан объективті дүние объектілерінің барабар көрінісін бермейді, әдебиетте қабылдаудағы қателіктер үшін көптеген фактілер мен жағдайлар сипатталады, негізінен визуалды иллюзиялар .

Уақытты қабылдау- шындық құбылыстарының объективті ұзақтығының, жылдамдығының және реттілігінің көрінісі. шағылыстыру объективті шындық, уақытты қабылдау адамға шарлау мүмкіндігін береді қоршаған орта. Ұзақ уақыт кезеңдерін қабылдау көбінесе тәжірибелердің сипатымен анықталады.

Қозғалысты қабылдау- заттардың кеңістікте алатын орнының өзгеруінің көрінісі. Қозғалысты қабылдауда негізгі рөлді көру және кинестетикалық анализаторлар атқарады. Нысанның қозғалыс параметрлері жылдамдық, үдеу және бағыт болып табылады



Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады. Бірақ кейде қабылдау өз бетінше біршама дербес әрекет сипатына да ие болуы мүмкін.
Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет