Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет29/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

18 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанады. Мысалы, егер сіздің қолыңызға «піл» деп жазылған текше тисе, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз».

Жаттықтырушы текшелерді таратады» егер қатысушылардың қатары тақ болса, , жаттығуға жаттықтырушыда қатысады).



Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсыңыздың міндеттеріңіз - өз сыңарын табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыз, тек әртүрлі қимылдар арқылы білдіре аласыз. Бір сөзбен айтқанда, кез- келген әрекетті үнсіз жасайсыздар.

Сіз өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыздар, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз».

Топ мүшелері өз сыңарларын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.

Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді. , нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл- күйі көтеріледі, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.

Сондай-ақ, мәнерлік мінез-құлықтың дамуына әсер етеді, қатысушылардың бір жағынан басқалардың әрекетіне зейін салуына, екінші жағынан басқаларға түсінікті болатын әрекет жасау жолын іздеуіне жетелейді.

Жаттығу аяқталғаннан кейін, қатысушылар өз сыңарларын қалай тапқаны туралы айтып беруін, өз әсерлерімен бөлісуін ұсынуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   201




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет