Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет32/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

21 жаттығу

Қатысушылар тұрады. Жаттықтырушы олардың біреуіне, біршама уақыт дәлізде немесе басқа бөлмеге шыға тұруын ұсынады.



Нұсқаулық: «Барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, қатар құрайық. Бұл қатарды жылан дейік, ал шеткі екі адам - оның басы мен құйрығы. Көп жағдайда, жылан «шатасқан» - әртүрлі шығыршық құрап, оралып жатады. (жаттықтырушы өзін «жыланның басымын» деп атап, «жыланның» шатасып оралуын бастайды. Шаттасу барысында біріккен қолдарды аттап өтуге, астынан өтуге болады. Шатасудың соңында жыланның «басы» мен «құйрығы» бос қолдарын жасыруы тиіс, бірақ екеуі қол ұстаспауы қажет.)

«Жылан» шатасқан кезде, жаттықтырушы есіктің сыртында тұрған адамды «жыланды» тарқатуға шақырады. Оған жыланның «басы» мен құйрығы» бар екенін айтуға болады. Кейде тарқату жылдам аяқталады, яғни қатысушы бұл тапсырманы орындай алмайтынын сылтауратуы мүмкін. Бұл кезде, жаттықтырушы тағы да бір рет тырысып көру арқылы тапсырманы орындауға болады - деп жұмысты жалғастыруға итермелейді. Аталмыш жаттығу тығыз дене қатынасы арқылы орындалатын болғандықтан, топтың бірлесуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, жаттығудың нәтижесін талқылау барысында тапсырманың жүзеге асу процессіне араласу, топтың мазмұндық жоспарда ілгері жылжуына септігі бар, жағдайларға назар аудару идеясы пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   201




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет