Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет41/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

30 жаттығу. Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады.

Нұсқаулық: «Араларыңыздан біреуіңіз есіктің сыртына шығап тұрыңыз. Біз (іште қалғандар) қимыл-әрекетті бастаушы болатын бір адамды таңдаймыз. Ол уақыт өте өзгертіп отыратын қандайда бір қимыл-әрекет жасайды, ал біз оны қайталаймыз. Есіктің сыртында тұрған қатысушы бөлмеге оралып, біз жасаған қимыл-әрекеттерге зер салып қарап, оның бастаушысы кім екенін түсінуге тырысады». Қатысушылардың бірі есіктің сыртына шыққанда, топ қимыл- әрекетті бастаушыны таңдайды.

«Қимыл-әрекеттердің қалай өзгеретініне назар аударыңыздар. Болатқа қарамауға тырысамыз (жаттықтырушы қимыл-әрекетті бастаушы болып таңдалған қатысушының есімін атайды). Болат, ал сен қимыл- әрекетіңді білдіртпей жиі ауысытыруға тырыс».

Қимыл-әрекеттерді бастаушы мен оны анықтайтындар ролінде бірнеше адам бола алады. Жаттықтырушы бұл ролдерді кейбіреулерге ұсынуы мүмкін немесе осы ролдерді орындауға ниет білдірушілер бар ма екендігін сұрауына болады.

Талқылау барысында жаттықтырушы қатысушылардың әсерлері туралы, қимыл-әрекетті бастаушыны неге сүйеніп таңдағандығы жөнінде және тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар туындағаны туралы сұрайды.
31 жаттығу. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Өзіңізге ыңғайлы болатындай отырыңыз. Көзіңізді жұмыңызда, бүгін топта не істедік соның барлығын кері ретте мен сөзімді аяқтаған сәттен баста , есіңізге түсіріңіз. Күні бойы не істегеніңізді егжей- тегжейлі түрде, еш түсінік бермей және еш нәрсе қоспай есіңізге түсіруге тырысыңыз».

Жаттығу негізінен, күнің соңына қарай, қатысушылар жұмыстан алған әсерлерімен бөлісер алдында орындалады. Жаттығуды жасау жиналған тәжірибені құрылымдап және жадында сақтауға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   201




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет