«Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері мен психологиялық ағарту бағыттары» Тастемирова Гүлзат Камбаровна



бет1/5
Дата01.04.2022
өлшемі69,5 Kb.
#137580
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Психологиялық кеңес баяндама конференция
психологиялық кеңес туралы

«Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері мен психологиялық ағарту бағыттары»


Тастемирова Гүлзат Камбаровна
Тараз қаласы, Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі,
педагог-психолог
Оқу-тәрбие үрдісіндегі психологқа жүктелген міндеттерінің бірі – бұл кеңес беру. Кеңес беру қызметі - мектеп психологының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Ол мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен де жүргізіледі; олар жеке және топтық болады. Психологтың міндеті – оған көмек сұрап келген адамның проблемасын – өз бетімен шешуге көмек беру. Психологиялық кеңес беру – әңгімелесу, әр түрлі «релаксация» тәсілдері және өзіндік анализ әдістері арқылы адамға демеу беру, негативті эмоциялық қысымды жеңілдетуге және эмоциялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, психологиялық көмектің қысқа мерзімді түрі.
Педагогикалық-психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:

  1. Оқу-тәрбие мекемесінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға, балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

  2. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өзін-өзі тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша кеңес береді.

  3. Педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың психологиялық мәдениетінің жоғарылауына септігін тигізеді.

Психолог білім беру мекемесіне тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші» ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді [5, б. 1].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет