Птілді білім беру институты



Дата23.12.2021
өлшемі18,77 Kb.
#128329
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ талдама, қазақ тілі протокол
3, 3, Дәріс 12 (1)

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

АКАДЕМИК С.ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
Ашық сабақ хаттамасы

Алматы қаласы 17.11.2021 ж.


Қатысқандар:

1. Педагог - зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 6 «Ғ» сынып жетекшісі Сатбаева Роза

2. Қазақ тілі бойынша пән әдіскері: Әлібаева.М

3.№178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері: Жәкі Жанат, Ауелбекова Айман , Оразалиева Толғанай

Студент-практиканттар: Әшімбай Назерке, Досжанова Сымбат,Туеш Гүлнұр

Күн тәртібінде:
Студент Райханова Айдананың 17.11.2021 ж. сағат 16:35-17:20 аралығында 6 «Ғ» сыныпта «Қазақ тілі » пәні бойынша «Астана әсем қала» тақырыбында өткізген ашық сабағын талқылау.

Тыңдалды: 3-курс студенті Райханова Айдана: Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатына кеңінен тоқталып өттім. Сабақтың ұйымдастыру кезінде оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлдім. Сабақтың басында ең алдымен оқушыларға оқу мақсаттары туралы шағын ақпарат беріп, қандай дағдыларды игеретінімізді түсіндірдім. Сабақ барысында көптеген әдіс-тәсілдерді қолдандым және өз нәтижесіне жетті деп ойлаймын. Тілдік бағдар алдында миға шабуыл жасак арқылы оқушылар өз пікірлері мен көзқарастарын жеткізе алды. Сонымен қатар сабақты қорыту кезінде «Алақан» әдісі

Бас бармақ-не істедік?
Балан үйрек-не білдік?
Ортан терек- не ұнады?
Шылдыр шүмек-не түсінб-к?
Кішкентай бөбек- кімнің көмегіне жүгінеміз?

деп аталатын әдісті қолданған болатынмын.

Берілген тапсырмаларды оқушылар орындау арқылы сабақтан түсінгендерін, білім деңгейлерін көрсете алды. Оқушылардың өтілтетін тақырыпқа деген жалпы қызығушылығын бүгінгі тақырып бойынша сабақ соңында кері байланыс жасау кезінде байқадым.

Сабақ өз мақсатына жетті және талапқа сай өтті деп ойлаймын. Өйткені, оны бүгінгі сабақ соңында оқушылардың пікір-таластары, ортаға салған ойлары аңғартты.



Педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 6 «Ғ» сынып жетекшісі Сатбаева Роза: Сабақ мақсатқа сай әдістемелік жағынан мұқият ұйымдастырылған. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын бүгінгі сабақтағы белсенділігінен көруге болады. Студенттің тақырып бойынша презентациясы оның тақырыпты жақсы меңгергенін аңғартады. А.Райханова сабақты толығымен түсіндіре алды, көптеген әдістерді орынды қолдана алды деуге болады. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ талапқа сай, жоғары дәрежеде өтті деп бағалауға болады. Сабақтың кезең кезеңдері, ұйымдастыру кезеңі, мағынаны тану, ой толғаныс барлығы өз мақсатына жетіп, өз нәтижесін бергеніне сенімдімін.

Қазақ тілі бойынша пән әдіскері: Әлібаева.М: Студенттің сабаққа тыңғылықты дайындалып келгені бірден аңғарылды. Оған дәлел ретінде мынадай жайттарды атап көрсетуге болады:

  1. Оқушылар бұғанға дейін өткен тақырыптарды толық меңгерген. Сабақ барысында білімді оқулықта берілген мәліметтерді қолдана отырып, өмірмен байланыстыра алды.

  2. Әр кезең бойынша тапсырмалар беріліп отырды, өз деңгейінде орындалды.

  3. Сабақ және кері байланысқа арналған қорытындылау материалдары сапалы, алдын-ала дайындалған.

4) Студент сабаққа қажетті мәліметтер мен тілдік материалдар жеткілікті болды.

Сабақты қорытындылай келе, студенттің сабақты нәтижелі өткізуге байланысты алға қойған міндеті, мақсаты орындалды деп санаймын. Өйткені, оқушылар берілген қызықты әрі күрделі тапсырмаларды орындау арқылы өз білім деңгейлерін көрсете алды. Онлайн форматта слайдта берілген сызба мәліметтер мен фотоколлаждар оқушылардың мағлұматтарды тез қабылдауына игі әсер етті. Сабақ қызықты өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды. Сабақ барысында қолданған әдістері өз нәтижесін бере алды деуге болады.



Әшімбай Назерке: Сабақ ұнады. Сабақты қолданылған әдіс-тәсілдер мақсатқа жету жолында өз рөлін атқара алды деп ойлаймын. Сымбат өзінің теориялық білімін жан-жақты көрсете білді. Практика барысында байқағаным Сымбат әр сабағын өткізу барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, сабағын қызықты өткізуге тырысады.

Досжанова Сымбат : Сымбаттың бүгінгі өткізген сабағы өте қызықты өтті. Ол әр сабағына тиянақты дайындалып келеді. Сабақ барысында интерактивті әдістерді тиімді пайдалана алады. Сымбат өзінің практикалық тәжірибе барысында алған біліктілігі мен білімін жан-жақты көрсете білді деп ойлаймыз.

ҚАУЛЫ:
Кафедраның «6В0170100 – қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3- курс студенті Райханова Айдананың педагогикалық практика уақытында өткізген ашық сабағы жоғары деңгейде өткізілді деп есептелінсін.
Пән мұғалімі: Сатбаева Р.С

Пән әдіскері: Әлібаева М



Хатшы: Досжанова Сымбат

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет