Қр білім және ғылым министрлігі



бет12/14
Дата31.01.2018
өлшемі3,74 Mb.
#36359
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
тапсырма. Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының дамуы суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: МГК–миоген жасушалары; МБЛ1–миобластың бiрiншi түрi; а–тiзбектер; б–қосылған тiзбектер; МСЦ–миосателлиттер; МБЛ2–миобластың екiншi түрi; в–бұлшық ет түтiгi, г–бұлшық ет талшығы; МФ–миофибриллдер; БМ–негiздiк жарғақ.

3 тапсырма. Сызбадан, нақпішіннен бұлшық еттердің дамуын түсініп алып, мыналарды меңгеру керек: қаңқаның бұлшық еттері мезодерма ұрық жапырағының миотомынан дамиды. Онда ланцетниктің бұлшық еттері тұлғаның оң, сол ұзын бүйір еттері түрінде дамыған. Бұлардың әрқайсысы дәнекер ұлпалы перде арқылы дорсальды, вентральды бөліктерге бөлінеді. Дорсальдыдан бел, вентральдыдан тұлғаның бүйір еттері дамиды. Балықтарда бұлшық ет миомерлері бірігіп, беткей, терең ет қабаттарына ажырайды. Жануарлардың судан құрлыққа шығуына, жүзу қанаттарының орнына аяқтарының дамуына байланысты дене бұлшық еттерінде көптеген өзгерістер болады. Денедегі бұлшық еттер сегментті (метамерлік) құрылысын жойып, бір-бірімен қосылып, ет талшықтары қызметіне орай әр түрлі бағыттарға тараған беткей, аралық, терең ет қабаттарына ажырайды. Осылардан дененің әр түрлі аумақтарындағы еттер тобы дамиды. Дененің бас, мойынында бұлшық еттер желбезек аппаратынан өрбитін висцеральды, миотомнан жетілетін денелік еттер дамиды.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

Ұлпалар қандай ұрық жапырақшаларынан дамитынын сипатта.



22 тақырып. Омыртқалы жануарлардағы ағзалардың дамуы.

Мақсаты: Ағзалардың қандай ұрық жапырақшаларынан дамитынын біліп, эктодерма, энтодерма және мезодерма қандай ұлпалардан ағза түзетінін меңгеру.

1 тапсырма. Екi күндiк тауық ұрығындағы бас миының дамуын дәптерге салып алып, мыналарды белгілеу керек:

1
–алдыңғы ми; 2–ортаңғы ми; 3–көз көпiршiгi; 4–артқы ми.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет