Қр білім және ғылым министрлігі



бет10/14
Дата31.01.2018
өлшемі3,74 Mb.
#36359
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3 тапсырма. Сүйекті балықтың сарыуыз қабының құрылысын: I-балық ұрығы сарыуыз қабымен: 1-балық денесі; 2-сарыуыз қабы; 3-сарыуыз. II-сарыуыз қабының қабырғасы: 1-ұрықтан тыс эктодерма; 2-ұрықтан тыс мезодерма; 3-ұрықтан тыс энтодерма; 4-сарыуыз түйіршіктері; 5-сарыуыз энтодармасындағы жасуша ядролары; 6-ұрықтан тыс мезодерманың қан тамырлары; 7-ұрықтан тыс эктодерманың эпителийлі жабын және 8-бокал тәрізді жасушаларды дәптерге салып алып, белгілерін қойып, зейінмен қарап, түсіну қажет.





Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Балықтар бөлшектенуінің ерекшеліктері неде?

    2. Перибласт дегеніміз не?

    3. Балық гаструляциясы қалай жүреді?

    4. Білікті ағзалардың қалыптасуында ерекшеліктер бар ма?

    5. Сары уыз қабы қандай қызметтер атқарады?

12 тақырып. Жорғалаушылардың дамуы.

Мақсаты: Жорғалаушылар эмбриогенезінің ерекшеліктерін меңгеру керек.

1
тапсырма
. Жорғалаушылар гаструляциясының: I-гаструляцияның алғашқы сатысы; II-IV-гаструляцияның екінші сатысы: 1-бастапқы тақташа; 2-гастроцель; 3-энтодерма; 4-келешек желі; 5-жүйке-ішек өзегі суретін салып алып, белгілерін қойып, ондағы өзгерістерді байқау керек.

2 тапсырма. Жорғалаушылардың дамуындағы сатыларды баяндап, олардың ерекшеліктерін сипаттаған жөн.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Бөлшектену қай кезде, қай жерде басталады?

    2. Кесірткеде, кейбір сұр жыландарда жаңа организм неге ұрық жолында пайда болады?

    3. Гаструляция жорғалаушыларда неге екі кезеңге бөлінеді?

    4. Білікті ағзалардың қалыптасуында ерекшеліктер бар ма?

    5. Аллантоис қандай қызметтер атқарады?

13 тақырып. Құстардың дамуы.

Мақсаты: Құс ұрығының даму сатыларын білу, жұмыртқаклеткасының құрылысына орай, олардың ерекшеліктерін түсіну. Құс іштөлі қабықтарының қалай қалыптасатынын меңгеру.

1 тапсырма. Салынған бейнеден құс ұрығы бөлшектенуінің ерекшеліктерін түсініп, ол жұмыртқаклеткадағы сары уыз түйіршіктерінің мөлшеріне және бөлшектену өтетін жағдайларға байланысты екеніне көңіл аудару қажет. Дәптерге мына кестені салып алып, құс ұрығы дамуының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының маңызын қысқаша белгілеу керек.

Даму сатылары

Даму сатыларының маңызы







2 тапсырма. Тауықтың алғашқы жолағы препаратын үлкен ұлғайтқышта көріп, онда көп қабатты бөлігі (эктодерма) көру аймағының жоғарғы, ал бір қабатты бөлігі (эндодерма) оның төменгі жағында орналасуы қажет. Эктодерма мен эндодерманың арасында болбыр мезодерма жасушалары орналасады. Бұл бейнені дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-эктодерма, 2-мезодерма, 3-эндо (энто) дерма.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Құс жұмыртқасының құрылысы қандай?

  2. Құс ұрығының дамуындағы ерекшелiктер неде?

  3. Құс ұрығының дамуында қандай кезеңдер болады?

  4. Құсқа қандай бөлшектену түрі тән?

  5. Дискобластула дегеніміз не?

Жаттығу тестлері

Дамудың негізгі сатыларының дұрыс алмасуын көрсетіңіз:

(А) морула – бластула – органогенез - гаструла

(Б) бөлшектену – гаструла – бластоциста - органогенез

(В) зигота - гаструла – бластоциста - органогенез

(Г) зигота - морула – бластоциста – гаструла - органогенез

(Д) бластоциста – морула – гаструла – органогенез



Нейруляция нәтижесінде ұрықта құрылады:

(1) жүйке айдары

(2) алғашқы жолақ

(3) жүйке жүйесінің ұлпалары

(4) ішкері эктодерма

Мезодерманың туындыларын көрсетіңіз:

(1) жүрек бұлшық еті

(2) ішектің тегіс бұлшық еті

(3) қаңқа бұлшық еті

(4) білікті қаңқа

15 тақырып. Құстың ұрықтан тыс ағзалары (қабықтары).

Мақсаты: Білікті ағзалар дегеніміз не екенін, олар қалай қалыптасатынын анықтап, құрылуының негізгі кезеңдерін, біртіндеп дамуын білу. Құс қабықтары қалай құрылатынын, олардың қандай қызмет атқаратынын ұғып алу.

Уақытша ағзалардың құрылуының негізгі кезеңдерін және біртіндеп дамуын білу. Олардың жорғалаушылардан айырмашылығы неде екенін меңгеру.



1 тапсырма. Құстардың ұрықтан тыс ағзаларының құрылу бейнесін 38 беттегі 15 суретті дәптерге салып алып, 3 тапсырмадан жазып алып, белгілерін қою қажет.

2 тапсырма. 39 беттегі 4 тапсырманы орындау керек.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

        1. Құстың іштөлі қабықтарын атап, сипаттама беріңіз.

        2. Дене қатпары туралы не білесіз?

14 тақырып. Сүтқоректілердің дамуы.

Мақсаты: Сүтқоректілер ұрығының даму сатыларын, оның ерекшеліктерін білу. Ұрықты гаструляция кезінде, ұрық жапырақшалары айқындалғанда ажырата алу. Білікті ағзалардың, іштөлі қабықтарының пайда болуын, қалыптасуын түсіну. Қағанақ дегеніміз не екенін ұғу.

1 тапсырма. Дәптерге сүтқоректілер ұрығының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының мәнін мына кестеде толықтыру:

Даму сатылары

Сатылардың маңызы







2 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып, ұрық жапырақшаларынан жетілудегі ұрық бастамаларын «+» белгісін қойып, анықтау қажет.

Ұрық жапырақ

шалары


Жүйке түтігі

Тері эктодер

масы


Ішек энто дермасы

Сомиттер

Спланхно том

Эктодерма
















Мезодерма
















Энтодерма
















Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілер ұрығының дамуындағы негізгі сатыларды сипаттаңыз.

  2. Сүқоректілерге қандай бөлшектену тән?

  3. Трофобласт дегеніміз не? Ол қалай дамиды?

  4. Сомиттер дегеніміз не? Онда мезодерма қалай жіктеледі?

  5. Білікті ағзаларға не жатады? Әр қайсысын сипатта.

  6. Сүтқоректілерде ғана болатын іштөлі қабығын атап, ол қандай қызмет атқаратынын түсіндіру керек.

16 тақырып. Сүтқоректілердің ұрықтан тыс ағзалары (іштөлі қабықтары).

Мақсаты: Білікті ағзалар дегеніміз не екенін, олар қалай қалыптасатынын анықтап, құрылуының негізгі кезеңдерін, біртіндеп дамуын білу. Сүтқоректілердің іштөлі қабықтары қалай құрылатынын, олардың қандай қызмет атқаратынын ұғып алу.

1 тапсырма. 38 беттегі 3 тапсырманы дәптерге жазып алып, тапсырманы толық орындау қажет.

2 тапсырма. Суреттен сүтқоректілер іштөлі қабықтарының дамуын: I-амнион, аллантоис, сір қабықтар құрылуының алғашқы сатысы; II-амнион, аллантоис және бастапқы бүрлері бар хорионның құрылуы: 1-ұрық денесі; 2-дене қатпары; 3-амнион қатпары; 4-амнион қабығы; 5-сарыуызды қап; 6-аллантоис; 7-бірге біткен сір қабығы және трофобласт-хорион; 8-эктодерма; 9-мезодерма; 10-сарыуызды энтодерма; 11-аллантоис энтодермасы; 12-хорионның алғашқы бүрлерін дәптерге салып алып, белгілерін қою керек.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет