Р. Е. Жүншеев, Г. К. Мұсабекова Философия



бет2/77
Дата06.02.2022
өлшемі23,29 Mb.
#81694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
оқу құралы соңғысы
педагогика презентация
АЛҒЫ СӨЗ
Егеменді Казақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған бұл үрдіс педагогикалық теория мен практикадағы үлкен өзгерістерге әкелуде. Білім беру парадигмасы ауысу үстінде.Сонымен қатар, оқу үрдісін оқу әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа түрлерін қарқынды іздену іске асуда. Жаңа технологияларды енгізу негізінде оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа түрлерін жасауда негізгі мақсат студенттердің пәнді игеруде барынша көп мүмкіндік беретін білімді ақпараттандыру талабына сай болуы керек. Алайда ондай оқу құралдарының электрондық нұсқаларынан бұрын философиялық ғылыми білімнің қажетті деген концепцияларының жүйелік түрде жасалған логикалық-құрылымды немесе графикалық кестелерден құралған оқу құралдарының болуы өте тиімді.
Қазіргі уақытта, философия пәнінен қазақ тілінде оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындауда жазба-мәтіндік әдісінің абсолюттік басымдылығының қалыптасқандығын айту керек.Әрине, бұл жағдай білім беру сапасын көтеруде айтарлықтай қиыншылықтар тудыруда.
Логикалық-құрылымды кестелер көру арқылы қабылдау болғандықтан, анық та айқын құрылымдылығы және мәндік мазмұнына байланысты анағұрлым тиімділігін көрсетеді. Бұл кестелер студенттің елесінде оқып отырған материалдың біртұтас суретін жасай отыра, оны кешенді түсінуге мүмкіндік береді. Логикалық-құрылымды кестелер нақты ұғымдарға студенттердің зейін қоюын қамтамасыз ете отыра, оларды ұзақ еске сақтауын жақсартады.Философия сабағында логикалық-құрылымды кестелерді қолдану барысында барлық негізгі дидактикалық ұстанымдар жұмыс істейді: түсінушілік және танымдық белсенділік; нақтылық; жүйелілік және реттілік; ғылымилық және қол жетімділік, қорыта келгенде,студенттің алған білімінің баяндылығын іске асырады. Материалды жүйелі түсіну логиканы, ал оны берік игеру сезім мен эмоцияларды қажет етеді.Ұғымдар түсіндіреді, бейнелер шақырады. Нақтылық пен көрнекілікті қолдану зейінді, байқаушылықты тәрбиелейді және ойлау мәдениетін дамытады. Логикалық-құрылымды кестелер қабылдау, қиял, ес, түсіну, ойлау сияқты студенттердің барлық танымдық қабілеттерін белсендірудің әмбебап аспаптары болып табылады. .
Кестелер өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ақпарлардың анағұрлым үлкен көлемін бір айқынды логикалық реттілікпен игеруге мүмкіндік береді. Бұл жағдай философия пәніне берілетін оқу сағаты көлемінің қысқаруына байланысты өте маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық сабақтардың (әсіресе практикалық) мазмұнында эмпирикалык білімдерге басты назар аудару тенденциясының орын алғаны байқалады. Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты мысалдармен, өзекті оқиғалармен, практикалык сұрақтармен және тарихи деректерге бай материалдармен берілуде. Алайда, бұл бағытпен тым әуестену сабақ мазмұнының теориялық бөлігінің жеткілікті қарастырылмайтынын, тіпті оның эмпирикалық материалдардың көптігінен ығыстырылуына алып келуде. Аталмыш жағдайда дәстүрлі және вербалды дидактикалық кұралдарды пайдалану жеткіліксіз болып табылуда. Сондықтан философия пәнін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіру мәселесі қажеттілікке айналуда.
Теориялық мазмұнға бағытталған оқу процесін баскару әдістемесін құру құралдарының бірі-логикалык-құрылымды немесе графиктік кестелер болып табылады.
Философия пәнінен логикалық-құрылымды кестелерге арналған осы оқу құралы жоғарыда аталған кемшіліктердің орнын толтыруға бағытталған.
Оқу құралы он төрт бөлімнен тұрады: «Философия – ғылым ретінде», «Ежелгі шығыс философиясы», «Антика философиясы», «Ортағасыр философиясы», «Қайта өрлеу дәуірі философиясы», «Жаңа заман кезеңінің философиясы», «XIX ғасыр және XXғасыр контекстіндегі батыстық философия», «Орыс философиясы», «Қазақ философиясы», «Онтология», «Гносеология»,«Диалектика»,«Философиялық антропология», «Әлеуметтік философия», оларда философиялық ойлардың дамуының негізгі кезеңдері, атақты философтардың ой-пікірлері, философиялық бағыттары, мектептері, идеялары нақты да көрнекі түрде берілген. Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған және «Философия» пәнін оқыту бағдарламасымен сәйкестікте жасалған.
Авторлар кестелердің нобайларында философиялық ойлардың жүйелілігін, логикаға сәйкестілігін және көрнекілігін анықтап, айқындап көрсетуге талпынды.
Сонымен қатар, оқу құралының негізгі мазмұны маңызды философиялық ғылыми ұғымдар сөздігімен толықтырылды.
Аталған оқу құралы кредиттік оқу жүйесінің талабына сай студенттердің дәріс материалдарын тыңдауға алдын-ала дайындықта және өткен тақырыптардың негізгі кағидаларын есте жаңартуда пайдалылығын кәрсете алады. Бұл кестелер, сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмыс үдерісінде және емтихандар мен сынақтар тапсыруға дайындықта да пайдалы болуы мүмкін.
Осы оқу құралының дидактикалық материалдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу сабақтарында екі жылдық жемісті қолданыстан (апробация) өтті және студенттерінің философиялық білімді игеруінде елеулі көмек көрсететіндігіне күмән жоқ.
Оқу қүралы оқытушылардың философия пәнінен оқу материалының құрылымын анықтап құруда да көмек береді деген сенімдеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет