Р. Мәрсеков атындағы қазақ орта мектебі



бет1/25
Дата24.02.2022
өлшемі267 Kb.
#133260
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
115414052833 (1)
Нұсқабай Алмас 3 тақырып, 1542256897, Портфелі Сыныпты т рбие ж йесін ру мен модельдеу ар ылы т рби

ШЫҒЫС ҚАЗАҚС ТАН ОБЛЫСЫ
Ұлан ауданы
Р.Мәрсеков атындағы қазақ орта мектебі
1-4 сыныптар оқушыларына арналған есте сақтау,зейін және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Түзету-дамыту жұмыстарына арналған

Молодежный кенті


2009жыл

Бағдарламадағы құрастырылып , жинақталған жаттығулар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған Түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға көмек ретінде жалпы білім саласындағы педагог-психологтарына арналған.

Кіріспе.
Адамға ең бірінші білім емес,
рухани тәрбие берілу керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
(Әл-Фараби)

Балалардың жеке басын дамыту,психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін,ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу- мектеп психологының басты міндеті болып табылады.Бастауыш сынып сатысындағы балалар арасында қарым-қатынас дағдылары қалыптаспаған, оқшауланған,гиперактивті,зейіні тұрақсыз, есте сақтау қабілеті нашар оқушылар өте жиі кездеседі. Осы аталған мәселелер Қазақстанда теориялық тұрғыдан зерттелгенімен практикалық тұрғыда назардан тыс қалып отыр .


Көптеген ,жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жұмыс істейтін психолог мамандарды мемлекеттік тілде қолайлы бағдарламалар болмауы кедергі тудырады .
Қарым-қатынас-балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден –бір фактор болып табылады .Баланың тілін дамыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету,сөздік қорын байыту ,ойлауын,есте сақтауын, зейінін жетілдіруі-осының бәрі аталған еңбекте қарастырылып психологтың баламен бірлескен іс-әрекетіне құрылған.
Берілгентапсырмаларды орындау екі кезеңнен тұрады:бірінші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп,баланың қабылдауына ,есте сақтауына ,ойлануына ықпал ететін болса,екінші кезенде ойын,жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып ,іс-әрекеттітікелей орындау арқылы аталған психикалық процестердің дамуын анықтайды.жаттығулардың бәрі баланың мектепте табысты оқуына ықпал жасайтыны сөзсіз.
Бағдарламаның ерекшелігі : әр сбақтың соңында үйге тапсырмалар беріліп,баланың ата-анасымен бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.

Тапсырмаларды орындау барысында баланың іс-әрекетті орындауы қатесіз дұрыс болса төменгі мақтау сөздерімен ұштасады:


-Тамаша!
-Жарайсың!
-Жақсы!
-Өте жақсы !


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет