ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы». Баяндама Орындаған: Адилов Айдос азт-101 Тексерген:Ғанибаева Жайдарман



бет3/14
Дата15.12.2021
өлшемі35,42 Kb.
#101450
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ОСӨЖ10 Адилов Айдос
1310 9 кл 1, ОСӨЖ10 Адилов Айдос, Progress test 4 key, IMG-20220613-WA0002, АҚС1, СЛАЙДЫ АЗА ША 22.09.2014-1
Жастар ұйымдары 

Соңғы онжылдықта елiмiзде олардың саны 7 еседен астам өстi. Қазақстан жастар конгресi (2002) және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты (2008) сияқты бұқаралық ұйымдарға жастардың шоғырлану процесi жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерiнiң альянсы» студент жастардың қоғамдық бiрлестiгi құрылды. 

2011 жылдан бастап «Қазақстан жас депутаттарының қауымдастығы», ал республиканың бүкiл өңiрлерiнде — жастар мәслихаттары жұмыс iстейдi. 2011 жылы «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жаңа ұйымдар пайда болды, олардың басым мiндетi патриоттық тәрбиелеу болып табылады. 

Бiрқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары: «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резервi», «Мемлекеттiк қызмет мектебi», «Жастар — Отанға!» iске асырылуда, олар мол қоғамдық оң резонансқа ие. 



Жұмыспен қамту 

Еңбек және жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсiптiк даярлық пен бiлiктiлiктi жоғарылату курстарында оқыту бағдарламаларын iске асыру арқылы жүзеге асырылады. 

2011 жылы 15 жастағы және одан үлкен экономикалық белсендi тұрғындардың саны 8,8 млн. адамға жеттi. Жұмыспен қамтылғандар құрылымының (8,3 млн. адам) шамамен үштен бiр бөлiгiн (30,5%) 25–34 жастағы адамдар және 14,5%-ын 15–24 жас аралығындағы жастар құрайды. Жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы еңбек қала жастарында 78,3%-ға басым, ауыл жастарында — 40,9%. 

Орта мерзiмдi кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (2005 жылдан бастап) 13,4 — 4,6% шегiнде (жұмыссыздықтың жалпы деңгейi 8,1 — 5,4%) болды. 

2012 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4,6%) көп жылдардан берi алғаш рет жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен (5,4%) төмендедi. Жастар жұмыссыздығының деңгейi қалаларда жоғары. 2011 жылы ол 5,6%, ал ауылда — 3,8% болды. 

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан бастап жүргiзiлiп келе жатқан мемлекеттiк жастар саясаты қоғам өмiрiнде тұрақтандырушы рөл атқарды, жастарға көп кездесетiн өмiр ағымының қиындықтарын жеңiлдетуге мүмкiндiк бердi, жастардың әлеуметтенуiне жағдай жасады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет