Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет39/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

Біз өз Отанымыздың патриотымыз. 
- Мы патриоты нашей страны 
- We are patriots of our countries 
Өйткені  «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі»  демекші,  жоғары  білімді, 
бәсекеге  қабілетті, қазіргі  заманды  және  болашақты  терең  түсіне 
алатын,   ұлттық  құндылықтарын  бойына  сіңірген  ақыл-ойы  кемел  тұлға 
болуы  тиіс.  Рухани  жаңғыру  бағдарламасы  тәуелсіздікпен  бірге  тілімізді 
түлетуге,  дінімізді  өркендетуге,  тамырымызды  жалғап,  салт-дәстүрімізді 
жаңғыртуға мүмкіндік береді. 
Рухани  жаңғыру  –  ұлттық  білім  беру    мен  ұлттық  сананың    жаңа 
белесі, табысты ел болуымыздың кепілі.  
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН 
ОРНЫ 
 
Токбосынова Кенже 
Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылы  «№ 1 орта мектеп» 
қазақ тілі мен әдебиеті магистрі 
 
          ХХІ  ғасырда  сіздер  мен  біздер  күрделі  қоғамдық-әлеуметтік 
өзгерістердің  куәгері  ғана  болып  қана қоймай, осы  жаңа қоғамды, ортаны 
құрушы,  тың  өзгерістерді  жасаушы  өкіл  ретінде  де  өмір  сүріп  отырмыз. 
Сондықтан  болашақ  ұрпақ  қазіргі  ғылым  мен  білімнің  тұтқасын  ұстап 
отырған  ғалымдар  мен  ұстаздарға  ерекше  жауапкершілік  артады.  «Ел 
боламын  десең,  бесігіңді  түзе»,-  деп  ғұлама  ғалым  Ахмет  Байтұрсынов 
айтқандай,  жаңа  қоғамдық  формацияның  болашақ  маманы  ғылымның 
өзекті  мәселелерге  сай  зерттелуіне,  білімнің  сапасы  мен  тиімділігіне, 
практикалық  тәжірибенің  нәтижелігіне  байланысты  қалыптасады  және 
тәрбиеленеді.  Жаңа  қоғам  жаңа  маманды  қажет  етеді.  Демек  әр  түрлі 
саланы  еркін  меңгерген-білімді,  өзіндік  мақсаты  бар  –  тиянақты,  оқу  мен 
өмірді  ұштастыра  білетін  -  кәсіпкер,  өз  ісінің  шебері  болатын  -  маман 
дайындау  -  бүгінгі күннің сұранысы. 
        Жаңа  формацияның  универсал    маманын  дайындау  ғаламдану  мен 
интеграция  заманына  сәйкес  меңгерілетін  білімнің  сапалығына, 
оқытылатын 
әдістеменің 
ұтымдылығына,  игерілетін 
практикалық 
өндіріспен жалғастығына байланысты.  

378 
 
         Осы тұрғыдан келгенде, жаңа формацияның жақсы маман болу үшін, 
мемлекеттік тілді ғылым мен өндіріске, өмір мен тәжірибеге сай білу керек. 
Қоғамның қажеттілігін өтейтін болашақ маманды шығару оқу жүйесіндегі 
технологияны  жаңартумен  тығыз  байланысты.  Пәнді  меңгеру  барысында 
жаңа  технологияларды  іске  асыру-оқыту  процесін  сапалы  әрі  тиімді 
жүргізудің кепілі. 
         Жалпы оқыту жүйесіндегі технологиялық мәселелер Я. Коменскийдің 
идеяларында  бұдан  әлдеқайда  бұрын  айтылады.  Кейіннен  білім  берудегі 
жаңа,  ұтымды  әдіс-тәсілдер  қажет  бола  бастаған  уақытта  технология 
жаңарып,  жаңғырып,  жан-жақты  іске  асырыла  бастады.  «Технология» 
терминінің  өзі  бірде  «оқыту  технологиясы»,  бірде  «білім  технологиясы», 
бірде «педагогикалық технология», кейде «оқытудың жаңа технологиясы» 
деп  әр  түрлі  аталып  келеді.  Осының  өзі-ақ  бұл  мәселеге  қатысты 
ізденістердің  көп  болғанымен,  әлі  бірізділік  жоқ  екенін  аңғартады.  Бірақ 
қалай  болғанда  да  білім  беру  жүйесінде  технологияның  алатын  орны  мен 
маңызы зор екенін қазір барша қауым түсініп, оқыту процесінде қолданып 
отыр. 
         Оқыту  процесінде  технологияның  маңызы  мынада:  мұнда  жылдар 
бойы  қалыптасқан  дидактиканың  пайдалы  жақтары  педагогика  ілімінің 
қажетіне  жарайды,  дидактикалық  процестер  практикаға  әсер  етеді, 
дидактика  оқыту  технологиясының  құрамында  сабақ  беру  әдістемесін 
жетілдіреді. 
         Қалай  болғанда  да  соңғы  жылдары  білім  беру  жүйесіндегі  оқыту 
технологиясы  –  ұстаз  педагогтардың    назарын  ерекше  аударып  отырған 
мәселе. 
         Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологиялары  –  адамның  жеке  қабілеті 
мен  ұсынылатын  материалдардың  танымдық  бірлігін  іске  асыратын, 
оқушының творчестволық мүмкіндігін дамытуға бағытталған, жүйелі білім 
беруге негізделген сапалы оқыту тәсілдерінің жиынтығы. (3) 
         Жаңа  технология  бүгінгі  күн  сұранысына  пайда  бола  келіп,  жалпы 
педагогика ілімінің дамуына ықпал етіп отырғандығы белгілі. Ол әр түрлі 
тиімді әдіс-тәсілдердің тоғысы арқылы іске асырылатындықтан, білім беру 
жүйесінде маңызды орын алады. 
         Жаңа технологияны іске асырудың басты мақсаты-білім мен өмірді өз 
қажетіне  қарай  ұштастыра  алатын,  қалыптасқан  пікірі  мен  ойы  бар, 
болашақ  ұрпақ-жеке  тұлға  тәрбиелеу.  Қандай  болмасын  тұлғаның  іс-
әрекеті,  бет-келбеті  оның  өмірдегі  қадамынын,  ой-тұжырымынан 
аңғарылады да, басқа адамдармен қарым-қатынасынан көрінеді. Адам мен 
адамның  қарым-қатынастың  барлық  саласын  қамти  келіп,  қоғамдық-
әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз етуі тиіс. Тілдің әлеуметтік функциясы 
мектеп қабырғасында  қаланып, жоғары оқу орындарында іргелі өзгерістер 
арқылы дамиды. 
           Қазақ  тілін  жаңа  технология  арқылы  оқыту  тілді  қатынас  құралы 
ретінде  игерумен  қатар  оның  қоғамдық-әлеуметтік  қызметтін  білдірудегі 

379 
 
және  бағалауды  көздейді.  Осы  тұрғыдан  келгенде  қазақ  тілін  оқытуда 
лингвистикалық  біліммен  бірге  оқушының  сөйлеу  қабілетін  жетілдіретін, 
танымдық  көзқарасын  қалыптастыратын,  өз  ойын  еркін,  түсінікті,  әдемі, 
жүйелі жеткізе білу дағдасын дамытатын білім де берілгені дұрыс. (1) 
          Сондықтан тілді меңгеруде басты үш бірлік: ой  – тіл – сөйлесім бір-
бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы үш бірліктін негізі әр алуан 
салаларды:  педагогика,  психология,  технология,  лингвистика,  қоғамтану 
тағы  басқа  өзара  тоғыстыра  келіп,  оқытудың  жаңа,  ұтымды  жолдарын 
іздестіруді қажет етеді.  
           Тіл адамдардан, сонын ішінде шәкірт пен мұғалімнің, түсінуін, пікір 
алысуын,  сөйлесуін  қамтамасыз  ететін,  іс  жүзіне  асыратын  қатысымдық 
құбылыс,  қатысым  құралы  ретінде  қолданылатын  біртұтас  жүйе.  Қазіргі 
кезде  адам  факторының  жан-жақты  жетілген,  көп  тілді  меңгерген 
тұлғасына  оны  тәрбиелеу  мен  қалыптастыруға  ерекше  ден  қойылуда. 
Сондықтан  тілші  ғалымдар  тілді  жүйелі  құрылымдық  табиғатымен  қатар 
қатысымдық    /коммуникативтік/  тұрғыдан оқыту  мәселесіне  ерекше назар 
аударуда.  Қазақ  тілі  оқытудың  жаңа  технологиясы  тілдің  қатысымдық 
қызметін  ескере  отырып,  оны  қатысымдық-танымдық  жағынан  меңгерулі 
көздейді. 
           Қазақ  тілін  қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқыту  тілді  қарым-
қатынас  құралы  ретінде  игерумен  бірге  оны  ерекше  құбылыс  есебінде 
қабылдануды, елтануды, өлкетануды қамтамасыз етеді. 
          Қазақ  тілін  жаңа  технология  арқылы  оқыту  процесі  бірнеше  басты 
мәселелерді қамтиды. Олар: 1 /оқытудың мақсаты ; 2 /оқытудың мазмұны; 
3  /  оқытудың  құралдары  4/оқытудың  әдістері  мен  тәсілдері;  5  /  оқытудың 
формалары.  Аталған  мәселелердің  бәрі  бірігіп  оқу  жоспары  мен 
бағдарламасын бекітеді. (2) 
          Оқу    процесінің    сапалығы    үш    факторға    тікелей    қатысты: 
оқушының  талабы  мен  қызығушылығына,  мұғалімнің  педагогикалық 
шеберлігіне,  ұсынылатын  материалдардың  пайдасы  мен  қажеттілігіне. 
Оқушы жүйелі білім беретін материалды тиімді, әдіс-тәсілдерді қолданып, 
оның  жеке  қабілетіне  сай  дұрыс  меңгерте  білу  оқыту  технологиясын 
жақсартады.  
            Білім беру жүйесінде олардың  әрқайсысы маңызды орын ала келіп, 
бір  бірімен  бірлікте,  тұтас  қолданылу  арқылы  да  тиімді  роль  атқарады. 
Тілді меңгеру барысында бірде бір технология басымырақ орын алса, бірде 
екінші,  не  үшінші  маңызды  болып  табылады.  Қазақ  тілін  оқыту 
технологияларының  қай  қайсысы  болсын  түптеп  келгенде    тілді  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынас  құралы,  пікірлесу  құралы  тұрғысынан 
меңгертуді көздейді. 
      Қазақ  тілін  жаңа  технология  арқылы  оқыту  тілді  қатысымдық-
танымдық жағынан игеріп, оны тәжірибеде пайдалана білуді мақсат етеді. 
Бұл мақсат тілдегі сөйлесім әрекетін және оның түрлерін жете меңгерумен 

380 
 
байланысты. Ал сөйлесім әрекеті тілді күрделі қоғамдық құбылыс ретінде 
тануды және қолдануды қалайды. 
      Тіл-бір  жағынан,  тілдік  қатынасты  жүзеге  асыратын  құралы,  екінші 
жағынан  қоғамдық-әлеуметтік  ортаға  байланысты  қатысымдық  нақтылы 
міндеттеріне сай әрекет  жасайтын жүйе. 
      Қазіргі  уақытта  көп  тілді  білетін  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  және 
жалпы факторына ерекше назар аударылуда.  Сондықтан да ғалымдар тілді 
жүйелік-құрылымдық  қырынан  зертеуден  гөрі  оны  қатысым  құралы 
ретінде зерттеу мәселесіне басты назар аударуда. Сол себепті тілді оқытуда 
жүзеге  асатын  технология  форма  мен    мазмұнның  бірлігі  тұрғысынан 
қолданған тиімді болады. 
     Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологиясы  тілдің  осы  қатысымдық 
қызметін  ескере  отырып  іске  асырылады.  Тілді  меңгерудің  алғы  шарты 
сөздің  мән-мағынасы,  сөйлемнің  дұрыс  құрылуы  мәтін  және  сөйлесім 
болып  табылады.  Мәтіннің  және  сөйлемнің  басты  ұйытқысы  сөз 
болғандықтан  тілді  меңгеру  ең  алдымен  сөздік  қорға  байланысты. 
Сондықтан  да  қазақ  тілін  оқып  үйренуде  сөз  бен  жұмысқа  жаңа 
инновациялық  қырынан  келген  жөн.  Сөз  бен  жұмысты  жаңа  технология 
бойынша  ұйымдастыру  оны  тез  меңгеруге,  оқушылардың  сөйлеу 
қабілетінің дамуына жағдай жасайды. 
       Қазақ  тілін  қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқыту  оқу  жүйесін 
сапаландыруға, оның басты принциптерін жүзеге асыруға себебін тигізеді. 
Оның  негізгі  бір  жүйеге  бағынған  әртүрлі  әдістердің  тоғысуы  болып 
табылады.  Қазақ  тілін  оқытуға  жаңа  технология  тиімді  амал-тәсілдердің 
барлағының  басын  біріктіріп,  сабақтың  сапасын  жақсартады  және 
тиімділігін арттырады.  
          Қазіргі  білім  оқытуды  жинақталған  әрекет  ретінде  қарастыруды 
қажет етеді. Қазақ тілін оқытуда ұстаз бен шәкірттің екі жақты әрекеті тең 
дәрежеде  орындалады.  Бұл,  біріншіден    тілді  оқытудың  мақсаты  мен 
міндеттеріне  байланысты  болса,  екіншіден,  оқушының  жеке  тұлғалық 
қасиетіне,  қызығушылығына  қатысты.  Бұл  екеуінің  де  қалауының 
орындалуын талап етеді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1. Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі «Ан Арыс баспасы» 2009 ж. 
2.  Оразбаева  Ф.Ш.  Тілдік  қатынас  теориясы  және  әдістемесі  Алматы,  2005 
ж. 
3. Құрманова Н.Ж. Қазақ тілін дамыта оқыту, Астана, 2017 ж. 
 
 
 
 
 
 

381 
 
БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН 
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР 
 
Маникеева Асель Сагинтаевна 
Алматы облысы, Жамбыл ауданы 
«Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп және МЖИ» КММ 
мектепалды даярлық сынып мұғалімі 
                                                                                   
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  стандартында  білім  берудің 
басты  міндеті  логикалық  ойлауды  дамыту  болып  табылатындығы  атап 
айтылған.  [1]  Білім  мазмұнын  жаңарту  тікелей  шығармашылық  ізденістегі 
мұғалімнің  кәсіби  шеберлігіне  байланысты.  «Мұғалім  көп  әдісті  білуге 
тырысуы  керек.  Оны  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдануы 
керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім 
беру  мәселесі  сол  қоғам  мүддесіне  сай  болуы  керек.  Өз  ісінің  шебері  ғана 
жоғары  жетістіктерге  жетеді.  [2]  Қазіргі  таңда  пәнді  жақсы,  терең  білетін, 
күнделікті  сабақтағы  тақырыпты  толық  қамтитын,  оны  оқушыға  жеткізе 
алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі 
және  ғылыми  жетілдірілген  әдіс-амалдарын,  құралдарын  еркін  меңгеретін, 
оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы 
іздену-зерттеу  бағытындағы  тапсырмалар  жүйесін  ұсыну  өмір  талабы. 
Сондықтан да мектеп алды даярлық топта мен әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-
тәсілдерді  қолдана  отырып,  оқушылардың  білім  сапасын  арттыруда 
логикалық тапсырмалар пайдаланам.* 
 Мектеп алды даярлық топ балалардың логикалық ойлауын дамытудың 
негізгі кезеңі. Бұл кезде балалардың ойлары нақты – бейнеліден абстрактылы 
–  логикалық  ойлауға  қарай  дамиды.  Логикалық  тапсырмалар  орындатудың 
маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз 
бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру,  сондай  -  ақ балаларды икемділік пен 
шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады. [3] 
   
Баланың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып  сабақта  түрлі  логикалық 
тапсырмалар  беру  арқылы,  білімнің  беріктігін  қамтамасыз  ету,  баланың 
шығармашылық  қабілетін  дамыту,  интелектуалдық  деңгейін  көтеру  менің 
мақсатым. 
 
«Логикалық  тапсырмалар»  баланың  жас 
ерекшелігін  ескере  отырып  құрастырылды. 
Теориялық 
білімдерін 
кеңейтіп, 
оны 
практикада  қолданылуына  ықпал  етеді. 
Логиканың  дамуы  өздігінен  ізденіп  жұмыс 
жасауына  мүмкіндік  береді.  Логикалық 
тапсырмалар 
баланың 
интеллектуалдық 
деңгейін 
көтереді. Оқу 
материалын 
балалардың  ойлау  қабілеті  жетерліктей  жас 
ерекшеліктерін  ескере  ұйымдастырса  ғана, 

382 
 
оның  ойлау  қабілетінің  дамуына  мүмкіндік 
туады. [3]   
Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, 
бұған  оқу  үрдісін  жүйелі  ұйымдастыру,  оқу  іс  –  әрекетінде  бала  логикасын 
дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.  
Ойын  –  баланың  қажетті  әрекетінің  бірі  ойынды  кіші  жастағы 
балалардың  табиғаты  керек  етеді.  Балалардың  еңбегі,  оқуы  ойыннан 
басталады.  Ойын  арқылы  оқушы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып, 
тұлғалы  дамуын  қалыптастыруға  болады.  Жалпы,  математика  сабағында 
қолданылатын  ойын  түрлері  оқушылардың  математикалық  ұғымдарын 
кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні 
белгілі.  Математика  сабағында  қазақтың  ұлттық  ойындары  қолданылады. 
Мысалы,  «Сақина  салу»,  «Ақсүйек»  ойыны  белгісіз  санды  табуға  арналған 
ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына 
«ақсүйек»  тығылып  жатыр.  Кім  дұрыс  шығарса,  сол  табады.  Кім  ақсүйекті 
көп  тапса,  сол  ұтады.  Өтілген  тақырыптардағы  сабақ  материалына 
лайықталған  ойын есептерін  алып,  тек  ғана оқушының орындай  алатын  іс  - 
әрекетімен  шектелу  жеткіліксіз.  Мұндай  ойынды  ұйымдастырудың  және 
басқарудың  сипаты  мен  жолдары  және  жолдары  және  оларды  қолданудың 
тиімді  бөліктері  жан-жақты  ойластырылуы  керек.  Ойын  үрдісінде 
балалардың  білімі  тереңдей  түседі,  осыған  дейінгі  білімдері  мен  түсініктері 
баянды  болып  жаңа  білім  игеріледі.  Ойын  -  адамның  өміртанымының 
алғашқы  қадамы  деп  білеміз.  Оның  басты  ерекшелігі  баланың  ойлау 
қабілетін  жетілдіру  болып  табылады.  Атау  ұйқастарын  санау  арқылы 
оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар 
сан  үйретеді,  әрі  дүние  танытады,  әрі  баланың  қисынды  ойлауы  мен 
математикалық  ойлау  қабілетін  дамытады.  Санамақтың  түрлері  өте  көп. 
Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. 
Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. 
Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке 
зейін тоқтатуды талап етеді.  
Бүгінгі  күн  талабы  –  баланың  оқыл  ойын  дамыту,  ойлау  қабілетін 
жетілдіру,  өзіндік  іскерлік  қасиеттерін  қалыптастыру,  заман  талабына 
сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. 
 
Сондықтан  да  баланың  танымын  алғашқы 
күннен  бастап  дамтыудың,  бойында  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  негізін  қалыптастырудың  құралы 
–  ойын  әрекеті,  яғни,  ойын  –  баланың  жетекші 
әрекеті.  Бірақ,  ойын  тек  қана  балаларды 
қызықтырып,  уақыт  өткізудің  құралы  болмай, 
балаға  берілетін  білім  мен  тәрбиенің  құнды 
негізі болуы керек.  

383 
 
Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын 
түрінде  ұйымдастыра  отырып,  баланың  логикалық  ойлау  қабілеттін 
арттыруға жағдай жасау негізгі міндет
Айналадағы  өмір  құбылыстарын,  ерекшеліктерін  байқай  отырып, 
білуге  қызығушылығы  туындайды,  осы  сезім  оны  талпыныстарға 
жетелейді.   Ойын  негізінде  ойлай  отырып,   тапсырмалары  өзінше  зерттеп, 
орындау,  өзінше  шешім  жасау  өз  ойындағысын  айту  жағдайларына 
мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние 
танымы 
кеңейген, 
сөйлеу 
тілі 
жақсы 
қалыптасқан, 
болашаққа 
қызығушылығы  оянған  дара  тұлға  ретінде  жан-жақты  дами  алады.  Баланың 
ақыл-ойының  дамуы  тек  белгілі  бір  білім  көлемін  ғана  емес,  жалпы  тәлім-
тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету 
және  т.б.  қабілеттерінің;  танымдық,  іскерлік,  шығармашылық  қасиеттерінің 
дамуын  қамтиды.  «Ойы  саяздың,  тілі  саяз»  деген  ұлғатты  сөз  бекер 
айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады. 
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері: 
Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, 
сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар); 
Есту  қабілетін  дамытатын  тапсырмалар  (математикалық  мақал-мәтел, 
логикалық есептер, қалжың есептер). 
 «Сөзжұмбақ»  оқушылардың  ой  -  өрісін,  білім  көкжиегін  тексерумен 
қатар  өтілген  материалды  қаншалықты  меңгергенін  тексеруге  өте  қолайлы. 
Логикалық  тапсырмалар  оқушының  психологиялық  және  жас  ерекшелігіне 
байланысты   таңдап  алынады.  Қазіргі  педагогтардың  пікірінше  сөзжұмбақ 
оқушылардың ойларын ұштайды.  
Жұмбақтарды  шешу  ойларын  бір  жүйеге  жүйелейді.  Балалардың 
ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді. Жұмбақ 
шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты  шешу кезінде оқушыларға сызу 
қиындық 
туғызады, 
сондықтан 
сөзжұмбақты 
алдын 
ала 
тақтаға  сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай 
қалташалар  арқылы  жасауға  да  болады.  Қалташаларға  салынған  кеспе 
қағаздардың  беті  өзіңе  қарай  қаратып  жазып,  екінші  жағына  тапсырмалар 
жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған  сөзжұмбақты балалармен 
жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.  [5] 
Жұмбақтар 
 Қызықтырып әркімді-ақ 
Суда жүзер жылтылдап. 
    “Б”әрпінен басталар, 
Сол жәндіктің атын тап.    (...............) 
Отыз екі мықты. 
Қаз-қатар боп шықты 
Он алтысы үсті 
Он алтысы асты                   (...............) 
Қашып кеткен атадан, 
Қашып кеткен ападан, 
Орманда кеше жүр 
едім, 
Домалап шықты 
 
 
Қабат-қабат 
қаттама, 
Ақылың болса 
аттама. 
(кітап) 
 

384 
 
алдымна. 
(бауырсақ) 
 
Төбедегі көзінен, 
Күн сәулесі түседі. 
Бұрышы жоқ төрінен, 
Самал еркін еседі. 
(Киiз үй) 
 
 
Екі достың бірі 
ыңғайлы,  
Біреуінен ебі жоқ. 
Екеуін де бірдей 
көрем,  
Маған артық-кемі 
жоқ. 
(Адамның екі қолы) 
 
     
Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін  дамыту 
Логикалық есеп 
• Айгүлдің  алдында  3  зат  тұр:  шелек,  доп,  қуыршақ.  Допты  қозғамай  қалай 
шетіне қоюға болады? 
•  Үстел  үстінде  төрт  алма  тұр.  Бір  алманы  алып  ортасынан  бөліп  қайта 
қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 
•  Қоянға,  түлкіге,  аюға  үш  түрлі  жалауша  жасап  берді  -  қызыл,  сары,  көк. 
Қояндағы  жалауша  қызыл  емес,  түлкідегі  қызыл  да,көк  те  емес.  Кімнің 
жалаушасы қандай? 
•  Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында  бір-бір орындық болуы 
үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады? [4] 
Логикалық ойын      
         1.Екі  сиырдың мүйізі қанша? 
         2.Бір мысықтың  аяғы қанша? 
         3.Бес қойдың басы нешеу? 
         4.Үш адамның  қолы нешеу? 
 
Сергіту сәті 
Ал санайық, санайық, 
Санын біліп алайық 
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу 
Қолымда  сонда  саусағым нешеу? 
Оң қолымда  бес  саусақ, 
Сол қолымда  бес саусақ 
Қосып едім  екеуін, 
Болып шықты он саусақ. 
Әр заттың санын анықта 
және жаз 
 
 
 
ʻʻ
ʻ
д
ʻ
РЕБУС
 
 
 
 

385 
 
Санамақтар 
 Тауық, жөнін тауып, 
 Он жұмыртқа басты, 
 Өэдерінше мықты 
 Төрт балапан шықты 
  Қанша қалғанын 
 Есептей алмай 
отырмын 
 Он екі үйрек көріп ем, 
 Үшеуі ұшып кетті 
 Төртеуі суға түсіп кетті 
 Айтпауға сөз қалмады. 
 Қаншасы 
орнынан  
қозғалмады? 
 
  Үш алманы бақтағы 
   Кірпі алып  жинады 
   Ең әдемі   біреуін 
   Ақ  тиінге  сыйлады. 
   Ыдыстағы  алманың  
  Санап  көрші қалғанын 
«Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. 
Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді 
 
 
 Оқу іс – әрекетін қорытындылау. 
а) Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады. 
ә) Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең – тақпақтар айтуымен 
аяқталады. 
   
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі 
биікке  көтеріліп  келеді.  Өздігінен  білім  алатын,  жан-жақты  ізденетін, 
логикалық  ойлауы  дамыған,  алдағы  өмір  жолын  өзі  болжай  алатын  тұлға 
тәрбиелеу-ұстаздың  қолында.  Қорыта    келгенде,   әрбір   ұстаз  логикалық 
ойлауын 
дамытып, 
ойын 
элементтерін 
сынып 
оқушыларының 
деңгейіне   қарай   таңдап    ала   білсе,  қолдана  білсе  үлкен  нәтижеге  жетуге 
болады.  Біздің    өткізген    сабағымыз    оқушыларға  қызықты  болып  оларды 
жалықтырмауы  қажет.  Қызықтырар    ұстаз   болса,  қызықпайтын  шәкірт 
жоқ деп сөзімді аяқтағым келеді. 
   Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
қаулысымен  бекітілген    «Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары».   
2.  2016  жылдың  1  наурызындағы  №205  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының 
2016-2019  жылдарға  арналған  білім  беру  және  ғылымды  дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасы.   
3.  Бастауыш сынып әдістемесі 2015ж № 5 
4.  Бастауыш сынып 2014 ж №5/6 

386 
 
5.  Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі 2012ж №3 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет