Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат 50. мг эритромицин



бет6/19
Дата23.05.2020
өлшемі45,88 Kb.
#70746
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
антибиотик лекарст
балл
Қолдануға болмайтын жағдайлар

- макролид антибиотиктеріне жоғары сезімталдық

- естудің едәуір төмендеуі

- бауыр функциясының айқын бұзылуы, сарғаю туралы сыртартқыдағы мәліметтер

- терфенадинді немесе астемизолды бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бета-лактамды антибиотиктердің (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбопенемдер) бактерицидті әсерін төмендетеді. Теофиллиннің концентрациясын жоғарылатады. Эритромицинді к/і енгізу этанолдың әсерін күшейтеді (асқазанның босауын жылдамдатады және асқазанның шырышты қабығында этанолдегидрогеназаның ұзақ әсер етуін төмендетеді).

Циклоспориннің нефроуыттылығын күшейтеді (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі қатар жүрген науқастарда).

Триазолам және мидазоламның клиренсін төмендетеді, осыған байланысты бензодиазепиннің фармакологиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Метилпреднизолон, фелодипин және кумарин қатарындағы антикоагулянттардың шығуын баяулатады (әсерін күшейтеді).

Ловастатинмен бірге тағайындаған кезде рабдомиолиз күшейеді.

Дигоксиннің биожетімділігін жоғарылатады.

Гормональді контрацепцияның тиімділігін төмендетеді.

Өзекшелік секрецияны бөгейтін ДЗ эритромициннің Т 1/2 кезеңін ұзартады.

Метаболизмін бауырда жүзеге асыратын (карбамазепин, вальпрой қышқылы, гексобарбитал, фенитоин, алфентанил, дизопирамид, ловастатин, бромокриптин) ДЗ бір мезгілде қабылдаған кезде, осы ДЗ плазмадағы концентрациясының (бауырда микросомальді ферменттердің тежегіші болып табылады) жоғарылауы мүмкін .

Терфенадинмен немесе астемизолмен бір мезгілде қабылдағанда аритмияның дамуы (қарыншалар жыпылықтауы мен дірілдеуі, қарыншалық тахикардия, өлімге соқтыратын), дигидроэрготаминмен немесе сутектендірілмеген алкалоидты қастауышпен – тамырлар түйілуге дейін тарылуы, дизестезия болуы мүмкін.

Линкомицинмен, клиндамицинмен және хлорамфениколмен (антагонизм) үйлесімсіз.

Эритромицинді линкомицинмен немесе хлорамфениколмен бір уақытта қолданғанда соңғыларының әсері әлсірейді. Эритромицинді теофиллинмен, аминофиллинмен, кофеинмен бір уақытта қолданғанда олардың қан плазмасындағы концентрациясының ұлғаюы байқалады, сол арқылы уыттылық әсерінің даму қаупі жоғарылайды. Эритромицин қан плазмасында циклоспориннің концентрациясын ұлғайтады және нефроуыттылық әсерінің даму қаупін жоғарылатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет