Құрамында көміртегіден басқа да элемент атомдары бар сақиналы қосылыстарды гетероциклді қосылыстар



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі223,44 Kb.
#86370
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Керо СРС

Химиялық қасиеттері. НҚn-аминобензой қышқылдарының препараттарына жалпы және жеке сапалық реакциялар ұсынады. Солардың бірі азобояғыш түзу. Ароматты біріншілік амин топтары бар қосылыстарға жалпы реакция, сондықтан анестезин, новокаин, новокаинамид осы реакцияны береді. Дикаин азобояу түзбейді, себебі екіншілік ароматты амин тобы бар. Сондықтан дикаинді ажырату реакциясы болып табылады.

Гидрохлоридтерді (новокаин, новокаинамид, дикаин) хлорид-ионды анықтау және натрий гидроксиді ерітіндісімен әсер ету арқылы негіздердің тұнба түзілуі арқылы анықтауға болады.
Препараттарды тұнба түзуші (жалпыалкалоидты) реактивтер (пикрин, фосфорновольфрам, фосфорномолибден қышқылдары сынап хлориді (II) және т.б.) көмегімен, сонымен қатар галогендеу арқылы анықтауға болады. Басқа біріншілік ароматты аминдер сияқты, анестезин, новокаин, новокаинамидтер дибром- немесе дииодтуындылар түзеді.
Жеке реакциялар олардың гидролизінің нәтижесінде боялған немесе суда ерімейтін өнімдер түзуіне негізделген. Анестезин үшін жеке сапалық реакцияға сілті ерітіндісінде сабындану жатады:

Түзілген этил спиртін йодоформ түзу реакциясы арқылы анықтауға болады. Новокаин және дикаин сабындану өнімдерін түзеді, бірақ йодоформ сынамасы теріс нәтиже береді.
Дикаинді концентрлі азот қышқылында қыздырып, қалдыққа калий гидроксидінің спиртті ерітіндісін қосқанда қан-қызыл түсті бояу береді. Реакция дикаинді нитрлеуге негізделген, нәтижесінде калийдің орто-хиноидты қосылысның тұзы түзіледі:



Новокаин бұл реакцияны бермейді.
Дикаинді сілтілі гидролиз өнімін идентификациялап ажыратуға болады:

Қышқылдағанда n-бутиламинобензой қышқылының ақ тұнбасы түзіледі, хлорсутек қышқылының артық мөлшерінде ериді:

Бутиламинобензой қышқылының алынған ерітіндісіне натрий нитритімен әсер еткенде м-нитрозоқосылыс түзіледі:

Сандық анықтау мақсатында п-аминобензой қышқылының препараттарына ҚР МФ нитритометрия әдісін ұсынады. Анестезин, новокаин, новокаинамид секілді біріншілік ароматты амин тобы бар қосылыстар диазоний тұзын түзеді:

Дикаин, басқа екіншілік аминдер секілді нитрозоқосылыстар түзеді:

Дикаинді титрлегенде сыртқы индикатор көмегімен анықтайды. Нитритометриялық титрлегенде эквивалентті нүктені потенциометрлік және ішкі индикатор көмегімен анықтайды: бейтарап қызыл, тропеолин 00, тропеолин 00 метилен көгімен қоспасы. Гидрохлорид түріндегі препараттар бейтараптау әдісімен анықтауға болады:



Хлорид-ионға аргентометрия әдісін қолданады. Анестезин және новокаин үшін дибром- және дийодтуындыларын түзу арқылы броматометрия, йодхлорметрия әдістері қолданылады:



Азобояу және т.б. түсті реакцияларды препараттардың дәрілік түрін анықтағанда фотоколорометрия әдісімен қолданады.
Сақталуы. Анестезин, новокаин және новокаинамид Б тізім бойынша сақтайды. Дикаинді А тізім бойынша сақтайды.
Анестезин, новокаин және дикаинді жергілікті жансыздандырғыш ретінде қолданады. Новокаинамид — антиаритмиялық зат. Анестезин 5—10%-жағылма түрінде, сеппе, майлы ерітінді, свечи түрінде қолданылады. Анестезин ішке 0,25— 0,3 г таблетка түрінде, ұнтақ түрінде қолданылады. Новокаин 0,25—0,5%-сулы ерітінді түрінде тері астына, тері ішіне, тамыр ішіне енгізеді. Дикаин новокаиннен белсендірек, алайда 10 есе уытты. Новокаинамид аритмияда 0,5—1,0 г ішке және тамыр ішіне 5—10 мл-ден 10%-ерітіндісі қолданылады.

Диалкиламиноацетанилид туындыларының медицинада қолданылатын препараттары: тpимeкаин және ксикаин, оларды бір-бірінен бензол сақинасындағы метил тобының санына байланысты ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет