ҚҰрастырғАН: аға оқытушы Ш. А. Жантуева


№2 дəріс. Географиялық карталар



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата18.12.2019
өлшемі2,33 Mb.
#53785
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Картография


№2 дəріс. Географиялық карталар
Масштаб жəне олардың түрлері.
Карталар  ірі  жəне  ұсақ  болады. Егер  сіздер  ірі  маштабты  өзінің  өлшемі
бойынша  ұсақ  масштабтан  үлкен  болады  десеніздер  қателесесіздер. Бірдей
өлшемді парақ бетіне бүкіл əлемді, мемлекетті немесе оның кішкентай бөлігінің
орналастырып  бейнелеуге  болады. Барлығы  масштабқа  байланысты  болады.
Карта масштабы  картаның ең басты эементтерінің бірі болып келеді. Картамен
білімді  жəне  білікті  жұмыс  жасау  үшін  оны  нақты  білу  керек. Масштаб  ірі
болған  сайын  карта  бетінде  кеністік  кен  болып  көрсетіледі  немесе  керісінше
көрсетіледі.
 Ұсақ  масштабты  карталарда  жергілікті  жердің  мəліматі  аз  болып
бейнеленеді  ал  масштаб  ірі  болған  сайын  мазмұн  элементтерінің  мəліметтері
кенінен көрсетіледі.
  Масштаб Жер  бетін  картаға  бейнелеуде  неше  дəрежеге  кішірейтіп
бейнелегенін анықтайды.
  Карта  масштабы – картадағы  сызық  ұзындығына  қатысты  жергілікті
жердегі сызық ұзындығының қатынасы.
  Картаның жалпы масштабы жер беті неше дəреже кішірейтіліп   картада
оның бейнеленгенін анықтайды. Картада жалпы масштабтын мағынасы міндетті
түрде көрсетіледі. Картада масштабты көрсетудің үш тəсілі қабылданған.
  Сандық  масштаб -  сандар  қатынасын  көрсетеді. Оны 1: m  бөлшегі
ретінде  жазады. Алымында  əрқашан 1 болады, ал  бөлшегінде  картадағы
сызықтардын  ұзындығынын  кішірейген  мөлшері  көрсетіледі.Сандық  масштаб
мынадай түрде көрсетіледі 1: 10 000  немесе 1: 1000 000.
   Атаулы масштаб  жазу түрінде жергілікті жердегі қандай ара қашықтық
картадағы  бір  сантиметрге  сəйкестігін  көрсетеді (мысалы «1 сантиметрде 100
метр бар»).
   
Графикалық  масштаб – график  түрінде  көрсетіледі, оның  көмегімен
берілген картада өлшемдер жүргізуге болады.
   Графикалық масштаб сызықтық жəне көлденен болады.
Графикалық  сызықтық  масштаб  (1-сурет) және  көлденен  масштаб  (2-
сурет) өлшемді өте жоғарғы дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді.

13
                   1- сурет. Графикалық сызықтық масштаб.
10  8   6  4 2  0
10
8
6
4
2
0
1 км                  0                     1                     2                       3                     4                     5 км
                  2-сурет. Графикалық көлденең масштаб.
Топографиялық  план  мен  карталарда  сызықтық  масштаб  оңтүстік  жиек
сызықтың  астында  көрсетіледі. Сызықтық  масштабты  сызу  үшін  үшкір
ұшталған  қарындашпен  арасы 2 миллиметр  екі  параллельді  сызық  жүргізеді.
Осы екі сызықта  белгілі бір кесіндіні  (1 немесе 2 см) бірнеше рет белгілейді.
Осындай кесінді масштаб табаны ( основание) деп аталады.
 Сол  жақтағы  шеткі  табанды  сызықтық  масштабтың  ең  кіші  өлшемі  деп
аталатын 10 тепе-тең бөлшекке бөледі. Осыдын кейін, сандық масштабқа  сай,
жер  бетіндегі  қашықтықтарды  есептеп, сызықтық  масштабқа  цифрларды
жазамыз.
Бастапқы нүкте (ноль) ретінде сол жақтағы шеткі табанның оң жақ шетін
қабылдайды. Нолден  оңға  қарай  белгіленген  кесінділерге (табандарда) жер
бетіндегі табандарға сәйкес метр санын, ал нольден солға қарай табан үлестерін
жазады.
Өлшем атауы (метр, км.) сызықтық масштабтың оң және сол шеттерінде
көрсетіледі.
Мысалы: 1 :10 000 масштаб  болса, сол  жақта 500, 1000 м, ал  оң  жақта
1,2,3,4,5,6 км деп жазамыз.
  Дәлділікті  одан  әрі  жетілдіру  үшін  көлденең  масштаб  қолданылады.
Көлденең  масштабты  құрастыру  үшін  горизонтальдық  сызықты  бірнеше  рет
немесе  екі  сантиметрлік  табан  белгілейді. Осы  нүктелерден  перпендикуляр
сызамыз  да, оларды  он  тепе-тең  кесінділерге  бөлеміз. Осыдан  пайда  болған
нүктелерден  табанға  параллельді  сызықтар  жүргіземіз. Сол  жақтағы  шеткі
табанның  үстінгі  және  астынғы  сызықтарын  оңға  бөлеміз  де, қиғаш
сызықтармен қосамыз. Осыдан соң берілген сан бойынша көлденең масштабты
цифрмен белгілейді. Бастапқы  нүкте (ноль) ретінде сол жақтағы шеткі табанды
аламыз. Нольден  оңға  қарай  жер  бетіндегі  табандарға  сәйкес  метр  санын
жазады.(1,2,3,4 табан); ал  сол  жаққа  қарай - табан  үлестерін  көрсетеміз.
км 10
0
10
20
30
50 км
40

14
Табанның  жүздік  үлестерің  шеткі  вертикальды  төменнен  жоғарыға  қарай
белгілеу керек.
Көптеген  топографиялық  карталарда  барлық  үш  масштаб  беріледі -
сандық, сызықтық  және  атаулы.  Ұсақ  масштабты  карталарда  үлкен
территориялар бейленеленеді, мұндай жағдайда  сандық  масштаб ғана  беріледі.
Ал, мектеп карталарында тек ғана атаулы масштаб көрсетіледі.
Карта классификациясы
Карта классификациясы дегеніміз қандай да бір құбылысты немесе затты
олардың жалпы белгілері бойынша бөлу.
Карта классификациясы əр түрлі белгілерге байланысты болады жəне оны
сақтау  мен  қолдану  үшін  рациональды  тіркеу  жүргізеді. Классификацияның
негізгі  белгілері: масштаб, арналуы, аумақты  қамтуы, қолдану  тəсілі, басылып
шыққан жылы, мазмұны.
Масштаб  бойынша  классификация  масштабтын  əсерінен  картаның
ерекшелігі  мен  мазмұны  анықталады. Олар  толықтығымен , айқындылығымен,
сонымен  қатар  құру  əдістері  бойынша  ерекшеленеді.  Масштаб  бойынша
карталардың бөлінуі:
Ірі масштабты карталар  ........................1:200 000 жəне одан ірілері
Орта масштабты карталар .....................1: 300 000 тан 1:1000 000 дейін
Ұсақ масштабты карталар .....................1: 1 000 000 ұсақтары
Топографиялық карталардың масштабқа бөлінуі:
Ірі масштабты пландар ......................... 1:500,  1:1000,  1:2000
          Топогафиялық карталар
          Ірі масштабты..........................................1:5000,  1:10 000
Орта масштабты......................................1:25 000,  1:50 000
Ұсақ масштабты..................................... 1:100 000 1:200 000
Ірі  масштабты  карталарда  жергілікті  жердің  нақты  бейнелерін
көрсетеді.  Олар жергілікті жерді детальді зерттеу үшін, картада бағдарлау үшін
жəне  нақты  дəлділікті  талап  ететін  əр  түрлі  өлшемдер  мен  есептерді  орындау
үшін қызмет етеді.
Орта  масштабты  карталар
дəлділікпен  бейнелерді  бейнелеуден  ірі
масштабты карталардан ұтылады. Оларды аумағы үлкен алаңдарды  жалпы оқу
үшін жəне солған байланысты өлшемдер мен есептерді алу үшін қолданды.
Ұсақ  масштабты  карталар жергілікті  жердің  көптеген (значительно)
кішірейтілген  бейнесін  береді, сондықтан  оны  бөлек  құбылыстар, олардың
сипаттамасын өз ара байланысын көруге немесе жалпы оқу үшін қолданады.
Арналуы  бойынша географиялық  карталар  керекті  мақсаттарын  шешу
үшін  арналады. Анықтамалық, оқулық, əскери, аэроновигациондық, теңіздік,
жолдық, туристік. Бөлек  картографиялық  модель  ретінде  атластар, глобустар
жəне электореды карталар қарастырылады.
Аумақты  қамтуы  бойынша  географиялық  карталар  мынадай  топтарға
бөлінеді:
Жер шары картасы, бүкіл жер шарын қамтиды
Жарты шар картасы (мұхиттар, құрғақтар, оңтүстік жəне солтүстік )

15
Материктер мен мұхиттар карталары
Топтасқан мемлекеттер картасы
Мемлекеттер жəне олардың бөлік карталары
Қолдану  тəсілі бойынша  географиялық  карталар  қабырғалық, үстелдік,
бүктемелі, сандық болады.
Басылып шыққан жылы бойынша
Геграфиялық картаның басылып шыққан жылы картада  көрсетіледі.
Мазмұны 
бойынша 
карталар 
екі 
үлкен 
топқа  бөлінеді.
жалпыгеографиялық жəне  тақырыптық  болып  бөлінеді. Жалпыгеографиялық
карталар жергілікті жердің табиғи жəне əлеметті- экономикалық элементтердің
жан  жақты  негізгі  сиаттамаларын  бейнелейді.  Жалпыгеографиялық  карталар
жалпы  шолу  үшін, танысу  жəне  аумақта  сипаттау  үшін  арналған.  Ұсақ
масштабты жалпыгеографиялық карталар  шолу карталары деп аталады.
Жалпыгеографиялық картаның  ішкі мазмұн элементтеріне : геодезиялық
пункттер, гидрография, рельеф, елді  мекен  пункттері, жол  торабтары, шекара,
жасыл жабынды, əлеуметті экономикалық жəне топырақ элементтері кіреді.
Картаның əр  бір мазмұн  элементі əр  түрлі  белгілеу  түрлерімен  көрсетіле
алады-алаңдық, сызықтық, масштабтан  тыс  шартты  белгілермен, сандық  жəне
сапалық  сипаттамаларымен, қосымша  жазу  таңбаларымен, картаның
көрнектелігі үшін элементтердін əр түстілігімен.
Тақырыптық (арнайы) карталар  деп  бір  немесе  екі  табиғи  жəне
əлеуметті  геегрфиялық  элементтер  толық  мазмұнымен  жəне  айқындылығымен
(подробно) сонымен  қатар  олардың  байланыстарын  көрсететін  географиялық
карталарды  атайды.  Тақырыптық  картаның  басында  оның  тақырыбы
көрсетіледі. Тақырыптық карта қандай да бір нақты теманы  ашады.
Тақырыптық 
карталар 
физико-географиялық, əлеуметті –
экономикалық  жəне техникалық болып бөлінеді.
Физико-географиялық карталарға:
1. жалпы физико-географиялық;
2. геологиялық
3. жер бетінің рельеф карталары
4. атмосфералық құбылыс;
5. гидросфералық;
6. топрақтық;
7. ботаникалық;
8.  геофизикалық;
9. зоогеографиялық
əлеуметті – экономикалық карталар
1. халықтық (халықты орналастыру, халық құрамы, миграция т.б)
2. экономикалық
3. мəдениет
4. денсаулық сақтау
5. саяси əкімшілік
6. тарихи

16
Техникалық
1. жер асты комуникация
2. инженерлі құрылыс
3. жобалау карталары
4. мелиорация
6. орманорналастыру
7. жергеорналастыру
Негізгі əдебиет:
1. [8-9. 13-16]
2. [108.112]
Қосымша əдебиет:
1. [4-15]
2. Жалпыгеографиялық, тақырыптық жəне топографиялық карталар.
Бақылау сұрақтары.
1. Карта масштабы  деген не?
2. Картада масшабтын қандай түрлері көрсетіледі?
3. Географиялық карталар қандай ішкі мазмұн элементтерден тұрады?
4. Карталар қандай негізгі белгілер бойынша классификацияланады ?
5. Карталар мазмұны бойынша неше топқа бөлінеді?
№3 Дəріс.  Картаның мазмұн элементтері.
 Карта  элементтері – ол  картаның  құрылытын  бөліктері, оған  кіретін
картографиялық бейнелер, легенда жəне картаның сыртқы безендіруі.
Картографиялық бейненің - негізгі элементі, яғни карта мазмұны, олардың
орналасуы, қасиеттері, өз ара байланысы, динамикасы.
Жер  бетінде  өз  орнында  орналасқан  құбылыс  пен  объектілер  картада
бейнеленеді.
 Жалпыгеографиялық  карталарда құбылыс  пен  объектілер  мынадай
мазмұн  элементтерден  тұрады: елді  мекен, əлеуметті-экономикалық  жəне
мəдени  объекттер, жол  торабтары, бедер, гидрография, жасылжелек  жəне
топырақ, саяси əкімшілік шекаралар.
Елді мекен
 - карта мазмұны элементтерінің маныздысы болып келеді және
басқа элементтермен байланысты.
Елді мекен пункттерінің бөлінуі:
-орналасу  түрі  бойынша  қалалық  жəне  ауылдық  елді  мекендер. Қалалық
орнықталу өз кезегімен қалалық жəне поселкілік болып бөлінеді.
- əкімшілік манызы бойынша (əкімшілік орталықтары, астаналар)
- халық саны бойынша
Қала типтес орнықталуларға; қалалар, қала типтес поселкілер кіреді. Осы
топтағы  басқа  елді  мекендерден  қалалар  өте  тығыз  салынған  үйлерімен  жəне
есік  алды  учаскелерінің  жоқтығымен  ерекшеленеді.Қалалар  мен  поселкілер
планировкасы  мынадай болып ерекшеленеді; Регульярлы планировка (3-сурет)
кварталдардың  формалары  дұрыс  фигуралармен  беріледі, регульярлы  емес

17
планировка (4-серет) қала  аумағы  бойынша  бекітілген  плансыз  шашыранқы
орналасқан, шахматты планировка (5-сурет) көшелері өз ара перпендикульярлы
орналасқан, радиалды  планировка (6-сурет) көшелері  центрге  бағытталған,
аралас  планировка (7-сурет) қаланың  бір  бөлігі  радиалды, екінші  бөлігі
шахматты болады.
3-сурет. Регулярлы планировка           4-сурет.Регулярлы емес планировка
5-сурет. Шахматты      6-сурет.  Радиальды           7-сурет.  Аралас
             планировка                          планировка                      планировка
Ауыл  типтес  орнықталулар  салынған  үйлер  өздерінің  қосымша
учаскелерімен болады.
Ауылдық  типтегі  үйлердің  орналасуы  мынадай  болады: (7- сур.),
какварталдық дұрыс кварталдарды көрсетеді және көшелері перпендикульярлы
орналасады. (8- сур.)  қатарлық  бір  рядқа  созылып  жеке  меншік  шерлерімен
қоршалған. (9-сур.)  учаскілік  ретсіз шашыранқы орналасқан.
8- сурет  Кварталдық              9- сурет  Қатарлы           10- сурет Учаскілік
планировка                             планитровка
Елді мекеннің орналасу жағдайлары
.
Елді  мекен - өзен  бойында, жар  бойында, көл  мен  теңіз  жағалауында,
жолдардың  қиылысуында, таулы  аудандарда  және  төмен  жазықты  жерлерде
орналасады. Бұнын  бәрі  түрі  мен  мінездемесін  көрсетеді. Ірі  масштабты
карталарда елді мекен атауларының астына неше үй бар екенің көрсетеді.

18
а) жыралар бойында       б) су бөктерінде     в) тау бөктерінде     г) шашыранқы
                       11-сурет. Елді мекен пункттерінің орналасуы
Орта  және  ұсақ  масштабты  карталарда  тек  қана  елді  мекен  топтарын,
халық  санын  қаншадан  бастап  нешеге  шейін  берілетіні  көрсетіледі. Бұндай
жағдайда сан шкаласы көрсетіледі.
Əлеуметті-экономикалық  жəне  мəдени  объекттер:
өндірістік,
ауылшаруашылық 
және 
әлеуметтік-мәдениет 
объектілері - бұларға
өндірістер,кең  қазба  орындыары, жерқұбырлары,электро  жүйе  сызығы,
байланыс  жүйесі, аэродромдар, ауылшаруашылық  және  әлеуметтік-мәдениет
және тарихи объектілер кіреді.
Жол  торабтары: жол  байланыстарына  темір  жол, рельсіз  жолдар, су
жолдары , әуе жолдары болып бөлінеді.
Жол байланыстардын барлық түрі еліміздін ауыл-шаруашылығында және
әскери жұмыста өте маңызды орын алады. Сондықтан картада бұл элементтерді
бейнелеуде маңызды көңіл аудару қажет.
Әр-бір жол өзінше болып жеке-жеке бөлінеді.
Темір  жол  жол  саны  бойынша: бір  кольейлі, екі  кольейлі  және  көп
кольейлі, ені бойынша жінішке және кең кольейлі, тарту мінездемесі бойынша
электрофицрленген және бумен тарту.
Жағдайы  бойынша: істеп  тұрған, салынып  жатқан  және  жиналып
тасталған. Картада темір жол мінездемесі шартты белгімен бейнеленеді.
рельсіз  жолдар: олар  автострада, жақсартылған  шоссе, жай  шоссе,
жақсартылған грунтты жол, грунтты жол, ормандық және егістік жолдар болып
бөлінеді.
Су жолдары - теңіздік және өзендік. Картада пристань және өзеннің кеме
жол  бөліктерін   көрсетеді. Кемежол  каналдары. Теңіз  жол  байланыстарын
қисық сызықпен кемелердің портқа кіру жолы көрсетіледі. Бұл сызық бойында
ұзындығы киллометрмен көрсетіледі.
Әуе  жол  байланыстары - әуе  жолын  сызық  көмегімен  аяққы  пунктердің
байланысын көрсетеді.
Гидрография: Гидрографияға  мынадай  су  объектілері  кіреді: Теңіз,өзен,
каналдар, көлдер, бұлақтар, құдықтар, арықтар, су қоймалары.
        
Өзендердің,  көлдердің,  теңіздердің  жағалау  сызығы: қалыпты  және
айқын, тұрақты және тұрақты  емес.
Гидрографияны  бейнелеуде  толық  мінездемесің  беру  үшін  әр  түрлі

19
шартты  белгілер  қолданылады. Теңіз, көл, өзендердің  жағалау  сызығы  толық
сызықпен  ал  бір  қалыпты  емес  жағалаулар  үзінді  сызықпен  беріліп  теңіз  бен
каналдардың  ағу  жылдамдығы, ені, су  сапасы  мен  құрамы  және  де  басқа
мінездемелері  беріледі. Ірі  және  маңызды  су  объектілеріне  географиялық
атаулары беріледі.
Бедер  объектілері:
Бедерді  картада  бейнелеуде  оның  сипаттама
формасын , бағытын, түсу  қисықтығы  және  оның  бөлініп  кететінің  көрсету
қажет.  Картада  бедердің  бірнеше  тәсілін  бейнелеуге  болады  штрихпенен,
бояумен  кескіндеу, штрихпенен  көрсету, горизонтальмен  көрсету. Бедердің
жеке  формалары  ерекше  шартты  белгімен  бейнеленеді. (жыралар, жарлар,
төгінділер). Жер  бетіндегі  жеке  нүктелердің  теңіз  деңгейінен  жоғары
нүктелердің биіктігі көрсетіледі.
жасылжабынды жəне топырақ:
саяси əкімшілік шекаралар:
Саяси-әкімшілік  шекаралар
 -  мемлекеттік  шекара, әкімшілік  шекара,
қорықтық шекара және қоршаулар болып келеді.
Жасылжелек  және  топырақ  элементтеріне
 - саз, орман, бұтақ, дала, сор,
құм т.б. кіреді.
Ормандар  құрамы  бойынша  шыршалы, жапрқты  болады  және  аралас
болады. Орман массивтері әр түрлі болып келеді.
Саз  балшықтар  өзінің  жабындысына  қарай  ағаш, бұтақ  немесе  шөп  өсіп
тұрғанына қарай бөлінеді. Құрылысы бойынша өтпелі және тпесіз болады.
Шалғындық: сазды, суғармалы, бұтақты, және орманды болады.
Дала: шөпті және жартылай шөпті.
Сор: өтпелі және өтпесіз болады.
Құмдар: таулы, грядты, таулы және т.б түрлері болады.
Карта  мазмұнының  элементтері  өзінің  нақты  шартты  белгісімен
бейнеленеді.Шартты белгілерді қолдану карталарды құрастыруда және көптеген
сұрақтарға жауап береді.
Көптеген  объектілерді  бейнелеуде  олардын  контурын  беріп  сосын  ішін
шартты белгімен толтырады.
Егер карта масштабында қандай да бір объект бейнелене алмаса онда оны
масштабына байланысты нақты  шартты белгісімен бейнелейді.
Тақырыптық  жəне  арнайы  карталарды  картографиялық  бейнелерден
құрылатын  екі  бөліммен  айырады. Біріншіде – географиялық  негіз, яғни
жалпыгеографиялық  мазмұн  бөлігі, ол  тематикалық  жəне  арнайы  мазмұн
элементтерді  еңгізу  мен  байланыстыру  үшін, сонымен  қатар  карта  бойынша
бағдарлау  үшін  қызмет  етеді. Екіншіден  тематикалық  жəне  арнайы  мазмұн
(мысалы-аумақтың геологиялық құрылысы немесе навигациялық обстановка).
 Қандай  да  карта  болмасын   негізгі  элемент – легенда, яғни  картада
қолданған  шартты  белгілер  жəне  оларға  арналған  түсініктеме  жазулар.
Топографиялық карталарға арнайы шартты белгілердің кестесі құрылған. Олар
стандартталған  жəне  масштабқа  қатысты  барлық  карталарда  қолданылады.
Көптеген  тематикалық  карталарда  белгілер  унифициаланбаған, сондықтан

20
легенданы  карта  бетінде  орналастырады. Ол  белгілерге  түсініктеме
береді.Күрделі  карталарда  легенданың  ақпараттығын  арттыру  үшін, оны  кейде
кестелі форма түрінде көрсетеді.
Картографиялық  бейнелер  математикалық  негізде  құрылады, оның
элементтері: картографиялық  тор, масштаб,геодезиялық  негіз  болып  келеді.
Ұсақ  масштабты  карталарда  геодезиялық  негіз  элементтері  көрсетілмейді.
Математикалық  негізбен  карта  кампоновкасы  тығыз  байланысты, яғни
картографияланатын  аумақты  картографияланатын  парақ  бетіне  орналастыру,
оның  рамкасын  анықтау, сыртқы  рамкасын  безендіру  жəне  қосымша
мəліметтерді орналастыру.
 Карталар  үшін  рамка  түрлері  əртүрлі. Олардың  көбісінде  рамка  бір
жінішке  сызықпен  картографияланатын  бейнелердің  шектелуін  көрсетіп  ішкі
рамка деп аталады. Оған параллельді екінші рамка сызылып сыртқы рамка деп
аталып  картаның  көркемділігі  үшін  қызмет  етеді. Ішкі  жəне  сыртқа  рамкалар
арасында  рамкаға  шығатын  параллельдер  мен  меридиандар (градуста  немесе
минутта) көрсетіледі.
           
Ішкі  рамка  екі  жақын  орналасқан  параллельді  сызықтардан  тұрады,  екі
параллель  мен  меридиандардын  шығыстарының  арасында  градустар  мен
минуттардың  бөлінулері  жүргізіледі. Ондай  рамкалар  градустық  рамкалар  деп
аталады.
Жеке 
карта 
группаларына 
рамка 
мінездемесі 
қатал 
өз
инструкциасымен беріледі. Оған топографиялық және теңіздік карталар кіреді.
 Мысалы  топографиялық  карталарда  градустық  бөліну  ішкі  рамка
бойынша  орындалмайды, ал  ішкі  рамкаға  параллельді  арнайы  құрылған
градустық  рамкалармен  орындалады.  Топографиялық  карталардың  рамкалары
құрылуы  бойынша  күрделі  жəне  картамен  жұмыс  орындау  үшін  қажетті
математикалық  негізге  қатысты  мəліметтерден  тұрады. Теңіз  навигация
карталарының  ішкі  рамкалары  үш  сызықтан  тұрады, ал  аралары  арасында
градустардың, минуттардың жəне минуттар бөліктері (доли)көрсетіледі.
 Сыртқы  рамканы  жінішке  немесе  жуан  суреттік  бейнелеуге  болады.
Кейбір  карталарда  өте  қатал  түрде  бір  немесе  бірнеше  сызықпен  көрсетуге
болады, ал  кейбір  карталарда  тек  қана  ішкі  рамка  көрсетіліп  сыртқы  рамка
көрсетілмеуі де мүмкін.
 Рамкалардың    көп  таралған  формасы  тікбұрышты  болып  келеді.
Трапеция  түріндегі  рамка  формалары  топографиялық  жəне  шолу –
топографиялық  карта  парақтары  үшін  қабылданған, себебі  көп  парақты
карталардың  бөлек парақтарға  разграфкасы оның ішкі рамкасы болып келетін
меридиан мен параллельдердің сызықтары бойынша орнатылған.
 Жердің жарты шарын бейнелеуде рамканы дөңгелек түрінде бейнелейді.
  Картографияланатын  аумақтын  масштабына  байланысты  карталар  бір
парақта немесе көп парақты болып шығады. Карталарды парақтарға бөлу карта
разграфкасы деп аталады.
  Парақтарға бөлу меридиан мен параллельдерге сəйкес келетін сызықтар
бойынша  немесе  карта  рамкаларының  тікбұрыштарына  параллельді  сызықтар
бойынша  жүргізіледі.Көп парақты карталардың əр бір парақтарына  сан , əріп

21
түрінде  тез  тауып  алу  үшін  атаулар  беріледі.  Разграфка  жүйесін  білімді  білу
үшін  көп парақты  карталарды  тез табу  үшін  əр  параққа  белгі (номенклатура)
беріледі. Топографиялық  карталарда  оң, сол, шығыс, батыс  сыртқа
рамкаларының ортасында көрші прақ номенклатурасы жазылады.
    
Карта  компановкасы:  картаграфияланатын  аумақты  карта  парағында
орналастыру, оның  рамкассын  анықтау, сыртқы  рамканы  безендіріп
орналастыру  жəне  қосымша  мəліметтер  карта  компановка  терминімен
анықталады.
    Топографиялық  карталар,  топографиялық-шолу  карталары   меридиан
мен параллельдер бойынша қабылданған əрқашан ортаңғы меридиан парағының
солтүстік-оңтүстігіне бағытталған. Карта рамкасының ішінде тек қана аумақтын
бейнесі  ғана  үздіксіз  болады  жəне  сол  бейнелердің  жалғасы  барлық  көршілес
карта  парақтарында  жалғасады. Карта  атауын, парақ  номенклатурасын,
масштабын, анықтамалық  мəліметтерді  жəне  қосымша  мəліметтер  бекітілген
үлгі  бойынша  орналастырылады  яғни  ол  берілген  картаға  стандартты. Карта
компановкасының  стандарттылығы  құру  шартымен  жəне  көп  парақты  карта
парақтарын қолдануына жауап береді.
Негізгі əдебиет:
1. [16-18. 148-182]
2. [112-118]
Қосымша əдебиет:
1. [4-15]
2. Жалпыгеографиялық, тақырыптық жəне топографиялық карталар.
Бақылау сұрақтары.
1. Карта компановкасы деген не?
2. Карта разграфкасы деген не?
3. Гидрография элементтеріне нелер кіреді?
4. Елді мекендер қалай кассификацияланады ?
5. Жол торабтары қалай кассификацияланады?
№4 дәріс.  Картографиялық генерализация.
Картографиялық генерализация деген – картада бейнеленетін объекттерді
оның арналуына, масштабына, мазмұнына және картографияланатын аумақтын
негіздеріне қатысты таңдау және жинақтау.
Генерализация термині латынының generalis деген сөзінен шығып жалпы,
ең  манызды  дегенді  білдіреді. Процесстің  мақсаты  болып  картада  негізгі
объекттердің  сипаттамасын, оның  сипаттамалық  негіздерін  және  өз  ара
байланысын өткізуден тұрады.
Генерализация – барлық  картографияланатын  бейнелерге  жүргізілетін
қасиет, ол ең ірі масштабтарға да жүргізіледі. Жергілікті жерді ең бірінші рет 1:
1000 масштабқа түсірістің өзінде топограф интуитивті бедердің, жасылжелектің,
жол  торабының  қандай  детальдарын  түсіріс  планшетіне  еңгізу  керектігіне, ал
қайсылары  болар-болмас  немесе  берілген  масштабқа  еңгізілмейтініне

22
генерализация жүргізеді. Картаны камералды құруда ортанғы содан  кейін ұсақ
масштабтарда  да  детальдарды  және  нақтылықты  қабылдамай  бейнелерді
әрқашан  қысу  керек. 1:100 000 масштабында  жергілікті  жердің  бір  квадрат
километірі  картада бары жоқ 1см
2
 аланың алып  жатады, онда тек қана негізгі
елді  мекендерді, басты  жолды, өзенді  көрсетуге  болады.  1:1000 000 та  алаң 1
мм
2
  қысылады  және  онда  тек  қана  бір  елді  мекенді  сақтап  қалуға  болады, ал
одан да ұсақ масштабтарда – 1:10 000 000 оған да орын қалмайды.
Жер  бетінің 1 км
2
  әр  түрлі  масштабты  карталарда  қалай  бейнеленетінің
қарастырайық.  1 :1 000  карта масштабында ол 1 м
2
 болады, ал  1:10 000 карта
масштабында - 1 дм
2
  болады, 1 : 100 000 карта  масштабында - 1см
2
болады
және 1 : 1000 000 - 1 мм
2
 болады. 1: 1000 масштабтағы бейнелердің бәрін ұсақ
масштабтарға  көрсету  мүмкін  емес. Сондықтан  масштаб  кішірейген  сайын  ірі
масштабтағы бөлек элементтер көрсетілмейді.  Сондықтан  масштаб кішірейген
сайын керекті элементтерді таңдап талдап көрсетеді.
Генерализация  объекттердің  сандық  және  сапалық  сипаттамаларын
жинақтап, кеністікте  орналастыруда  детальдардын  негізгі  түрлерін  нақты
бейнелеуде қолданылады.
Генерализация факторлары.
 Генерализация факторлары: карта масштабы,
оның  арналуы, тақырыбы  және  түрі, картографияланатын  объекттің  негізі  мен
зерделенгендігі, картаны  безендіру  графикасы. Факторлар  генерализацияға
жақындауды, оның шарты мен сипаттамасын анықтайды.
Картаның  арналуы
.  Картада  тек  қана  оның  арналуына  ғана  қатысты
объекттерді  көрсетеді. Картаның  арналуына  жауап  бермейтін  басқа
объекттердің  бейнеленуі  картаны  қабылдауға  кедергі  беріп  картамен  жұмыс
жасауды қиындатады. Егер мысалы мектептік оқулық саяси-әкімшілік картасы
сынып  тақтасында  көрсету  үшін  арналса, онда  тек  қана  ең  негізгі  мазмұн
элементтерін сақтайды (үлкен қалалар, шекаралар және т.б). Оларды жинақтап
артық  детальдарсыз  ірі  белгілермен  бейнелейді.  Ал  егер  сондай  картаның
арналуы  анықтамалық  болып  және  үстелдік  болып  қолданылса, онда  ол
берілген  масштабқа  максимум  мүмкіндікпен  әкімшілік  бөліну, елді  мекен
пункттері, жол торабтары жайлы мәліметтер мазмұнынан құрылуы керек.
Масштаб әсері.
Ірі бейнеден ұсаққа өтуде карта алаңы қысылып масштаб
әсері пайда болады. Жоғарыда айтылғандай  ұсақ масштабта барлық детальдар
мен толықтылықты көрсету мүмкін емес, сондықтан оларды талдау, жинақтау,
алып тастау керек.
Бір  мезгілде  масштабтын  кішірейуімен  кеністікте  қамту  үлкейеді, ол
генерализацияға  келіп  соқтырады.  Ірі  масштабты  карталарға  маңызды
объекттер (мысалы  жергілікті  жер  ориентирлері), ұсақ  масштабты  карталарда
өзінің манызын жоғалтады  яғни  оны алып тастау  қажет. Елді мекен  пунктерін
бейнелеуде  ірі  масштабтан  ұсақ  масштабқа  өтуде  мазмұнының  өзгерісін
қарастырып көрейік.
Ірі  масштабты  карталарда  елді  мекен  толық  мінездемесімен, айқын
көшелерімен, бұрылыстарымен, бау-бақшаларымен  және жеке тұрған  үйлеріне
шейін  көрсетеді. Масштаб  кішірейген  сайын  бұрылыстарды, қосымша

23
көшелерді  алып  тастайды. Жеке  үйлер  мен  бау-бақшаларды  көрсетпей  оның
бәрін квартал ішіне кіргізеді. Ары қарай масштаб кішірейген сайын елді мекен
шашкалармен  немесе  пунсонмен  бейнеленеді.Пунсонды  елді  мекен  тұрғынына
және типіне қарап белгілейді.
12 ші суретте  төрт әр түрлі масштабта елді мекен көрсетілген.
а) суретінде  1: 25 000 масштабтағы карта көрсетілген ал б) суретінде 1 :
50 000 масштабқа елді мекен құрастырылған.
Масштаб шарты бойынша бұл карталарда елді мекен өзгерісі қатты емес.
Кварталдардың  бәрі  конфигурациасымен  қайталанған. Көшелердің  бәрі
көрсетілген. Ал 1 : 100 000 в) сурет  масштабында  осы  елді  мекен  кәдімгідей
қысқартылып  көрсетілген. Бұл  жерде  елді  мекеннің  жалпы  контуры  сақталған
және  басты  магистраль  көрсетілген. Жолдармен  қатынасатын  көшелер  ғана
қалдырылған. Енді  г) суретінде  елді  мекен 1 : 1000 000 масштабында
бейнеленген. Масштаб шарты бойынша бұл елді мекен пунсонмен  бейнеленген.
Негізгі магистраль пунсонның нақты ортасына жақындайды. Қалған жолдар да
пунсонмен беттеседі.
12-сурет. Елді мекен  генерализациясының мысалы: а) масштаб 1:25 000,
б) масштаб 1:50 000, в) масштаб 1: 100 000, г) масштаб 1:1 000 000
Егер  елді  мекен  теңіз  жағалауында  орналасса  онда  пунсон  теңіз  жағалау
сызығымен  беттесуі  қажет. Ал  егер  елді  мекен  тура  жағалауда  орналаспаған
болса  онда  пунсонды жағалау  сызығын 0,3 - 0,4 мм  ары орнатуға болады.Егер
елді  мекен  жағалаудын  екі  жағасында  да  орналасса  онда  пунсонды  бейнелеп
жағалау  сызығын  үзіп жіберіп ары  жалғастырамыз. Пунсонның орнықты  орны
бедермен  және  жасыл  желекпен  байланысты  болуы  керек. Қажет  кезінде

24
пунсонды  емес  ал  өзінің  саз  балшық, жасыл  желек  немесе  басқа  контурларды
кішкене жылжытады. Жолдар пунсонға қатты тақалуы қажет.
Картада  барлық  елді  мекен  атаулары  беріледі. Сондықтан  елді  мекен
пунктін  орналастыру  үшін  талдау  жүргізіледі. Атаулар  картаның  оңтүстік  пен
солтүстік рамкаларына паралельді орналасады. Атауларды елді мекен пунктінің
тура  центрінің  оң  жағына  орналастырады. Жеке  жағдайларда  егер  оң  жағында
элементтерден  орын  болмаса  онда  атауды  сол  жағына  немесе  төмен  әлде
жоғары орналастырады.
Карта  тақырыбы  және  типі-
  картада  қандай  элементтерді  үлкен
толықтылықпен  көрсету, сонымен  қатар  жинақтап  немесе  мүлдем  алып
тастауды  анықтайды. Геологиялық  немесе  топырақтық  карталарда  гидро
торабын  детальды  көрсету  маңызды  себебі  ол  карта  тақырыбымен  тығыз
байланысты. Бірақ жалпы ориентирлеу  үшін жол  мен елді мекен  пункттерінің
кейбіреулерін ғана қалдыруға болады, ал әкімшілік шекараларды мүлдем алып
тастауға болады. Экономикалық тақырыптық карталарда  керісінше елді мекен
пункттерін , жол  торабтарын  және  әкімшілік бөлінуді  толықтылықпен  көрсету
міндетті.  Ал  керісінше  өзен  торабын  жинақтап  кеме  жүзуге  жарамды  ғана
өзендерді ғана сақтап көрсетуге болады.
Әр түрлі карта типтерінде әр түрлі генерализация болады.
Картографияланатын объекттердің негіздері.
Бұл фактордың әсері картада
сипатталған  объект  элементтерінің  есте  қалар  ерекшелікті  көрсету. Мысалы,
далалық  және  шөлейт  аудандарда  ұсақ  көлдердің  біреуін  де  қалдырмай
барлығын көрсету өте маңызды, себебі ол қуаншылық (кеуіп кеткен) аумақтарда
өте  маңызды. Ал  мындаған  ұсақ  өзендер  кездесетін  тундралы  ланшафтарда
олардың көбісін генерализация кезінде  алып тастауға болады, мұнда аумақтын
көлдерінің жалпы сипаттамасын дұрыс бейнелеп көрсету маңызды.
Объекттің  зерделенгендігі.
  Объект  бейнеленуінің  зерделенгендігі
жеткілікті  болғанда  максималды  толық  болуы  мүмкін. (карта  масштабы  мен
арналуы  үшін), ал  фактілі  материалдардын  жетіспеушілігінде  ол  жинақталған,
схемалық  болып  келеді. Зерделік  факторы  картографиялауға  қолданылатын
сапамен  және  мәліметтердің  толықтығымен  тығыз  байланысты.  Сондықтан
гипотетикалық  және  болжау  карталары  толық  емес  мәліметтерден  құрылып,
объект  жеткіліксіз  зерделенген  және  оның  таралу  занының  мәліметтері  толық
емес  болғандықтан  нақты  генерализациаланған. Гипотетикалық  карталар
схемалық болуы керек.
Картаны безендіру.
Көп түсті карталар бір түсті карталарға қарағанда көп
белгілерді  көрсетуге мүмкіндігі бар. Баспаның  жақсы сапасында  және фондық
бояуды, значоктарды, штриховкаларды  дұрыс  таңдауда  бір  картада  алтыға
дейін  өз  ара  жабатын  қабаттарды  картаның  оқылуына  ешқандай  әсер  етпейтін
қылып  біріктіруге  болады. Бір  түсті  картада  немесе  шектелген  краска
түрлерімен  ондайды  орындау  мүмкін  емес, сондықтан  карт  мазмұнына
генерализация орындау қажет.
Генерализацияның сипаты мен дәрежесін келесі шарттар бойынша дұрыс
орналастыруға болады:

25
1) әр  түрлі  географиялық  ландшафтар  мен  жергілікті  жердің
географиясына  сипатталған  әр  түрлі  элементтердің  шығуының  және  сыртқы
негіздерінің жақсы білімінде.
2) картада бейнеленетін барлық элементтерді дұрыс классификациялау,
барлық карта мазмұнын біркелкі қамтамасыздандыру классификацияның өз ара
байланысы және өз ара  шарттары
3) барлық картаның мазмұның бейнелеу үшін бейнеленетін қасиеттерді
дұрыс  таңдау (шартты  белгілердің  сипаттамасы  мен  размері, базендіру
бояулары).
Негізгі әдебиеттер:
1[ 148-182]
Қосымша әдебиеттер:
2[133 -169], 3.Карталар мен атластар
Бақылау сұрақтары
1. Картографиялық генерализацияға анықтама бер.
2.Карта масштабы неге әсер етеді ?
3. Карта генерализациясы не үшін орындалады?
4. Гидрография элементтерін генерализациалауда неге қарайды?
5.Анықтамалық  және  оқулық  карталарда  генерализация  сипаттамаларының
айырмашылығы немен түсіндіріледі?
№5 дәріс.  Картада рельефті бейнелеу.
Физикалық жер бетінің əр бір учаскелері əр түрлі формалы болып келеді.
Жер бетінің кеңістік формаларының жиынтығы рельеф деп аталады.
Рельеф  географиялық  ортаның  ең  басты  элементтерінің  бірі. Ол
жылудың, ылғалдың, химиялық  элементтердің  миграциялық  сипаттамасын,
топырақтардың орналасуын жəне жер бетінің жасыл жабындысына үлкен əсер
етеді.
Сонымен  рельеф  құрылымы  аумақтың  ландшафтық  негізін  анықтайды.
Рельеф  сипаттамасынан  елді  мекен  пункттерін, жол  торабтарын, өндірістік
жəне  энергетикалық  құрылымдарды  сонымен  қатар  ауыл  шаруашылық
өндірістерін орналастыру қатты байланысты болады.
Əскери əрекеттерде рельефтің негізгі учеті құпия жылжу мүмкіндіктерін,
маскировканы жəне өту шартын анықтау үшін қажет.
Картада  рельеф  формасын  жəне  оның  əр  түрлі  ерекшеліктерін  шығару
үшін ғана емес, сонымен қатар оның абсолютті жəне биіктік қатынасының, еңіс
бұрыштарының, бөліну дəрежелерінің сандық сипаттамаларын алу үшін қажет.
Яғни картада рельефтің бейнеленуі айқын жəне өлшемді болуы керек. Картада
бір мезгілде үш өлшемділіктің формасы: ұзындығы, ені жəне биіктік көрсетілуі.
Теңіздің ортаңғы деңгейінен атықталатын жергілікті жердің нүкте биіктігі
абсолютті  биіктік  деп  аталады. Жергілікті  жердің  бір  нүкте  биіктігінің  екінші
нүкте  биіктігіне  қатыстығы  қатысты  биіктік  деп  аталады  жəне  ол  сол
нүктелердің абсолютті биіктік айырмашылықтарына тең болады.

26
Картада  рельефті  көрсету  үшін  əр  түрлі  тəсілдерді  қолданады, бірақ
олардың  бəрі  бір  уақытта  рельеф  бейнеленуінің  пластикасымен  өлшемділігін
бермейді. Топографиялық  карталар  жергілікті  жердің  əр  түрлі  сипаттамасын
алу үшін арналған.  Картада  рельефтің бейнеленуі толық, дəлді жəне өлшемді
болуы  тиіс. Мұндай  талапты  горизонтальəдісітолық  орындайды. Сондықтан
жаңа  заман  топографиялық  карталарында  рельефті  горизонтальдар  көмегімен
бейнелейді  жəне  қосымша  сипатталған  жергілікті  жердің  нүкте  биіктіктерін,
рельефтің  бөлек  элементтерін  жəне  формаларын  шартты  белгілермен
бейнелейді.
Горизонталь – ол  күрделі  қисық  сызық, теңіз  деңгейінен  биіктіктері
бірдей  барлық  нүктелер, яғни  əр  бір  горизонтальдардың  абсолютті  биіктігі
тұрақты. Егер  рельефтің  қандай  да  бір  формасын  горизонтальды
жазықтықтармен  қиатын  болса (13.А-сурет) қиманың  əр  бір  сызығының
биіктігі  тұрақты  болады, сонысына  байланысты  ол  горизонталь  болып  келеді.
Қиылатын  жазықтықтарды  биіктіктер  бойынша  бірдей  қашықтықтар  арқылы
құрады  жəне  алынған  қималар  жалпы  жазықтыққа (картаға) тіктеуіш
сəулелермен  жобалайды. Соған  байланысты  картада  рельефтің  бейнеленуін
бекітулі қисық сызықтар жүйесімен алады. (13.Б сурет).
13-сурет. Горизонтальдардың  пайда  болуы  жəне  картаның  горизонтальды
жазықтығына оларды жобалау.
Горизонтальдардың  бейнесі  рельефтің  формасыменң  ал  саны (берілген
картада) жергілікті жердің нүкте биіктігіне қатысты болады.
Екі  көршілес  горизонтальдардың  биіктік  ара  қашықтығы  рельефтің  қима
биіктігі  деп  аталады. 14,А  суретте  верткалды  жазықтықпен  жер  беті
учаскесінің  кесіндісі  көрсетілген. 90, 100, 110 жəне 120 метр  абсолютті
биіктіктері  бар  горизонтальды  түзу  болып  бейнеленеді. Мұнда  қима  биіктік h
10 метр тең қылып алынған. Горизонтальды жазықтықтармен (горизонтальдар)
жер  бетінің  қима  сызықтары  жалпы  горизонтальды  бетке (яғни  картаға)
жобаланғаны 
көрсетілген (14.Б 
сурет). Картада 
екі 
көршілес
горизонтальдардын  арасындағы  ара  қашықтықтар  салымдар d  деп  аталады.

27
Ылдидағы  нүктелер  арасындағы S ара  қашықтықтан  салымдар  əр  қашан  кіші
болады.
14-сурет.  Рельефтің  қима  биіктігі: А – жер  бетіндегі  салым  жəне  бұрыш
еңісі, Б –  горизонтальдар жəне картадағы салымдар.
Еңіс  құлдилығы  бұрыш  көлбеуі  α  арқылы  көрсетіледі. Бір  қалыпты  қима
биіктігінде   еңіс  көлбеуінің  өзгеруі  салымның  өзгеруін  көрсетеді. Бұрыш
еңісі үлкен болған сайын картада салым кішкене болады.
Рельфтің  қима  биіктігі  картада  оның  бейнеленуіне  əсер  етеді. Сирек
жазықтық  кесінділерінде, яғни  қима  биіктігі  үлкен  болған  жағдайда, жер
бетінің  ерекше  формалары  бейнеленбей  қалады. Мысалы  еңістің  төменгі
бөлігінде 14.А, суретте  картада  бейнеленбей  қалған  үкен  емес  жоталар  жəне
сайлар  көрсетілген. Сондықтан  детальды (ірі  масштабты) карталарда  қима
биіктік  кішкентай  болуы  керек, ал  масштаб  кішірейген  сайын  қима  биіктік
үлкейеді. Топографиялық  карталарда  рельефтің  стандартты  қима  биіктігі
қолданылады. Мысалы  түзу  жəне  төбешік  аумақтарды  картографиялауда
масштаб бойынша келесі  қима биіктіктер қолданылады: 1:25 000 - 5 м, 1:50 000
- 10м, 1:100 000 -20 м, 1:200 000 - 40 м. Ара қашықтық биіктіктері стандартты
горизонтальдар  тұтас  горизонтальдар  деп  аталады. Оларды  жіңішке  қоңыр
сызықтармен  сызады. Ылдидың  бағытын  кішкентай  штрихтармен  бірнеше
жерден  горизонтальдарға  перпендикульярлы  ылдидың  төмендейтін  жағына
қарай қойып көрсетеді. Олар ылдидың көрсеткіштері немесе бергштрихтар деп
аталады. Берілген  картада  қабылданған  қима  биіктігінің  көрсеткіші  картаның
сызықтық  масштабының  астына  фраза  түрінде «Тұтас  горизонтальдар ....метр
сайын  берілген» деп  көрсетіледі. Тұтас  горизонталдардың  абсолюттік
биіктіктері  горизонтальдардың  арнайы  бөлінген  жерлерінде  жазылады. Əр
қашан  сандардың  басы  ылдидың  жоғары  жағына  орналасуы  керек. Бұл  жазу
таңбалар  басқа  горизонтальдардың  биіктіктерін  анықтау  үшін  көмектеседі.
Карталарда  əр  бір  бесінші  горизонталь  қалындатылып  беріледі. Мұндай
горизонтальдардың  биіктігі  əрқашан  берілген  картаның  беселенген  қима
биіктігіне қатысты болады.
Жайпақ  ылдиларда, кейде  рельефтің  негізгі  детальдары  орналасады
(шұңқырлар, кертпештер, қыраттар), олар  стандартты  қима  биіктік  бойынша

28
картада  бейнеленбей  қалады. Мысал  ретінде 14.Б  суреттегі  90  мен 100
метрдегі горизонтальдар арасындағы ылдидың төменгі учаскесі көрсетілген.
Мұндай  жағдайларда  негізгі  қима жазықтықтар  арасыннан қосымша  үздік
сызықтармен 
картада 
горизонтальдар 
жүргізіліп 
оларды 
жартылай
горизонтальдар деп атайды.
14.Б суретте  90 мен 100 ші метрдегі  негізгі горизонтальдар арасындағы
ылди  бөлігі  ұзын  жəне  жайпақ  болып  көрінеді. Шын  мəнісінде  ол  биіктікпен
күрделенген. 15-суретте  сол  учаскенің  үлкейтілген  түрінде  картада  беткейдің
құрылымы  нақты  айқындылықпен  бейнеленген, қосымша  қима  жазықтықтар
құрылған, 95 метр  жартылай  горизонталь  жəне 98 м  қосымша  горизонталь
жүргізілген.
15-сурет.  (90 жəне 100 м) негізгі  горизонтальдар, (95 м) жартылай
горизонталь жəне   (98 м) қосымша горизонталь.
16-сурет. Ылдилардың  негізгі  түрлері  (А –  профиль) жəне  олардың
горизонтальдармен бейнелері  (Б)
Рельефтің  сипаттамасына  биік  төбелердің, төмеңгі  шұңқырлардын, өзен
мен  көлдердің  су  деңгейінің  дəрежесі (уровень), сонымен  қатар  еңіс
бұрылуларындағы  нүктелер  биіктіктерінің  берілімдерінің  маңызы  зор. Бұл
нүктелер  картада  көрсетіледі  жəне  қастарына  олардың  абсолютті  биіктіктері
метрмен жазылады. Мұндай жазу таңбалар биіктік белгілер деп аталады.
Жер бетінің рельефі əр түрлі формалы ылди мен құлдилықтардан  тұрады.
Түзу  ылдиларды, планда  жəне  профильде  иілген  ылдиларды  схемалық  түрде
көрсетуге  болады. Картада  əр  түрлі  ылдиларды  бейнелеу  горизонтальдардың

29
формаларымен  жəне  əр  түрлі  шамада  салынған  сипаттамаларымен
бейнеленейді(16-сурет).
 Екі  еңістің  бір - біріне  қарама – қарсы  кездесуінде  рельеф  сызығының
бұрылуы  пайда  болады. Олардың  арасында  су  бөлінетін  жəне  сужинайтын
еңістің  жарқабағын  жəне  табаның  көрсету  керек. Субөліну  сызығы  қарама –
қарсы  бағытта  екі  еңістің  беттесуінен  пайда  болады, рельефтің  дөнес
формасынан тұрады.
Субөліну  сызығы  немесе  тальвег -  қарама – қарсы  бағытта  еңістің
бүгілген сызығы рельефтің ойыс формасы, төменнен жоғарыға өту жүргізіледі.
Еңіс  жарқабағы – горизонтальды  аланның  немесе  жазық  еңістің  тік
еңіспен  бүгілген сызығы.
Еңіс  табалдырығы - өте  күрт  еңістен  жəй  еңіске  немесе  горизонтальды
алаңға өту сызығы.
Жарқабақ  пен  табанда  еңістің  бағыты  өзгермейді, ал  құлдилық  өзгереді.
Табиғатта  рельефтің  бүгілген  сызығы  иілген  жəне  көлбеу  болады. Еңістердің
күрделі  емес  теңестірулері  рельефтің  жəй  формасын  құрайды (жағымды  жəне
жағымсыз). Рельефтің  жағымды  формалары  қоршаған  жергілікті  жерде
жоғарылайды. Олар тау (таушық), жəй жота бөктер, ойық. Рельефтің жағымсыз
формалары ол ойыс формалар – шұқыр, алқап, ойпат, сай, еңістің иілуі.
17-сурет. Горизонтальдарды, биіктік  белгілердің  жəне  шартты
белгілердің көмегімен жергілікті жердің рельефі бейнеленген.
Тау  үлкен  немесе  кіші  тік  еңістермен, жоғары  көтеріліп  жəне  тау
шынының  ең  жоғарғы  нүктесімен  аяқталып  пайда  болады. Оның  төменгі
бөлігінде  табан  болады – тау еңісі сызығының жергілікті  жер  қоршауына  өту.
Тау – жоталар  бекітілген  горизонтальдармен  бейнеленіп  сыртқа  қарай
бағытталған бергштрихтермен көрсетіледі (I7-сурет).
Шұқыр – төмен  түсетін  тік  бекітілген  еңістерден  пайда  болады  жəне
шұңқырдын  ең  төмен  нүктесімен  аяқталады. Шұңқырдың  жоғарғы  бөлігі

30
желекпен бірігіп қоршаған  жергілікті жердің еңіс сызығына  өтеді.Шұңқыр  тау
секілді  бекітілген  горизонтальдармен  жүргізіліп  бергштрихтарды  ішіне  қарай
көрсетеді.
Жəй  жота  – жоғары  көтерілетін  екі  еңістен  пайда  болады. Олардың
беттесу  сызығы суды  бөлу  сызығы  болып  келеді.  Жота  төменгі  бөлігінде
жергілікті жердің тік жерлеріне өтеді.
Алқап – төмен  түсетін  жəне  беттескенде  тальвег  сызығын  беретін  екі
еңістен пайда болады.
Сонымен  рельефті  горизонтальдармен  бейнелеу  карта  бойынша
рельефтің  элементтері  мен  формаларын  тану  жəне  оның  сандық
сипаттамаларын алу мүмкіндіктерін береді. Карта масштабы кішірейген майын
рельефтің бейнелеу айқындылығы да азаяды, себебі рельефтің қима биіктігі де
үлкейеді. Картада  ұсақ формалар  бейнесі  алынып  тасталады. Көптеген рельеф
формалары  масштабтан  тыс  шартты  белгілермен  бейнеленіп  кетеді.
Рельефтерге  жинақтау  жүргізіледі  яғни  рельеф  бейнеленуіне  генерализация
жүргізіледі.
Əр түрлі карталарда рельефті бейнелеу əдістері.
Картада  рельефті  бейнелеудің  мақсаты  оның  сипаттамалы  формасы  мен
типін, сонымен  қатар  бағытын, сырғу  құлдилығын, бөлініп  кетуін  дұрыс
бейнелеу  болып  келеді. Картада  рельефті  бейнелеудің  бірнеше  тəсілдері  бар:
штриховка, отмывка, горизонтальдармен, қабаттастырып 
боялған
горизонтальдармен. Оларды қолдану картаның типі мен арналуына байланысты
болады.
Штриховкамен рельефті бейнелеу.
Рельефті  штриховкамен  бейнелеу  əдісі XVIII ғасырдың  соныңда  пайда
болды. Бұл  тəсілмен  беткейлерді  ақ  бөлінділері  бар  қара  түсті  штриховка
көмегімен  көрсетеді. Тау  бөктерінің  əр  түрлі  құлдилығына  байланысты
штрихтер əр түрлі қалындықпен беріледі. Еңіс бұрышы үлкен болған сайын ақ
бөлінділерге қарағанда қара штриховка басым болады.
Нүкте  биіктіктерін  жəне  еңіс  бұрыштарын  анықтауға  мүмкіндік  жоқ.
Рельефті  штриховкамен  бейнелеу  əдісі  тек  қана  кейбір  ұсақ  масштабты
карталарда қолданылады.
Отмывкамен рельефті бейнелеу.
Бұл əдіс рельефтің пластикалық көрінісін көрсетеді, бірақ карта бойынша
сырғу  құлдилығын  жəне  нүкте  биіктіктерін  анықтау мүмкін емес. Сондықтан
оны  ұсақ  масштабты  карталарды  немесе  жергілікті  жердің  рельефі  жайлы
жалпы  мəліметі  ғана  қажет  арнайы  карталарды  құруда  қолданады. Кейбір
жағдайларда  горизонтальдармен  бірге  қосып  рельефтің  пластикасын  көрсету
үшін бірге қосып бейнелейді.
Жұмыс  алдында  орындаушы  бейнеленетін  рельеф  формасының  негізгі
өзгешіліктерін  анықтай  отырып  ірі  масштабты  материалдарды  оның
орографиялық (физикалық  географиялық  жер  бетіндегі  рельефті, тауларды
тексеретін  бөлім) сипаттамасымен  жəне  орографиялық  схемасымен  танысып
барып  қана  рельеф  отмывкасының  түп  нұсқасын  орындайды. Отмывка  түп

31
нұсқасын  орындау  процессінде  горизонтальдарға, гидрография  элементтеріне
жəне нүкте биіктіктеріне жүгінеді.
Рельефті горизонтальдармен бейнелеу жəне оның генерализациясы.
Рельефті  бейнелеуде  əрқашан  оның  сипаттамалы  формасын  айқын
көрсету керек. Бұл шартты орындау үшін картограф формалардың шығуы мен
морфологиясын түсінуі керек.
Горизонтальдар  карталарда  рельефтің  сан  түрлі  формаларын  бейнелеуге
мүмкіндік береді. Рельефтің ең айқын сипаттамасын  жəне горизонтальдардың
ең жиі қима биіктіктерін тек қана ірі масштабты карталарда көрсетуге болады,
ал  ұсақ  масштабқа  өткен  сайын  горизонтальдар  жинақталып  олардың  қимасы
жиіленіп рельефтің сипаттамасы жалпылай көрсетіледі.
Ұсақ  масштабты  карталарда  рельефті  горизонтальдармен  бейнееу
картографияланатын 
аумақтағы 
рельефтің 
барлық 
формаларының
сипаттамасын көрсету күрделі болып келеді.
Ірі  масштабты  карталарда  рельефті  горизонтальдармен  бейнелеу
қиындық  туғызбайды, себебі  ондай  жағдайда  нақты  айқындылықпен  жəне
генерализация тек қана ұсақ детальдарға ғана жүргізіледі.
Қазақстан аумағында рельефтің бірнеше типтері сипатталады.
1. Жазық (солтүстік-батыс  облыстары) аз  ғана  еңіс  құлдилығымен
сипатталады  жəне  аз  ғана  биіктік  аутқуымен (төменгі 200м. дейін – жоғарғы
500м. дейін). Жазық  жердің  рельефі  эрозионды  болып  келеді, оған
бөлшектелген беттің жазық өзен аңғарлары, жыралар мен сайлар кіреді.
2. Биіктаулы  (Алматы  облысының  оңтүстік  пен  шығыс  бөліктері  жəне
Шығыс-Қазақстан  облысының  солтүстік-шығыс  бөлігі), Терең  бөлшектеніп
сипатталады, таулардың абсолютті биіктіктері 2000метрден жоғары, ал қатысты
биіктігі 1000 метрден жоғары.
3. Орта  биіктікті  жəне  аласа  таулар  рельефі (Ақмола  облысының  оң
түстігі, \алматы  облысының  орталығы) Рельефі  эрозионды, абсолютті
биіктіктері 500 ден 2000 метр  жəне  қатысты 150 ден 1000метрге  дейін
сипатталады.
4. Ұсақшоқылық мелкосопочник (Қарағанды облысының ортаңғы бөлігі)
– рельеф  жартылай  шөлді  шарттарда  таулардың  бұзылуынан  пайда  болады.
Оның абсолюттік биіктіктері  1000 метрге дейін, ал қатысты биікайырымы 100
метрге дейін. Батыс жағында көлдер мен сор жерлері бар.
5. Құмды  рельеф (Қызылорда  облысы, Алматы  облысының  солтүстік-
батыс  бөлігі), шөлді, көлдер  мен  теңіздердің  жағалауында  кездеседі. Желдің
əсерінен  пайдаболады. Топографиялық  карталарда  оларды  бейнелеу  үшін
горизонтальдар жəне құмдардың шартты белгілері қолданылады жəне олардың
биіктіктері  жазылады. Қалған  құмдар  арнайы  қатысты  шартты  белгілермен
көрсетіледі. Құмдардың  мынадай  түрлері  болады: түзу, барханды, ячейстые,
грядты, дюнды жəне аралас типті.
Жергілікті  жер  профильі – берілген  бағытта  верткалды  жазықтықпен
жергілікті жердің  кесіндісін бейнелеу. Ол таңдалған сызық бойынша жер беті
рельефінің құрылымы жайлы айқын көріністі береді.  Профиль деген не?

32
Картада  сызылған  сызық  бойы  бойынша  нүктелердің  максималды  жəне
минималды  биіктіктерін  жəне  олардың  арасындағы  айырымды (профиль
биіктігін) анықтайды.  Профиль масштабын таңдайды: горизонтальды масштаб-
ол  əрқашан  карта  масштабымен  бірдей  болады  жəне  вертикалды  масштаб-ол
горизонтальды  масштабтан  бірнеше  есе  үлкен (5-10 есе), себебі  рельеф  негізі
айқын көрінуі керек.  Екі өз ара перпендикульярлы координата осьтерн сызып
горизонтальды  осьтің  бастапқы  нүктесінде  ең  төменгі  профиль  нүктесінде
жатқан  биіктікті  белгілейді. Вертикал  осьі  бойынша  таңдалған  вертикалды
масштабтағы  қима  биіктікті  белгілейді  жəне  горизонтальдар  биіктігін
қастарына  жазады. Содан  кейін  горизонтальды  оське  картадан  профильдің
бастапқы  нүктесінен  горизонтальды  нүктелерге  дейңнгң  ара  қашықтарды
түсіреді. Горизонтальдағы  биіктік  пен  вертикалдағы  бірдей  биіктіктерден
перпендикульярлар  тұрғызады. Перпендикульярлардың  шектелген  шеттерін
сызықпенен  қосады. Профиль  сызығының  астына  картадан  алынған  оның
азимутын, профильдің  бастапқы  жəне  соңғы  нүктелері  жəне  масштабтары
жазылады.
           18 - сурет.  202.0  нүктесінен 201.0 нүктесіне дейінгі сызық.
 19 - сурет. Талая өзенінің көлденең пофилі:  горизонтальды масштаб –
1:50 000, вертикальды масштаб – 1:2000
Негізгі əдебиет:
нег.:1[170-182]
Қосымша əдебиет:
Қос.: [148-155], 3. Карталар, атластар
Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті жердің рельефі деген не?
2. Абсолютті биіктік деген не?
3. Горизонталь деген не?
4. Картада рельефті қандай əдістермен бейнелеуге болады?

33
5. Рельефті генерализациялаудың негізгі мақсаты неден тұрады?
№6 дәріс.  Картографиялық бейнелердің тәсілдері.
        Арнайы  карталарда  құбылыстарды  бейнелеу  тəсілдері  құбылыстын  өзінің
сипаттамасына  жəне  аумақ  бойынша  олардың  орналасу  негізіне  байланысты
жобаланады. Арнайы  көрсеткіштерді  бейнелеу  үшін  келесі  тəсілдер
қолднылады: изолиния, сапалы  фон, ареал, значокты, нүктелі, сызықтар
қозғалысы, картограмма, картодиограмма.
Изолиния тəсілі.
 
Изолиния  тəсілі  картада  бірқалыпты  өзгеріске  ұшырайтын  жəне
картографияланатын аумақта үздіксіз таралатын  (мысалы рельеф, температура
жəне т.б.) құбылысты көрсетуде қолданады. Картографияланатын құбылыстын
сипаттамасын көрсету  үшін құбылыстың бірдей көрсеткіш нүктелерін қосатын
арнайы қисық сызықтар  жүргізеді. Ол сызықтар изолиниялар деп аталады.
Изолинияны  құру  үшін  картада  шамалары  белгілі  немесе  берілген
құбылыстын  көрсеткіштерінің  қажетті  пункттер  саны  болуы  керек. Мысалы
изотерманы құру үшін температураны  градуспенен білу керек, изогипсты құру
үшін – абсолютті немесе қатынасты биіктіктерді білу керек жəне т.б. Шамалары
бірдей нүктелерді сызықтармен қосу арқылы изолиниялады алады.
Бірдей  абсолюттік 
биіктіктерді 
косатын  сызықтар
изогипс
(горизонтальдар) деп  аталады, бірдей  тереңдік  нүктелерді  біріктіру  сызығы -
изобаттар
 деп аталады , ал бірдей температураны біріктіретің нүктелер сызығы
-
изотермалар
деп  аталады, бірдей  қысымды  біріктіретің  нүктелер  сызығы -
изобаттар
 деп аталса  тең магниттік бұрылысты біріктіретің нүктелер сызығы -
изогондар
деп аталады.
20 - сурет.  Изолиниялар
Картаның  қандай  да  болсын  нүктелерінде  құбылыстың  бейнеленген
көрсеткішін анықтауға изолиния тәсілі қарастырылады.
Изолинияларды  құруда  мағнасы  бойынша  бірдей  интервал  қабылданса
онда  изолиниялардың  орналасуынан  құбылыстың  өзгеру  мінезін  оңай  көруге

34
болады. Изолиниялардың  бір-біріне  жақындауы  құбылыстың  айқын  өзгеруін
көрсетеді, ал  бір  бірінен  алшақтауы  құбылыстың  сипаттамасының  шамалап
өзгеруін көрсетеді.
Мысалы: қиманың  бір  қалыпты  болуында  изогипстардың  жақындауы
(горизонтальдар) беткейдің  тік  ылдилығын  сипаттайды, ал  керісінше
изогипстардың  бір  бірінен  алшақтауы  жазық  беткейде  биіктіктің  өзгеруін
сипаттайды.
Ареал тəсілі
Қандай да бір құбылыстын таралу аумағын ареал деп атайды.
Ареал

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет