Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



бет5/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
моя книга
docx1552205410
Мәтін бойынша тапсырма
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңдар.
2.Зат есімдерді талдаңдар.
Жазушылар, ақындарының, сыйлығының
3.Мәтіннен сан есімдерді тауып жаз, мағыналық түрін анықтаңдар.
Деңгейлік тапсырма.

  1. Антоним сөздердің сыңарын тап.

Қиын-...,Үлкен-...,
Тұңғыш-..., Жау-...,

  1. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.

Қазақ ақыны, жыр алыбы, үлгі-өнеге.

  1. Осы мәтін бойынша қандай ақпарат көздерін оқисыңдар?

Тыңдалым
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мазмұны не жайында екенін аңғар. Тірек сөздерді табыңдар.
Айтылым
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  1. Қалижан Бекхожин кім?

  2. Ақынның қандай шығармалары бар?

  3. Ақынның туған жері қайда?

Жазылым
3- тапсырма. Парталас көршілеріңмен бірге тыңдалым мәтінінен мына құрылымға сай 5 сөз тіркестерді жазып шығыңдар.
Сапаны білдіретін сөз+заттың атауын білдіретін сөз.
Заттың атауын білдіретін сөз+қимыл-әрекетті білдіретін сөз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады. «Ақын есімі – ел есінде»Кейде «Есіл- қайран ерім-ай, еліне берерін түгел бере алмай кетті-ау»,- деп өкінетініміз бар. Иә, өкінішсіз өлім жоқ. Әйтсе де! Аз жасаса да, өртеніп өтетін, асыра асыл сыйлап үлгеретін, арманына жететін алыптар болады!«Сөндіріп ай мен күніңді, Тек денімді сау қылшы!»- деген тірлікке құштар, өмірді шексіз сүйген ұлы жан- Сұлтанмахмұт Торайғыров аз жасап, көп арманы көкірегінде кетті. Өз дәуірін жанартаудай жарып шығып, қара түнде жарқылдаған найзағайдай жалын атқан ақын, аққан жұлдыздай небәрі 27-жасында дүниеден қыршын кетті. Әдебиетте не бары он-ақ жыл қалам тебіренткенінің өзінде, өлең-жырлары өз алдына бір шынар болса, «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары, «Ауырмай есімнен жаңылғаным» әңгімесі қазақ әдебиеті әлемінде шыншыл сырларымен, көркемдік сипаттарымен, орындылығымен, оттылығымен келешек ұрпақтан-ұрпақ қадірлеп оқитын классикалық ұлы туындыларға айналды.«Жұрттың бақытты болуына себін тигізген адам ғана бақытты адам»,- депті Дени Дидро. Олай болса бар өмірін, күш-қайратын, ой-санасын, ақылын, бүкіл талант дүниесі жалынын ақтық демі сөнгенше ел-жұртының бақытты болу жолына себін тигізуге жұмсаған Сұлтанмахмұт тірлігінде қандай бақытты болған десек, енді бүгінгі күнде де, жарқыраған асыл поэзиясы да бүкіл табиғатымен бақытты. Ақын поэзиясы өте өміршең поэзия. Үлкен талант иелерінің өмірінде өлім жоқ деген осы болса керек. «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген екен Абай атамыз. Туғанына 113 жыл толып отырған, 27 жасында қыршын кеткен Сұлтанмахмұт творчествасы сан ғасырлар жасап ұрпақтан-ұрпақ жалғаса бермек.Он екі жасында-ақ тауды тесіп, тасты жарып шыққан қайнардай бұрқ етіп өлең-жыр шумақтаған балдырған Сұлтанмахмұт 17 жасында туған халқының өмір сырына үңіліп, келешегін ойлайды. Шындықтың аулын іздеп жолға шығады.
«Мозайка» әдісі.
Оқушыларға С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар жазылған қағаз қиындылары беріледі. Қағаз қиындыларындағы сұрақтарға жауап бере отырып, мозайка құрастырады. Мозайкада С.Торайғыровтың портреті бейнеленеді.Сұрақтар:
С.Торайғыров қай өңірде дүниеге келген?
С.Торайғыров алғаш сауатын қалай ашады?
С.Торайғыров 1912 жылы қай қалада білім алған?
С.Торайғыровтың қандай шығармаларын білесің?
Семей қаласына барған С.Торайғыров не себепті оқуға түсе алмай қалады?
Ақын 1915-1916 жылдары немен айналысады?
С.Торайғыровтың бір өлеңінен үзінді оқыңыз.
- Сонымен суретте кім бейнеленген деп ойлайсыздар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет