Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Ресей, Кеңестер Одағы археологиясының тарихнамасы



Pdf көрінісі
бет9/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
Ресей, Кеңестер Одағы археологиясының тарихнамасы 
XVIII 
ғасырда Ресейде ескерткіштерді қорғауға және археологиялық 
материалдарды мемлекеттік көлемде жинауға 1718 ж. шығарған І Петр бұйрығы 
үлкен көмекші болды. Бұл бұйрық бойынша жерден, судан табылған ескі заттарды 
мемлекетке тапсыруға, олардың табылған жерін, суретін салуға тиістілігін жазған 
болатын. 
Белгілі орыс ғалымы М. Ломоносов «Древняя Российскяя история» атты 
еңбегінде археологиялық материалдарды кеңінен пайдаланды. 


XVIII ғасырдың екінші жартысында Қара теңіз Ресейдің құрамына кірген кезде, 
1763 ж. генерал А. Мельгунов скиф қорғандарына қазба жұмыстарын бастап 
жүргізсе, зерттеуші П. Сумароков Қырымдағы ежелгі қалаларды зерттей бастады. 
ХІХ ғасырдың 30 жж. Ресейдің оңтүстігіндегі Боспор патшалығының 
қалаларының орнында тұрақты археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Осы 
жылдары Керчь маңындағы атақты скиф заманының обасы Күл-Оба қазылды. 
Археологиялық материалдары кең пайдаланып 1849-1853 жж. арасына «Древности 
Российского государства» атты үлкен еңбек жарыққа шықты.
Орыс археологиясының негізін салушылардың бірі – А. Уваров (1828-1884 жж.) 
ХІХ ғасырдың ортасында граф Уваровтың басшылығымен Владимир-Суздаль 
жерінде төрт жылда 7729 қорған қазылды. Әдістемелігі жағынан толығымен дұрыс 
болмаса да, ғылымға Уваровтың қазба жұмысы үлкен материал берді, мысалы, 
1846 ж. Петербургте археологиялық-нумизматикалық қоғам ашылса, 1864 ж. 
Мәскеуде археологиялық қоғам ашылды. 
Орыс ғалымы И. Забелин (1820-1908 жж.) қорғандарды қазып қана қоймай, оны 
қазудың әдістемесін ойластырған адам.
Д. Самоквасов (1843-1911 жж.) - Польшадан Кавказға дейінгі аралықтағы әр 
кезеңінің археологиялық ескерткіштерін зерттеген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сібірдің археологиялық ескерткіштерін 
зерттеушілердің ең алғашқылары В. Радлов. Ол әрі археолог, әрі этнограф, әрі тіл 
маманы болатын. Радлов В. ежелгі түріктердің руникалық, Орхон-Енисей 
жазуларын оқыған, сөйтіп ежелгі шығыс жазба деректерінің бірін ашқан адам. 
Өзінің «Сибирские древности» деген еңбегі әлі күнге дейін мағанасын жоғалтпай 
келе жатқан еңбектің бірі. 
Д.Анучин /1843-1923 жж./ - антрополог, этнограф, географ және археолог. Ол 
археологиялық материалдарды кешенді түрде зерттеуге жол ашты. 
Спицын А. /1858-1931 жж./ - археологиялық материалдарды барлау жұмысынан 
бір жүйеге келтіріп жүйелеуге (систематизация) дейін өзі араласқан адам. Ежелгі 
орыс (славян) тайпаларының орналасуы, олардың материалдық мәдениеті туралы 
еңбек қалдырды. 
Б. Фармаковский /1870-1928 жж./ - Ольвия сияқты үлкен қаланың көп қабатты 
ескерткіштерін зерттеген ғалым. 
В.Городцов /1860-1945 жж./ - Ресейде ескерткіштерді қазу әдістемесін жасаған 
адамдардың бірі. Орыс жеріндегі алғашқы тас, қола дәуірлерінің ескерткіштерін 
қазған және оларды кезеңдерге бөлген адам. Сөйтіп Ресейдеғы қола дәуірінің 
ескерткіштерін древнеямный, катакомбный және срубный – деп кезеңдерге бөледі. 
2.Кеңестік дәуіріндегі археологияның дамуы 1919 ж. 18 сәуірде азамат соғысы 
қызып тұрған кезде В. Ленин Кеңес өкіметінде материалдық мәдениет тарихы 
Академиясын құру туралы декретке қол қойды. Сөйтіп археологиялық зерттеу 
жұмыстары енді тек мемлекет тарапынан ғана жүргізілетін болды.
Жас кеңестік ғалымдарының алдында үлкен міндет тұрды, яғни марксизм – 
ленинизм тұрғысынан археологиялық мәдениетті кезеңдерге бөлу қажет еді. 
Сонымен ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап археология ғылымында 
жаңалықтар ашыла бастады. Мысалы, революцияға дейін нашар дамыған 


археология саласы, тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу кең қолға алынды, Кавказ 
сыртынан археологтар С. Замятнин және М.Паничкина палеолит дәуірінің 
қоныстарын ашты, ол П.Ефименко, А.Окладников, П.Борисковскийлер ежелгі тас 
дәуірінің материалдық мәдениетін, шаруашылығын және идеологиясына 
шығармалар арнады. Оның ішінде П.Ефименконың «Первобытное общество» 
деген еңбегінің маңызы өте зор. Кеңес дәуірінде неолит дәуірінің ескерткіштерін 
зерттеу, оның ішінде Сібірдің неолитін зерттеуде А.Брюсов, А.Окладников, 
Н.Гуриналар үлкен үлес қосты. 
Т.Пассан, С.Бибиков, Украиның ежелгі егіншілерін, энеолит дәуірінің 
ескерткіштерін зерттеді, осындай қоныстар Орта Азиядан, Кавказдан көптеп 
табыла бастады. 
Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы қалаларды зерттеуде В.Гайдукович, 
С.Желебева т.б. үлкен еңбек жасады. Осы зерттеушілердің арқасында антикалық 
қалалардағы өнер, материалдық дүние, шаруашылық салалары қалпына келтірілді. 
Кеңес өкіметінің территориясындағы ең ежелгі құл иеленуші заманының Урарту 
мемлекетінің орталығы болған Тейшебаини қаласын зерттеуде Б. Пиотровскийдің 
еңбегі зор. Біз Урарту мемлекетінің даму жолынан, әсіресе Ассирия, Скифия 
сияқты елдермен қарым-қатынасы жөнінде үлкен деректерге ие болдық. 
Скифтер кезеңін зерттеуде Б. Граков пен М. Артамоновтың еңбегі зор. Скиф 
қорғандарын қазу арқылы олардың қол өнерінің дамуын, құрылыс істерін, соғыс 
өнерін, жалпы өнерімен кеңінен таныстық. 
Еділ мен Жайық өзендерінің арасында өмір сүрген ежелгі савроматтар туралы К. 
Смирнов еңбектер жазды.
Б.д. дейінгі І мыңжылдықтағы Оңтүстік Сібір өлкесін зерттегендер С. Руденко 
мен М. Грязнов. Сібірдің ғасырлар бойы қатып жатқа қорғандарын қазғандар сол 
кездегі халықтардың жақсы сақталған маталарын, кілемдерін, киімдерін, ағаштан 
жасаған ыдыстарын табуда. 
1937 ж. КСРО Ғылым Академиясы С. Толстовтың басшылығымен Орта Азиялық 
Хорезм 
археологиялық 
экспедициясын 
ұйымдастырған 
болатын. 
Осы 
экспедициясының зерттеуімен тас ғасырынан бастап орта ғасырдың қалаларына 
дейінгі жүздеген ескерткіштер ашылды. Әсіресе С. Толстовтың басшылығымен 
ежелгі Хорезм жазбалары табылып, жақсы сақталған қала орындары жүйелерінің 
қалдықтары жан-жақты зерттелді. 
Сонымен қатар Орта Азияның тарихын зерттеуде В. Массонның, Я.Гулямовтың, 
А. Бернштамның еңбектері зор. 
1950 жылдардан бастап Шығыс Сібірмен Қиыр-Шығысты академик А. 
Окладников зерттей бастады. Зерттеу нәтижесінде ежелгі палеолиттен басталатын 
орасан зор материал шоғырланды. 
Антропология саласында 40-жылдары Г.Дебецтің «Палеоантропология СССР» - 
атты еңбегі жарық көрді. 
Міне қырық жылдан астам уақыт А. Арциховскийдің және В. Яниннің 
басшылығымен ежелгі Новгород қаласына қазба жұмысы жүргізілуде. Осының 
нәтижесінде солтүстік-батыс Рустегі Новгород қаласының сауда, мәдени орталық 


болғандығы дәлелденіп отыр. Екінші үлкен жаңалық берестеге жазылған орыстың 
ежелгі жазу нұсқаларының табылуы. 
Академик Б. Рыбаков орыс қалаларын зерттеу нәтижесінде ежелгі орыс қол 
өнерін даму дәрежесін көрсетеді. «Ремесло Древней Руси» деген монографияда 
ежелгі орыс қол өнері басқа елдерден кем болмағандығын көреміз. 
Славян халықтарының молалары мен қоныстарын зерттеуде П. Третьяковтың 
еңбегі зор. Ол археологиялық деректерге сүйене отырып ежелгі славян 
тайпаларының қоныстану жолдарын, басқа көршілерімен қарым-қатынасын 
жазады. 
Сібірдің археологиялық ескерткіштерін зерттеуде екі үлкен орталық бар, бірі – 
Новосибир, екіншісі Кемерово. Новосибирскде академик Деревянко бастаған 
ғалымдар ол Кузбаста А. Мартынов бастаған ғалымдар ежелгі тас дәуірінен бастап 
жүздеген ескерткіштерді зерттеуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет