Құрастырушылар


-  Мәнерлеп оқуға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 5 минут. (5 минуттан  асқан жағдайда ұпай шегеріледі.)  -



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата01.03.2020
өлшемі1,35 Mb.
#59311
1   2   3
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ на каз и рус яз 1 (1)
Іс-шара Абай, Іс-шара Абай, Әл -Фараби есептері.docx 18.02.2020ж, Әл -Фараби есептері.docx 18.02.2020ж, Әл -Фараби есептері.docx 18.02.2020ж

Мәнерлеп оқуға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 5 минут. (5 минуттан 

асқан жағдайда ұпай шегеріледі.) 



«Бар  жазғаны  даналық  боп  саналған...»  атты  сөз  шеберлерінің 

сайысы бойынша бағалау ұпайлары: 

Шығарманың 

сөздерін 

анық  және  тіл  табиғатын 

сақтап жеткізу 

1)

Дауысы 



мен 

дене


әрекеттерінің  үйлесімділігі 

2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1)

жатқа


мәнерлеп оқуы 

2) әуені (фон)



5 ұпай 

5 ұпай 

5 ұпай 

5. «КӨҢІЛІМ ӘНДІ ҰҒАДЫ»  ӘН АЙТУ САЙЫСЫ

Мақсаты - Абай әндері мен музыкалық мұраларын насихаттау және талантты 

жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту. Ән айту өнерін дамытуға атсалысу. 



Міндеті

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру;  



мұғалім мен оқушы арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін 

қалыптастыру; 

бірлікке, ұйымшылдыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу; 



қазақ тілінің көркемдік келісімін, бай қорын Абай әндері арқылы насихаттау; 

ән айту шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру.  



Аудитория: 1-4 сынып, 5-9 сынып, 10-11 сынып 

Шарты:  

Қатысушылар  Абай  әндерінен  бір  ән  (дәстүрлі  немесе  эстрадалық)  не 

күйлерін орындайды. 

Әнді  орындаушының  вокалдық  қабілеті  бағаланады  және  әуен 

(минусовка) сапалы болу керек. 

Ән  жанды  дауыспен  орындалу  керек  және  орындаушы  әннің  сөздерін 

анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек. 

Ән  мен  саздың,  қимылдың  үйлесімділігіне,  әнді  көрерменге  жеткізе 

білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады. 

Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек. 





«Көңілім әнді ұғады» ән айту сайысы бойынша бағалау ұпайлары: 

Әннің сөзін анық және тіл 

табиғатын сақтап жеткізу 

1) Ән  мен  саздың  және

қимылдың  үйлесімділігі. 

2) Сахнада  өзін  ұстау

мәнері. 

1)

вокалы



2)

әуені


3)

киімі




ұпай 



ұпай 



ұпай 

Абай әндері: 

1. «Айттым сәлем, Қаламқас»

2.

«Көзімнің қарасы»



3. «Желсіз түнде жарық ай»

4. «Сегіз аяқ»

5. «Домбыраға қол соқпа»

6. «Татьянаның хаты»

7. « Ата-анаға көз қуаныш»

8. «Қор болды жаным»

9. «Бойы бұлғаң»

10. «Қараңғы түнде ән қалғып»

11. «Қартайдық қайғы ойладық»

12. «Есіңде бар ма жас күнің»

13. «Сұрғылт тұман»

6. «ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ» АЛЬБОМ-ШЕЖІРЕ

Мақсаты:  Абай  Құнанбайұлының 175  жылдық  мерейтойына  орай,  онкүндік 

аясында өткізілген іс-шаралар негізінде альбом-шежіре жасау. 



Міндеті: 

әр бөлім бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат даярлау; 



сәтті кезеңдерінен бейнежазба, фотосуреттер жинақтау; 

мектеп сайтына жариялау; 



қорытындысын әлеуметтік желілерде жариялау 



7.

ҰЛЫ  АБАЙДЫҢ  175  ЖЫЛ  ТОЛУЫ  ҚАРСАҢЫНА  ОРАЙ    «АБАЙ

ҮНІ, АБАЙ ЛЕБІ» АТТЫ ОНКҮНДІГІГІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ. 

Мақсаты:  Абай  Құнанбайұлының 175  жылдық  мерейтойына  орай,  онкүндік 

аясында  салтанатты  жиын  өткізу.  Ұлы  ақынның  өнегелі  өмірімен  таныстыру, 

ақынның  даналығын,  рухани  асыл  мұраларын  насихаттап,  өлеңдерін,  әндерін 

мәнерлеп  айтқызу.  Көркем  сөйлеуге,  өз  бетімен  іздене  білуге,  шығармашылықпен 

жұмыс істеуге көмектесу.  

Міндеті: 

оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру;  



мұғалім мен оқушы арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін 

қалыптастыру; 

-

Абай  әндері  арқылы  жас  буынның  ән  айту  шеберлігін,  тіл  мәдениетін 



жетілдіру. 

Аудитория: 1-11 сыныптар 

Көрнекілігі: проектор, презентация 

Басталуы:  көрініс.  Домбыраның  үні.  Сахнада  Абай  рөліндегі  оқушы  өлең 

жазып  отырады.  Абай  сәлден  соң,  орнынан  тұрып  төмендегі  өлең  шумақтарын 

оқиды



Жүрегімнің түбіне терең бойла, 



Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма... 

Құрметті менің балаларым! Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. 

Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп 

білесің. Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп 

болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. 

Еріншектік  -  күллі  дүниедегі  өнердің  дұшпаны.  Талапсыздық,  жігерсіздік, 

ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. 

Адам  баласына  дұшпан  болса,  адамнан  бөлінеді,  бір  жыртқыш  хайуан  қисабына 

қосылады. Осыны естеріңізге бек сақтаңыздар! 

1-

жүргізуші: 

Қайырлы  күн,  құрметті  ұстаздар,  оқушылар,  құрметті  әдебиет  сүйер  қалың 

көпшілік!  Қазақтың  біртуар  ұлдарының  бірі,  данышпан  ақын,  ойшыл,  дана 

ғұламаларының  бірі,  қазақ  әдебиетінің  шоқтығы  биік  ірі  тұлғасы  Абай 

Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен шығармашылығына арналған «Абай 

үні, Абай лебі» атты онкүндігігінің ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз! 

Жиынды ашу барысында мектеп директоры, тәрбие ісінің меңгерушісіне, тіл 

мұғалімдеріне __________________________сөз беріледі. 

2-

жүргізуші: 

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келіп, 1904 жылы 6 шілде 

айында  дүниеден өтті. Абайдың әкесі Құнанбай өз кезеңінде беделді адам болған. 

Абайдың  анасы  Ұлжан  –ақылды,  мейірімді  кісі  екен.  Абайды  әжесі  Зере 

тәрбиелеген.  Ол  Ибраһимді  еркелетіп,  «Абай»  деп  атаған.  Абай  әжесі  Зере  мен 

Ұлжандай аналарының тәрбиесінде болады. Олардың қызық әңгімелерін жалықпай 



тыңдайтын.  Абай  бала  кезінде  әкесі  Құнанбай  ел  басқару  жұмысымен  жүреді. 

Абайдың бойына әкесінің батылдығы, алғырлығы дарыды. 



Көрініс: әкесі Құнанбайдың Абайға таққан 3 міні (М.Әуезов «Абай жолы» 1 – 

кітабы) 


1 – 

жүргізуші: 

Абай туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды 

дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз 

халқын  өркениетті  елдердің  қатарына  қосуға  тырысқан,  қазақтың  рухын  жоғары 

көтерген. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз 

керек.  Қазір  сіздердің  алдарыңызда  мектебіміздің  мәнерлеп  оқу  сайысы 

жүлдегерлері ұлы  Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды. 

(оқушылар ортаға шығады, бірнеше өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп жатқа 

оқиды 



1-



жүргізуші 

Көп адам дүниеге бой алдырған, 

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, 

2-

жүргізуші: 

Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары 



мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, 

соншама  жарқын  леп  еседі.  Ол  өткен  заманның,  кешегі  түркі  дүниесінің  соққан 

тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, дала 

тынысы  -  заман  тынысы,  халық  үні.  Абайдың  жарқын  бейнесі,  жалынды  жыры 

бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 

Абай әні орындалады. 

1-

жүргізуші: 

Абай  –  қазақ  әдебиетіндегі  ұлы  тұлға,  маңдай  алды  ақын  екені  таңдаулы 

туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген 

адамға  айқын  шындық.  Ахмет  Байтұрсынов  «Қазақтың  бас  ақыны»  мақаласында 

«Абайдан  асқан  бұрынғы  соңғы  заманда  қазақ  даласында  біз  білетін  ақын  болған 

жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды. 

1. -

Егер  сіз  жақсылық  пен  жамандықты,  әділдік  пен  қиянат  туралы  білгіңіз



келсе, Абайды оқыңыз! 

2. -


Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен залымдық туралы білгіңіз келсе,

Абайды оқыңыз! 

3. -

Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар - қатпар сырларын



білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз! 

4 - 


Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын 

білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз! 



8.

«АБАЙ  –  ДАНА  ,  АБАЙ  –  ДАРА  ҚАЗАҚТА»  ТАҚЫРЫБЫНДА  ӘР

СЫНЫП  ОҚУ  КАБИНЕТІНДЕ  АБАЙ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА  АРНАЛҒАН 

АРНАЙЫ БҰРЫШ ЖАСАУ.  

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу 

жасау, өлеңдеріне, әндеріне назар аудару. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. 

Көркем  сөйлеуге,  шәкірттерді  адамгершілікке,  табиғат  әсемдігін  түсінуге,  қасиетті 

нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.  



Міндеті: 

Оқушыларға Абай мұрасын ұлағаттау;  



Ұлы ақынның қастерлі еңбегін  оқушыларға дәріптеп рухани құндылықтарға 

жету қабілеттерін қалыптастыру; 

Абай болмысы арқылы жас өреннің санасына ұлттық ерекшелікті бейнелеу 



Аудитория: барлық сыныптар 

9.

«ҰЛЫЛАР  ҮНДЕСТІГІ»  ЖАЛПЫ  БІЛІМ  БЕРУ  МЕКТЕПТЕРДЕГІ

ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРЫНА КІРІКТІРІЛГЕН МИНУТТАР ЕНГІЗУ. 

Мақсаты:  Ұлы  тұлғаның  шығармаларына  шолу  жасау.  Сөз  құдіретін 

құрметтеуге  дәріптеу.  Ақын  туындыларын  ғылымның  өзге  салаларымен 

байланыстыру. 

Міндеті: 

Даңқты ақынның мәңгі өшпес мұраларының өміршеңдігін көрсету;  



Кемеңгер ойшылдың көлемді туындыларын теріп, түйінді ой қалыптастыру; 

Ақынның  cөз  сарасын  ата  мұрамыз  ретінде  қабылдап,  жаңа  буын  жас 



ұрпаққа танытып, терең меңгерту; 

 -

Жас  буынға  ақынды  дәріптеу  барысында,  Абайдың  ұлы  ойшылдығына 



басымдылық беру 

Аудитория: 1-11 сыныптар 

Шарты: әр пәнге үлгі: 



Қазақстан тарихы 

 

Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:  



«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,  

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,  

Жақсы мен жаманды айырмадың  

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады. 



Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың қай кезеңін айтып өтті? 



Физика  

Ақ киімді денелі, ақ сақалды  



Соқыр мылқау, танымас тірі жанды. 



Үсті-басы ақ қырау, түсі суық 



Басқан жері сықырлап келіп қалды. 





Осы өлең жолдарындағы қыраудың пайда болуын түсіндір. 

Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол 

Қаза көрген жүрегі жаралы – ол. 

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, 

Зарланып неге әнге салады ол? 



Көздің жасының пішіні қандай? Ол неге төмен қарай ағады? 

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы 

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.  

От жақпаған үйінің сұры қашып, 

Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы. 

«Тұман, жел, шаң-тозаң, ыс». 



Осы сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндір 

10. «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРСАЙЫС.

Мақсаты: 

Абай  мұрасын  зерделеп,  белгілі  бір  фактілерді  зерттеуге,  болжауға,  жүйелеп 

сөйлеуге,  өз  көзқарасын  ашық  та  жүйелі  етіп  дәлелдеуге  және  өз  бағытын  дұрыс 

ұсынуға жетелеу; 

Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-

толғануға көмектесу; 



Міндеті: 

Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру; 



Өз көзқарасын айтуға машықтандыру; 

Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру; 



«Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында ой қозғату; 



Аудитория: 10-11 сыныптар 

11. «ҚУАТ  АЛЫП  АБАЙДЫҢ  ОҢ  ІСІНЕН»    ТАҚЫРЫБЫНДА

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ

Мақсаты: Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны туралы жалпы түсінік беру және 

ойнау ережелерін үйрету. Оқушыларға халқымыздың ұлттық спорт ойынын үйрете 

отырып дүние танымын кеңейту, ой-өрісін дамытуға ықпал ету; 

Белсенділігі  мен  қызығушылығын  арттыру,  ежелден  келе  жатқан  ұлттық 

ойынды қастерлеуге және жалғастыруға тәрбиелеу. 

Міндеті: 

«Тоғызқұмалақ» ойынының көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – 



тірі тарих екендігін баяндау; 

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Бабаларымыз ұрпағының білекті 



де, жүректі болуымен қатар ақылды болғанын оқушы санасына жеткізу; 

Аудитория: 1-11 сыныптар 

12. «ТАБИҒАТ  ТАҢ  ҚАЛАМЫН  ТАМАШАҢА»    ТАҚЫРЫБЫНДА

СУРЕТ КӨРМЕСІ

Абайдың  табиғат  лирикасын  негізге  алып,  жас  дарын  иелеріне  өз  ойларын 

сурет арқылы көрсету. 

Мақсаты:  Сурет  салу  дағдысын,  логикалық  ойлау,  еске  түсіру,  елестету 

қабілеттерін  және  шығармашылығын  арттыру.  Өнерді  құрмет  тұту,  оған 

сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу 

Міндеті: 

Балалардың  жоғарғы  деңгейдегі  шығармашылық  өнерін  кең  ауқымда 



көрсету;  

Балалардың өнерпаздық шығармашылығын қолдау және дамыту; 



Қазақстанның  өнер  ұжымдарының  өзара  тәжірибе  және  көркемдік 

жетістіктерімен алмасуы; 

Әр  халықтың  мәдени  салт  дәстүрлерін  сақтау  және  олардың  жалғасымын 



табу; 

Көркемдік  өнердің  ең  жақсы  тәлімі  арқылы  орындаушыларға  эстетикалық 



талғам қалыптастыру;  

Қатысушылардың кәсіби деңгейін көтеру; 



Өнер саласындағы ұлтаралық, аймақаралық және халықаралық байланысты 

дамыту;  

Балалардың ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту;  



Балалардың мәңгі есте қаларлық өнер мерекесін жасау. 



Аудитория: 1-9 сыныптар 

13. «ЖЫР  ЖАЗАМЫН  АБАЙДЫҢ  ҮЛГІСІМЕН»  АТТЫ  АҚЫНДАР

МҮШӘЙРАСЫ . 

Мақсаты: қазақты әлемге танытқан кемеңгер ақын А. Құнанбаевтың мәдени 

және рухани мұрасын дәріптеу, жыр жолдары арқылы қалың қауымға паш ету. 

Отандық  әдебиетті  дамытуға  ерекше  үлес  деп  танылған  әдеби  жанрлардың 

өркен жайып, дамуына ықпал ету; 



Міндеті: 

мектеп бойынша дарынды, қабілеті оқушыларды анықтау, қолдау көрсету; 



мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем 

әдебиетке деген құштарлықты ояту; 

жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру; 



ақындардың  шығармашылығын  кеңейту,  шеберліктерін  шыңдау, 

шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау. 


Аудитория: 5-11 сыныптар 

14. «ҮЗІЛІСТЕГІ ҮЗДІК СЫР»

Абай  Құнанбайұлының  175  жылдық  мерейтойына  орай,  онкүндік  аясында 

сабақ арасындағы үзілісте ұлы ақынның қара сөздері мен әндерін тыңдау. 

Мақсаты:  Абайдың  қарасөзін  оқыту  арқылы  оқушыларға  ақыл,  қайрат, 

жүрек, достықтың адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін 

түсінуге,  өз  бойларында  осы  асыл  қасиеттер  болуы  үшін  күресе  білуге,  ақынның 

қарасөзінің мәнін, философиялық ойды түсінулерін тексеру. Ұлы ақынның әндерін 

тыңдай отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке баулу. 

Міндеті: 



Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана 

сөз, асыл сөз дегенді түсіндіру. 

сәтті кезеңдерінен бір үзік сыр жазу; 



мектеп газетіне үздік мақала жариялау; 

қорытындысын әлеуметтік желілерде жариялау 



Аудитория: 1-11 сыныптар 

15.

«ДАРХАН ХАЛЫҚТЫҢ ДАНА АБАЙЫ» АТТЫ ӘДЕБИ САЗДЫ

КЕШТІҢ СЦЕНАРИЙІ. 

Мақсаты:  Ұлы  ақынның  өнегелі  өмірімен  таныстыру,  ақынның  даналығын, 

рухани  асыл  мұраларын  насихаттап,  өлеңдерін,  әндерін  мәнерлеп  айтқызу  Ұлы 

ақынның  өнегелі  өмірімен  таныстыру,  шығармаларына  шолу  жасау,  өлеңдеріне, 

әндеріне назар аудару. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.  



Міндеті: 

Оқушыларға Абайдың даналығын, даралығын дәріптеу;  



Ұлы ақынның қалдырған мұраларына лайықты бағасын бергізу; 

-

Абай болмысы арқылы жас өреннің санасына ұлттық ерекшелікті  бейнелеу; 



Абайды жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұлға ретінде таныту; 



Аудитория: 1-11 сыныптар 

Көрнекілігі: Абайдың шығармашылығына арналған слайд, бейнеролик. 

1-

жүргізуші:  Құрметті  қонақтар,  Абай  Құнанбайұлының  175  жылдығына 

арналған  «Дархан  халықтың  дана  Абайы»  атты  әдеби-сазды  кешімізге  қош 

келдіңіздер! 

2-

жүргізуші:  Абай  мұралары  –  адамгершіліктің,  имандылықтың,  биік 

парасаттылықтың  асыл  қазынасы.  Осыған  орай  бүгінгі  Абай  Құнанбавтың  175 

жылдық мерейтойына арналған «Дархан халықтың дана Абайы» атты әдеби-сазды 

кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 



1- 

жүргізуші:  Абай  қазақ  поэзиясының  өсіп,  гүлденіп,  жаңа  сапаға  жетуіне 

орасан  зор  еңбек  етті.  Ақын  жас  ұрпаққа  терең  ойға  толы  алуан  өлеңдер  үлгісін 

қалдырды. 

/ақынның өлеңдерін жатқа оқу/ 


2-

жүргізуші:  Абайдың  175  жылдығына  орай  республика  көлемінде 

ұйымдастырылған  іс-шараның  бірі  –  ұлы  ақынның  өлеңдерін  оқу  эстафетасы 

жалпыхалықтық деңгейде өтті. 

/ұлы  ақынның  өлеңдерін  оқу  эстафетасына  қатысқан  мектеп  оқушыларының 

және бірнеше танымал адамдардың бейнероликтерін көрсету/ 

1-

жүргізуші:  

Әннің де естісі бар, есері бар, 

Тыңдаушының құлағын кесері бар. 

Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі 

Тыңдағанда көңілдің өсері бар,-деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы 

мен талғамы өте жоғары болды. Олай болса кезек әнде. 



/Абай әндерін орындау/ 

2- 

жүргізуші: 

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 

Жырымен жан сусынын қандырған кім? 

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?  

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?  

Талабын  тас  қияға  өрлеткен  кім?  -  келесі  кезекті  Ақынның  сөз  өнеріндегі 

классикалық стильде жазылған қара сөздеріне берелік. 

/Қара сөздерін оқу/ 

1-

жүргізуші:  

Көп адам дүниеге бой алдырған, 

Бой алдарын, аяғын көп шалдырған. 

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы, 

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған! - демекші, келесі кезекті Абайдың өмірі мен 

шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтарға берейік. 

1.

Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? (Көкбай)



2.

Абайдың  қанша  күйі  бар?  (Үш  күйі  бар:  Тоқжанға,  Май  түні,  Абайдың

желдірмесі) 

3.

Абайдың неше қара сөзі бар? (45)



4.

«Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов)

5.

Қандай қанатты сөздерін білесіңдер?



Еңбек етсең ерібей, Тояды қарның тіленбей;

Сен де бір кірпіш дүниеге, Тетігін тап та бар қалан;



Қайнайда қаның Ашиды жаның, Мінездерін көргенде;

Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас;



Баяға жартас – бір жартас; Қаңқ етер, түкті байқамас;

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.



Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол; Адам болам десеңіз.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек



Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

6.

Неліктен М. Әуезов оның мол мұрасын «тек шөмішпен ғана сүзіп алдым» деген



екен?

7.

Ақын шығармаларының көркемдік құндылығы туралы өз пікіріңді айт



8.

Ақын өлеңдерінде қандай мәселелерді көтерген? Өлеңнен үзінді келтіріп ойыңды

дәлелде.

Көп айтса көнді, 

Жұрт айтса болды – 

Әдеті надан адамның 



Надандық «Сегіз аяқ» өлеңінде: 

Еңбек қылсаң ерінбей 

Тояды қарның тіленбей. 

Еңбек ету: 

Тамағы тоқтық, 

Жұмысы жоқтық 

Аздырар адам баласын. 



Бос жүріс, жұмыссыздық: 

9.

Абайдың  шығармаларының  сақталуына  үлес  қосқандар  кімдер?  Мүрсейіт



Бікеұлы т.б.

/«Абай жолы романынан» көрініс немесе қойылым көрсету/ 

«Ұлылар  мекені»  туралы  Жидебайдағы  Абайдың  қорық  мұражайы  туралы 

презентация көрсетуге болады. 

2-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет