Раушан жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп екенін байқаған боларсыңдар. Олардың саны 100-ге жетеді екен



бет2/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#28919
1   2   3   4   5

Дәріс 6

Құртқашаш

Құртқашаш - Қазақстанда кездесетін көпжылдық шөптекті өсімдік. Оның ғылыми атауы - германдық құртқашаш. Сабағының биіктігі - 1 м. Германдық құртқашаштың топырақта шырынды, ақ түсті тамырсабағы болады.


Тамырсабақтан таспа тәрізді жапырақтары, тармақталған гүлсидамы өсіп шығады. Гүлсидамда иіссіз, күлгін көк, сары түсті гүлі жеке өседі. Гүлсерігі 6 күлтеден құра лып, дұрыс орналасқан. Олардың үшеуі төмен салбырап, үшеуі тік тұрады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Аналығы біріккен 3 жеміс жапырақша сынан тұрады. Гүлдің формуласы: * Гс6А3Ж1 Жемісі -ұш ұялы ұлкен қауашақ. Құртқашашты көктемде немесе жазда тамырсабағынан көбейтіл өсіруге болады. Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданыл ады. [1]



Дәріс 7

Ерінгүлділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Мында өту: шарлау, іздеу

Мазмұны

Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілері





Ерінгүлділер .

Қосжарнақтылар класына жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.

Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2).

Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.

Дәріс 8

Кермек жалбыз

Қазақстанда жалбыздың 10 түрі бар. Олар суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арықты бойлай өседі. Шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта да өсетін жалбыз түрлерін кездестіруге болады. Солардың бірі - кермек жалбыз. Оны кейде бұрыш жалбыз деп те атайды. Кермек жалбыз - биіктігі 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүлдері ұсақ, түсі - бозғылт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Өркендердің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі. Гүл шірнелігінде тәтті тірне жиналады.

Кермек жалбыз - маңызды дәрілік өсімдік. Оның жапырақтарында 3%-ға дейін, гүлшоғырларында 6%-ға дейін эфир майы болады. Жалбыз майы ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Бас сақиналы, асқазан, тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі. Дәрілерге, парфюмерия бұйымдарына хош иіс беру үшін өте пайдалы. Соңғы кезде Ресей кермек жалбызды қолда өсіре бастады. Кермек жалбыздың бір гектарынан 18-25 ц түсім алуға болатыны анықталды.

Кермек жалбыз - ылғал, жарық, топырақ құнарлылығын талап ететін өсімдік. Оны тамыреабақ кесінділерінен көбейтеді. Өсімдіктің қаулап өсуі үшін орташа тәулікте 18-220С температура қажет. Температура бұдан жоғарылап кетсе, жалбыздың өсуіне кедергі жасайды. Тамырсабақты ерте көктемде егеді. Ол үшін жыртылған жердің тереңдігі 8-10 см болуы шарт. Жалбыздың түсімін гүлдеу кезінде жинайды. Өсімдік сабақтарын жасыл күйінде орып алып, май алады.



Дәріс 9

Көкжалбыз

Еріндігүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді. Аталығы - 4. Жемісі -жаңғақша. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады.



Кәдімгі жебір





Тау жебірі.

Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны - Жерорта теңізі. Ол - хош иісті, бұтағы тармақталған көпжылдық бұта. Гүлдері жапырақ қолтығында шоғырланып өседі. Гүлінің екі ерінді, бес тісшелі тостағаншасы болады. Жемісі - 4 жаңғақша. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Кәдімгі жебір - дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан халықтық медицинада оны көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаюға қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан, тіс пастасына, тазартқыш сабынға қосады.



Сәлбен





Сәлбен.

Сәлбен (шалфей) ерінгүлділер тұқымдастарының ең көп тараған түрі. Олардың 700-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда сәлбен туыстастардың 8 түрі бар. Сәлбен қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда көп тараған. Олардың дәрілік, эфир майы алынатын және сәндік түрлері бар. Сәлбенді халық «тіршілік шөбі» деп те атайды. Халықтық медицинада оның жапырағы ойық жаралы емдеуге қолданылады. Тұқымынан алынған тұнба бала көтеруге себепші болады деген ұғымдар болған. Сәлбен қазіргі медицинада да дәрілік өсімдік болып саналады. Жұпарлық сәлбен - эфир майы өндірілетін өсімдік. Жылтыр сәлбен, қызыл сәлбен, айқарылма сәлбен сәндік мақсатта қолданылады. Сәлбен - балды өсімдік. Гүл формуласы: Т(5)К(2+3)А2Ж(2).

Қырынан қарағанда гүлі аузын ашқан адамның кескінін бейнелейтін, үстіңгі 2 күлтесі - жоғары ерінді, астыңғы 3 күлтесі төменгі ерінді еске түсіретін өсімдіктер ерінгүлділер тұқымдасына топтастырылған. Бұлардың жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Ерінгүлділер - бұталы, шөптекті өсімдік. Сабағы - төрт қырлы.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет