Раушан жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп екенін байқаған боларсыңдар. Олардың саны 100-ге жетеді екен



бет5/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#28919
1   2   3   4   5

Өгейшөп

Өгейшөп - Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 см, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дамиды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 см мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған. Себетгүлде топтасқан гүлдері екі түрлі: себетгүлдің жиегіндегі (шетіндегі) гүлдердің барлығы - аналық тілшелі гүлдер, ортасында орналасқандарының барлығы - аталық түтікшелі гүлдер. Сонымен, өгейшөптің себетгүлінде (гүлшоғырында) аталық та, аналық та гүлдердің болатынына көз жеткіздік.



Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.

Гүлдерінің құрылысы





Күнбағыс.

Гүлдерінің құрылысы өте күрделі және алуан түрлі болғандықтан, кейбір өсімдіктердің гүл формуласын ұсынамыз.

1. Кәдімгі бақбақ тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).

2. Мыңжапырақ (тысячелистник) себетіндегі түтікшелі гүлі: Т0К(5)А5Ж(2); жалған тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).

3. Дәрілік түймедағы (ромашка лекарственная) түтіктелі гүлі: Т0К(5)А5Ж(2) жалған тілшегүлі: Т0К(0+3)А0Ж(2).

4. Күнбағыстың себетінде де түтікшелі, тілшелі гүлдер бар. Жалған тілшелі гүлдері себет гүлшоғырының жиегінде (шетінде) орналасады, ол жеміс бермейді; формуласы: Т0К(0+3) немесе 3А()Ж(). Сонымен күрделігүлділер тұқымдасы 2 тұқымдас тармағына топтастырылады: 1) түтікiелі гүлділер (күнбағыс, түймедағы, мыңжапырақ, жусан, ермен, гүлкекіре және т. б.), 2) тілше гүлділер тұқымдас тармағы (бақбақ, шашыратқы, қалуен және т. б.).

Кейде қашқаргүл тұқымдастар деп аталатын күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер қосжарнақтылардың көбірек назар аударатын тобы болып саналады. Бұлар гүлшоғырында әр түрлі гүлдер өте көп жиналғандықтан, күрделігүлділер тұқымдасы деп аталған. Гүлшоғыры - себетгүл, күрделігүлділерге жататын өсімдіктердің көпшілігі біржылдық, көпжылдық, едәуір биік шөптекті өсімдіктер. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Себетгүлге орналасқан кішкене гүлдердің тостағаншасы үлпекті айдаршаға айналған, күлтесі 5 күлтежапырақшадан құралады. Себетгүлдегі гүлдердің барлығы жеміс бере бермейді. Көбінесе қосжынысты (аталықтар және аналықтар) гүлдер болғанымен, жеміс түзбейтін дара жынысты аталық гүлдер де кездеседі. Жемісі айдарлы немесе айдарсыз тұқымша. Күрделігүлділердің тозаңданбай-ақ жеміс түзетін бірнеше түрлері бар (бақбақ). Жемісі жел, жануарлар, су арқылы таралады. Күрделігүлділердің май алынатын, көкөністік, дәрілік, малазықтық, сәндік, техникалық түрлері бар. Ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер - арамшөптер.[1]

Шаруашылық маңызы

К. г-дің шаруашылық маңызы зор. Бұлардың арасында каучуктылары (мыс., көксағыз, гвайюла, жерсағыз, т.б.), көкөніс түрінде пайдаланылатын (мыс., ассүттіген, бөрікгүл, шашыратқы, т.б.), мал азықтық (мыс., жер алмұрты), май алынатын (күнбағыс, мақсары, т.б.), әсемдік үшін өсірілетін (қошқаргүл, нарғызгүл, хризантема, қырмызыгүл,барқыт шөп, әсел, т. б.), дәрілік маңызы бар (түймедагы, арника, дермене, андыз, итошаған, т.б.) түрлері кездеседі.



К. г-дің арам шөп (шоңайна, қалуен, түйетікен, у кекіре, гүл кекіре, тікенқурай, ошаған, бақ-бақ, түйме-шетен, ақбас жусан, жусан, лаңса, т. б.) түрлері де бар.

Суреттер көрмесі





Aster alpinus



Senecio aureus



Vernonia fasciculata



Eupatorium cannabinum



Chuquiraga oppostifolia (Barnadesioideae)



Carduus tenuiflorus (Carduoideae)



Gerbera sp. (Mutisoideae). Note the zygomorphic disc flowers.



Pertya scandens (Pertyoideae)



Cichorium intybus (Cichorioideae). Note the dark blue anther tubes and the bilabiate styles.



Aster novae-angliae (Asteroideae)



Ray floret (as in Chichorioideae, and the outer florets in Asteroideae)



Disc floret (as in Asteroideae)



The involucral leaves of the capitula of the globe artichoke (here flowering) are eaten as vegetable



The large seed head of Tragopogon pratensis is composed of many single achenes, each with its own pappus



Sticking teeth of a Bidens tripartita achene under stereomicroscope (30X).



The stem of the dandelion (Taraxacum, Cichorioidea) contains a bitter latex.

Емтихан сұрақтары

  1. Гүлдің репродуктивті органдары атаңыз

  2. Гүл серігіне анықтама беріңіз

  3. Гүлдің құрлысы

  4. Тостағанша жапырақша

  5. Күлте жапырақша

  6. Гүлді өсімдіктерді топтарға бөлу

  7. Егу әдістерінің ең негізгілері

  8. Жалғастыру екпесі

  9. Ермен екпе

  10. Жарып ұластыру

  11. Гайсфус екпесі

  12. Қабыққа екпе

  13. Бүйірлік екпе

  14. Жақындап егу

  15. Телу

  16. Өсімдіктерді өсіру үшін қажетті факторлар

  17. Жарық сүйгіш өсімдіктер

  18. Жарықты шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

  19. Көленкеге төзімді өсімдіктер

  20. Жылылықты сүйетін өсімдіктер

  21. Гүлді өсімдіктерді орналастыру

  22. Гүлді өсіру үшін қолдалынатын дайындалған топырақтар

  23. Жапырақ орналасқан топырақ

  24. Шымтезек топырағы

  25. Жылыжай қарашірік топырағы

  26. Шым топырақты дайындау

  27. Гүлді өсімдіктерді суару

  28. Гүлді қсімдіктерді тыңайту

  29. Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту

  30. Тамырынан бөліп көбейту

  31. Жылыжайда нарцис гүлін өсіру технологиясы

  32. Жылыжайда раушан гүлін өсіру

  33. Үй жағдайында өсірілетін гүлдерге арнап топырақ қоспаларын дайындау

  34. Үй өсімдіктерінің үш талабы

  35. Аспалы өсімдіктер

  36. Әдемі гүл шашатындар

  37. Өсімдіктерді дұрыс орналастыру

  38. Үй өсімдіктеріне топырақ таңдау



  1. Қорда топырақ



  1. Өсімдіктердің табиғатпен биологиялық байланысы



  1. Гүлді жабық грунта өсіру



  1. Грунттың түрлері



  1. Грунттардың ылғал сиымдылығы



  1. Грунттың сіңіру мүмкіндігі



  1. Грунттық сорғы



  1. Гүлді өсімдіктер, жабық тұқымдылар



  1. Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктер



  1. Гүл теплицаларында гүлді күтіп- баптауға керекті құрал жабдықтар



  1. Гүл өсіруге қажетті жағдайлар



  1. Гүлдердің тамырларының алуан түрлілігі



  1. Гүлдерді көшеттеу жәнетопырағын алмастырып отырғызу



  1. Гүлдердің шаруашылықтағы маңызы



  1. Пеларгония (сәндік өсімдік)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет