Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


)Кәсіпорындағы негізгі қорлар құнын анықтау



бет3/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza
Документ (1), Список не сдавших заявлении, тест база эк нег және кәсіпкерлік 2022 2, РЕФЕРАТ О КОНТ

4)Кәсіпорындағы негізгі қорлар құнын анықтау.


Негізгі қорлар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады, бұл қорлардың орнына жаңа негізгі қорларды алуға тура келеді. Негізгі қорлардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөлінеді. Негізгі қорлардың табиғи тозуын олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен қорлардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжіліп, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер етуіне байланысты. Негізгі қорлардың табиғи тозуы оларды ұзақ уақыт пайдалану және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады. Негізгі қорлардың сапалық тозуы олардың табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан туындайды. Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі қорлардың тозу дегеніміз олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады
#
5)Негізгі қорлардың тиімділігін анықтау.
Кәсіпорында және өнеркәсіпте негізгі құралдар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
1.негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер;
2.негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері;
3.негізгі қорлардың интенсивті және экстенсивті көрсеткіштері.
Бірінші топ көрсеткіштері: жаңару коэффициенті, негізгі қорлардың шығуы коэффициенті, негізгі қорлардың өсуі коэффициенті және негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес мөлшері.
Көрсеткіштердің екінші тобына қор қайтарымдылығы және қор сиымдылығы, қор қарулануы жатады.
Үшінші топ көрсеткіштері негізгі қордағы актив бөлігін пайдалану деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды.
#


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет