Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


)Негізгі қорларды бағалау әдістері



бет4/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza
Документ (1), Список не сдавших заявлении, тест база эк нег және кәсіпкерлік 2022 2, РЕФЕРАТ О КОНТ
6)Негізгі қорларды бағалау әдістері.
Негізгі қорларды бағалау - негізгі қорлардың құнын анықтау тәсілі. Негізгі қорлардың серпінін, шамасын, құрылымын, құрамын, тозуын есептеу үшін қолданылады; тозымпұлды (амортизацияны), өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын және тиімділікті есептеу үшін қажет.

Есеп пен талдау практикасында оның бірнеше түрлері қолданылады. Бухгалтерлік есеп пен есептемеде негізгі қорлар теңгерімдік құн (бастапқы немесе қалпына келтіру құны) бойынша көрсетіледі. Бастапқы құнда негізгі қорларды дайындауға (салуға) немесе сатып алуға, тасымалдауға, құрылыс құрастырым жұмыстарына жұмсалған нақты шығын қамтылады. Қалпына келтіру құны негізгі қорларды қазіргі кезең жағдайында және осы кезендегі баға бойынша өндіру құны. Ол жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды олардың нақты жай-күйі мен сапалық тозуын ескере отырып қайта бағалау жолымен айқындалады. Негізгі қорлар пайдаланылу барысында бірте-бірте тозады, осы факторды есептеу үшін қалдықтық құн көрсеткіші қолданылады, бұл көрсеткіш негізгі қорлардың теңгерімдік санының және толық қалпына келтіруге арналған тозымпұл аларын басшылыққа ала отырып есептелетін тозу сомасының шығын айырмамен айқындалады.


#
7)Негізгі қорлардың тозуы. Амортизацияны есептеу әдістері.
Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі
Тозу – негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи тозу – негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады.
Кт.т.= Қт/Қбас,
Мұндағы Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны
Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері:
1. Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу. Т = Қб – Ққ.е.
2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:
Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)
Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны
Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі
Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл
Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл
3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады.
Тозу амортизация түрінде есептеледі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі қорлардың құнын қалпына келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:
А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет