«Ұрбұлақ» жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы Умирбекова Мөлдір Ерінбекқызы «Тәрбиенің ең тамаша мектебі Отбасы»


Өтетін жері: АКТ залы Көрнекілігі



бет2/6
Дата11.05.2022
өлшемі0,66 Mb.
#142832
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
М.Умирбекова Тәрбиенің ең тамаша

Өтетін жері: АКТ залы
Көрнекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, интерактивті тақта, видеоролик
Әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы:
1.Кіріспе
2.Танысу
3. Ой қозғау
4.Жаттығу
5.Видеоролик
6. Сұрақ жауап
7. Қойылым
8. Ситуациялық жағдай
9.Ойын «Қолынан танып біл»
11.Қорытынды
Кіріспе
«Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
-Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар? Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала–шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы, жағымды ахуалдың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде? Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы»
атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі кездесуіміздің қадірлі қонақтарын ортаға дөңгелек үстелімізге жайғасуға шақырамыз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет