Қоғамдық пікірдің қызметтерін санаңыз?
Қоғамдық пікір қызметтерінде өзгерістер болады ма? Себептер қандай ?
Қоғамдық пікір қандай қызметі халықтың мүддесіне қызмет етеді?
4-дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және қоғамдық пікір
Бүкілхалықтық пікірдің қалыптасуы мемлекетіміздің тарихымен оның экономикалық әлеуметтік саяси және мәдени дамуымен тығыз байланысты. Ссонымен қатар айта кететін жағдай ,біздің мемлекетімізде болып жатқан ірі өзгерістер, қоғамның әлеуметтік- таптық құрылымын қарастырғанда өте маңызды . Дәл осы жерден біздің демократиялық қоғамымыздың бүкілхалықтық пікірдің субъектісінің бейнесін сапалық және сандық жағынан өзертетін үрдістер жүреді.
Бәрімізге белгілі кеңес қоғамының әлеуметтік құрылымында басты орынды жұмысшы тап болды,ол өзінің көпігімен еңбекші халықтың басым бөлігін құрады.Олар халық шаруашылығын барлық саласында еңбек етті.Бұл халықтың басқа да таптарының санасына жұмысшылардың ықпалын күшейте түсті.олардың пікір талқылауларын, кеңінен таратуға мүмкіндік берді және басқа пікірлерден үстінен басымдылығы жоғары болды.Қоғамдық өмір жүйесінде жұмысшы таптының орны ерекше мықты болған .Оның идиологиясы мен мораль ,ұжымдық психологиясы, мүдде мен идеалары кеңес қоғамының барлық топтарының игілігіне айналды.Бұл жалпыхалықтық пікір субъектісінің құрылымында жұмысшы таптың жетекшілік орнын айқындады,және қоғам дамудың түбірлі мәселелерде кеңес халқының қоғамдық пікірін қалыптастыру үрдісіне басты роль атқарды.
Қазіргі кезде Қазақстан қоғамының қазіргі әлеуметтік құрылымында күрделі өзгерістер болып жатыр, оларды түбегейлі ,түбірлі деп айтуға болады.
3-4 жылдың ішінде елімізде Кеңестік Қазақстанға белгісіз болып келген жаңа таптар ,страталар пайда болдыолар –бизнесмендер, банкирлер, ірі және шағын кәсіпкерлер, фермерлер, фирмалардың ,дүкендердің, қонақ үйлердің, мейрамханалардың және т.б. иелері Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, жоғары, орташа, кедей, өте кедей және т.б. қабаттар пайда болуның себебі бір әлеуметтік- экономикалық страттадан басқасына өту үрдісі күшейуді, демографиялық жағдай өзгеріп ,халықтың көшіп қону мәселесі басқа сиппат алды. Ең басты мәселе қоғамның табысына және экономикалық жағдайына қарай жіктелуі күшейуде.Кейбір жеке мәселелерде мүдделер келіспеушілігі жүруде.Таптық қауымдастықтан басқа бүкілхалықтық пікір субъектісінің құрылымына әлеуметтік,әлеуметтік демографиялық және әлеуметтік- кәсіби топтардың пікірлері кіреді/ интеллегенцияның әр түрлі топтары, жастар әйелдер, зейнеткерлер және т.б./ сондықтан да бүкілхалықтық пікір пайда болуы мен дамуы үшін, субъектілер құрылымында халықтың көпшілігімен қатар тек таптардың ғана емес , тағы басқа әлеуметтік қаумдастықтардың мүдделері сәйкес келуі қажет.
Бұл жерде өкіметтің әлеуметтік саясаты үлкен роль атқарады Ол біздің қоғамымыздың әр тобының мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып көптеген мәселелерді шешуге өз назарын аударады
Бүкілхалықтық пікір субъектісінің құрылымында ерекше орын қоғам мен тұлғаның негізгі өмірлік мүдделерінің тікелей байланысын қамтамассыз ететін еңбек ұжымдарына берілген.Ұжым адамның незігі еңбек ететін микро ортасы болып табылады. Еңбек ұжымының қоғамдағы ролі сонда , ондағы ұжымдық пікір жеке пікірлердің жетілуімен айқындалады, ал кейінен бүкіл қоғамның пікіріне айналады
Бұл ұжымдық пікірді жеке пікірлер мен қоғамдық пікірлерді байланыстырушы түйінге айналдырады және жеке, ұжымдық және қоғамдық пікірлердің өзара тәуелділігін және диалектикалық байланысын орнатады.
Сонымен бүкілхалықтық пікір субъектісінің құрылымында еңбек ұжымдары әр түрлі әлеуметтік таптық ,ұлттық демографиялық және басқа қауымдастықтардағы адамдардың пікірлерін қорытуда өзіндік басты орындардың бірін алады.
Осылай еңбек ұжымдарының еншісіне қоғамдық пікірді жасаушы субъектілерінің бірі ретінде ауқымды жұмыс жүктеледі.
Егер барлық айтылғандарды кішігірім қортынды жасайтын болсақ, қоғамның бүкілхалықтық пікір субъектісінің құрылымы жеткілікті түрде тармақталған және өзіне таптық, ұлттық, аймақтық қауымдықты, әлеуметтік және әлеуметтік –демографиялық, кәсіби және т.б. топтарды еңбек ұжымдарын,пікірдің мазмұнын ұсынатын жеке адамдарды пікірлерін кіргізеді.
Қазақстан көпұлты мемлекет болып саналады. Сонымен әрбір ұлттық қауымдастықтың пікірінің өзіндік сипаты оның тарихи дамуымен мәдениетінің, тұрмысының, психологиясының, ұлттық әдет ғұрыптың және салт- дәсүр ерекшелігімен байланысты болады
Қоғамдық пікірдің объектісін бірнеше түрге, яғни объекті- фактілер , объекті –оқиғалар, объекті- құбылыстар деп бөлуге болады.
Қоғамдық пікірің өте қарапайым объектісі- ол шындықтың қандай да бір фактісі.Факт белгілі ақпараттың тек сақтаушы және тасымалдаушы құралы ғана емес, адамдардың қарым- қатынас жүйесіне араласып және әлеуметтік белсенділіктің стимулы және олардың шектеулері және т.б. ролдерді атқарады.
Оқиға қоғамдық пікірлің, қоғамдық баға берудің, күрделі объектісі ол ақпараттардың көптігімен, белгілі бір мәліметтер жиынтығымен ерекшеленеді.
Қоғамдық пікірің өте күрделі объектісі болып құбылыстар мен үрдістерді мойындайды.
Сонымен қатар қоғамдық пікірдің объектілері ішінен объективті шындықта, қоғамдық тұрмыста/ экономикалық үрдістер,өмірдің материалдық жағдайы, адамдардың тіршілік әрекеттер және т.б./ және субъективті шындық, қоғамдық санаға/ адамгершілік түсінік , әлеуметік психологиялық үрдістер әр түрлі құндылықтар жүйесі және т.б./ қатысты болатын фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен үрдістерді бөлуге болады.
Барлық фактілер, оқиғалар, құбылыстар қоғамдық санада көрінуіне қарай жіктелінуі мүмкін , біріншіден адамның белгілі бір практикалық іс-әрекетіне қарай, екіншіден қоғамның рұхани саласына
Қоғамдық пікірдің объектілерін таңдаудың басты критерилері болып адамдардың қоғамдық мүдделері , адамдардың белгілі деңгейде ақпараттардан хабардар болуы және т.б. жатады Бұл жерде қоғамдық назарға түскен қаңқу сөздер және ойдан шығарылған әңгімелер өз ролін атқарады Бұл адамның шындықты өз қалауына қарай бұруға деген табиғи ұмтылысы, құбылыстарды өз түрінде емес, адамның өзі көргісі келгендей түрде көруінен туындайды.
Адамдардың мәліметтерден хабардарлығы қоғамдық пікірдің пайда болуының міндетті алғышартты емес, олардың пікірінің объективтілігі мен кемелденуіне негіз болады Сонымен қоғамдық пікірдің объектілерінің таңдау критериилеріне осы пікірдің объектісіне адамдардың қызығушылығын жатқызуға болады
Қайталауға арналған сұрақтар
Қоғамдық пікірдің қалыптасу құрылымына сиппатама беріңіз
Қоғамның әлеуметтік құрылымының қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсері қандай?
Қоғамдық және жеке пікірдің ара-қатынасы қандай?
Қоғамдық пікірдің объектісінің критерийне нені жатқызамыз?
Достарыңызбен бөлісу: |