Рецензенттер


Қолданылған әдебиеттер тізімі



бет4/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
МФТ книга
То санды жиынты ба алауды спецификациясы « аза дебиеті» (1)
Қолданылған әдебиеттер тізімі ......................................................................148
Тақырып №1. Тауартану ғылыми пән ретінде. Тауартанулық талдауын жүргізудегі нормативті-техникалық құжаттар (НТҚ)


Мақсаты: Студенттерді тауартанумен және тауартанулық талдауын жүргізудегі нормативті-техникалық құжаттармен таныстыру.


Дәріс тезистері: Тауартану — тауарлардың тұтынушылық бағасын анықтайтын ғылыми пән. Тауартану медициналық және фармацевтикалық болып бөлінеді. Медициналық тауартану медицинада қолданылатын, емдеу-диагностикалық үрдісте тағайындалуына сәйкес әрбір тауардың функционалды қасиетін зерттейді. Фармацевтикалық тауартану атауына сәйкес фармацевтикалық тауардың функционалдық қасиетін зерттейді.
Тауардың қасиеті жасалынған материалына, конструкциялық пішініне, дайындалу кезеңіне байланысты. Кәсіби тауартану функциясын орындау үшін фармацевт істей алу керек:

  • фармацевтикалық тауар мен медициналық техникасының сапасын бағалау мақсатында жүргізілген тауартану талдауының нормативті-техникалық құжаттар жиынтығын;

  • осы тауарларды, тауар, тауар топтары мен түрлеріне жіктеу, қорабын бағалап, таңбасын түсіну;

  • тауардың физико-химиялық және т.б. қасиеттерін есепке ала отырып, оған ыдыс, орап-байлау материалдарын таңдау;

  • сақтау мен тасымалдау кезінде фармацевтикалық тауар мен медициналық техникасының сапасына сыртқы ортаның әсерін болжау;

  • әрбір тауар тобына оптималды сақтау шарттарын таңдау;

  • қабылдап алу мен сатылуға дейінгі фармацевтикалық тауар мен медициналық техниканың қимылын көрсететін құжатты рәсімдеу;

  • медициналық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды қолдану мен залалсыздандыру бойынша кәсіби кеңес беру;

  • рецепттерді қабылдап, дайындалғаннан кейін босату.

Сәйкес тауартану дайындығы болу үшін фармацевт білу керек:

  • медициналық және фармацевтикалық тауартанудың шығару мөлшерін көбейту мен ассортиментін кеңейтуге бағытталған өндірістің іс-шараларын;

  • жалпы тауартанудың негізгі қағидалары, медициналық және фармацевтикалық тауартану пәні мен міндетін;

  • фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техникана өнімдерін жіктеу, кодтау мен таңбалау принциптерін;

  • материалтану негіздерін;

  • медицина мен фармацевтикада қолданылатын орап-байлау түрлері мен қасиеттерін;

  • фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника сапасына сыртқы ортаның әсері, сақтау ережелерін.

Өнімнің сапасы неден жасалғандығына және қалай дайындалғандығына байланысты. Дайындау негізінде тауар сапасына қойылған медико-техникалық талаптар салынады, олар дәрігер-тұтынушы қорына негізделеді. Конструкция-лық құжаттарға сәйкес дайындалу кезінде осы құжаттағы талаптарға толық жауап беретін тәсілдерді қолданған маңызды. Өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде стандартизациялық үлкен мәні бар.
Стандартизация – белгілі аймақтың әрекетін реттеу мақсатында ережелерді қабылдау мен қолдану. Стандарттар, дайын өнім сапасына талаптар орнатады, сапа көрсеткішін анықтайды, бақылау мен сынау тәсілдерін, пайдалану шарттары мен өнімді тағайындалуына байланысты беріктік пен сенімділік деңгейін тағайындайды. Әсер ету кеңістігіне байланысты стандарттар келесі категорияларға бөлінеді: ГОСТ, ОСТ. Республикалық (РСТ) және мекеме стандарттары (СТП).
ТШ (техникалық шарттар) – маңызды құжат, бұл құжатсыз өнім тұтынушыға шығарылмайды. Техникалық шарттар бір өнімге немесе өнім бөлігіне жасалады, келесі бөлімдерден тұрады.

  1. өнім тағайындалуы

  2. жіктелуі

  3. негізгі бөлімдері

  4. техникалық талаптар

  5. өнім комплекстілігі

  6. сынау тәсілдері мен қабылдап алу ережелері

  7. таңбалануы, орау-буылуы мен сақталуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет