Реферат Ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тәсілдері



Дата28.10.2023
өлшемі36,75 Kb.
#188957
түріРеферат
Байланысты:
Практикалық сабақ
moluch 358 ch1 removed, археология, Внеклассное мероприятие по истории Казахстана в 5 классе



НАО «Университет имени Шакарима города Семей»
Реферат
Ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тәсілдері 

Выполнила: Жумартова Ж.К.


Жалпы білім беру мекемелеріне біріктіріп оқыту үрдісін белсенді жүргізу үшін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі қажет: мұғалім-дефектолог, тәрбиешілер, психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, емдік дене шынықтыру бойынша мамандар, еңбектерапевт, дәрігерлер (психоневролог, оториноларинголог, офтальмолог, кинезитерапевт). Психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасаудың маманы ретінде арнайы педагогқа педагогикалық қолдау көрсету жүйесінде негізгі рөл жүктеледі. Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің негізгі міндеті:
а) жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбиеші, қосымша қызметкер, мұғалім, оқушылар жағынан мүмкіндігі шектеулі балаларға оңды көзқарас құру;
б) психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баланың өзгешеліктерін түсінуге, оларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мамандарға көмек көрсету;
в) жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген балаларды үй жағдайындағы педагогикалық мәселені тиімді шешуде ата-аналарға және қамқоршыларға кеңес беру;
г) біріктіріп оқытуға мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық дайындығын қалыптастыру, оларға қажетті көмек көрсетуді анықтау, баланың дамуын модельдеу бағдарламасы мен оқытудың мониторниг нәтижесі, түзете-дамытушылық сабақтарын жүргізу және ұйымдастыру.
О.Газман педагогикалық қолдау көрсету – баланың психикалық және дене дамуына байланысты жеке проблеманы шешуде балаға қолма-қол көмек көрсетуге бағытталған мамандардың қызметі деген анықтама береді.
Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің ерекшелігін сызба түрінде
Арнайы педагог жұмысының негізгі бағыттарының бірі – дамуында ауытқуы бар баланың ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болу. Баланы оңалту мен кіріктіру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-ана мен отбасы серіктес ретінде қарастылуы қажет. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі баланы кіріктірудегі кешенді бағдарламада отбасының әлеуметтік-интеграциялық шараларды жүйелі орындау қатынастарын қалыптастыру үшін міндетті түрде ата-аналармен арнайы дайындық жұмыстары қарастырылады. Отбасы бала бойындағы әлеуетін ашуға және көтеруге көмектесу қажет: оңалту және кіріктіру. Қалыпты деңгейде дамыған баланың ата-анасы мұндай отбасымен қарым-қатынас жасаудан аулақ болады.Сол себептен арнайы педагогпен қатар барлық білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер ұжымының негізгі міндеттерінің бірі – дамуында ауытқуы бар бала отбасының басқа да отбасылармен қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру. Жоғарыдағы серіктестік қызметті жүзеге асыру үшін мектепте ата-аналар үшін арнайы клубтар, мектептік іс-шараларға қатыстыруға көмек көрсететін арнайы топтар ұйымдастырылуы мүмкін. Сонымен қатар ата-аналарға кеңес беретін арнайы психологтар жұмыс жасау қажет. Қалыпты деңгейдегі және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналармен әңгемелесу, дөңгелек үстел және тренингтер, арнайы дәрістер ұйымдастыру.

Арнайы педагог сабақты жүргізумен қатар мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу үрдісіне белсенді қатысады. Тәрбие педагогикалық үрдістің бір бөлігі болып жеке тұлғаның даму ерешеліктерін, өмір стратегиясын анықтайды. Тәрбиенің экзистенциальды және әлеуметтік құндылығы жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру бойынша алуантүрлі қызметін қалыптастыруға ынталандыру мен ұйымдастыру үрдісін жүзеге асырады: білім, тәжірибелік білік пен дағды, әлеуметтік қатынасты жоғарлататын шығармашылық әрекет амалы. Сондықтан да дамуында ауытқуы бар баланы мектеп ішіндегі түрлі тәрбиелік үрдіспен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру қажет.


Р.П.Дименштейн, П.Ю.Кантор, И.В.Ларикованың көзқарасы бойынша мұғалімнің сыныпқа енгізілген психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасап, түрлі категориядағы балаға оқу материалын түсіндіру мен туындаған проблеманы шешуге қабілетті болғанда ғана жоғары бағаланатынын айтқан. Сондықтан да түрлі деңгейдегі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің жемісті болуы мұғалімнің құзыреттілік деңгейімен байланысты. Бұл біріктіріп оқыту жүйесінде мұғалімнің жұмыс жасай алу қабілеттілігін жоғарлату үшін педагогикалық кадрлардың қайта даярлануы мен біліктілігін көтеру курстарынан өтуін талап етеді.
Мүмкіндігі шектеулі бала дамуының алуантүрлігін ескере отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерінің арнайы педагогика мен психология, коррекциялық педагогика, валеология бойынша білімдерінің болуы маңызды рөл атқарады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің көбіне оқытудың көрнекілік және дамытушылық сипаттағы жеке және әр түрлі амалдардың дидактикалық үрдістерін талапқа сәйкес жүзеге асырудың түзете оқу-тәрбие жұмысының амалдарын меңгеруді және сабақты беру әдістемесінің негізгі ережелерін қайта қарастыру қажет. Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдерге арнайы педагогика мен психология саласында ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігінің нәтижелері көптеген зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Зерттеушілердің жұмыстарында жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің психикалық дамуы тежелген және жеңіл деңгейдегі ақыл-ойы кем балалармен қатар мінез-құлқында ауытқушылығы бар қалыпты деңгейде дамыған баламен жұмыс жасауға дайын еместігін көрсеткен.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж жүйесі
Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП)
Патронаж - дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына ерекше кемек көрсету, баланың өмірін сақтау, қалпына келтіру, емдеу, арнайы оқыту, тәрбиелеу және коғамға бейімдеу мәселелерін шешу бағытында арнайы көмек түрі.
Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП) дамуында ауытқуы бар баланың отбасына әр түрлі мамандардың біріге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын ұзақ мерзімде қолдануды қалайды.
Кешенді МӘПП психологиядық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік мекемелер мен және қызметтермен жүзеге асырылады. Аталмыш мекемелер мемлекеттік немесе жекеменшік (қоғамдық бірлестіктер, қайырымдылық орталықтар) болуы мүмкін және олар бір бірінің жұмыстарын толықтыра отырып, дамуында ауытқуы бар балалардың әлеуметтік кеңістікте бейімделудің әртүрлі жолдарын ұйымдастырады ол отбасына әлеуметтік қолдау көрсетудің ұзақ мерзімді шараларына бағытталған.
МӘПП-ң негізіне психологиялық-педагогикалық консультациялар (кеңестер), психологиялық-медициналық әлеуметтік орталықтар диагностикалық және оңалту орталықтары, логопедтік пункттер, ерте жастан көмек көрсету кабинеттері және үйде оқыту ұйымдары кіреді..
Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру мен еңбек қабілеттілігінің шектеушілігін Н.Н.Малофеев интеграцияның «қалыпты жағдайға ұмтылу» концепциясына негіздеген және оның негізгі ой түйіні - мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі мен тұрмыстық жағдайы қоғамның өмір сүру стилі мен жағдайына жақын болуына негізделген. Н.Н.Малофеевтің жоғары да айтқан мәселелеріне қарай қорытынды жасауға болады:
1. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар бала барлығына тән – дамуын ынталандыратын жағдайлар мен сүйіспеншілікке бөленуді талап ете алады;
2. Бала қалыпты деңгейде өмір сүретін қоғамдық өмірге жақын болуы қажет;
3. Баланың тиімді дамуында үй ең қолайлы орта болып табылады. Сондықтан да жергілікті өкімет білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың отбасында болуына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді;
4. Барлық бала білім алады, демек дамуындағы ауытқушылықтың деңгейіне қарамастан, білім алуға мүмкіндік беріледі.
Инклюзивті білім беру дамуының себептері
Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жұмыс істеу бағыттары
Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: - баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; - оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу; - ата-аналармен жұмыс: - баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; - ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; - ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; -ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата – аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
20. Инклюзивті білім беру жүйесін кадр мәселесімен қамтамасыз ету
21. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру мекеменің басқарушылық-ұйымдастырушылық өзгешеліктері
22. Ерекше білім алуды қажет ететін балалардың диагностикасы
I. Диагностикалық бағыт: - баланы алғашқы дефектологиялық тексеру -баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау -баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау -оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу - жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау -компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу -баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.
Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Баланы алғашқы тексеру.
Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.. Инклюзивті білім беру мекеменің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
Жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті үдерісті ұйымдастыру дегеніміз инклюзивті тәжірибені жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдардың пәнаралық өзара әрекеттестігінің көпдеңгейлі бір-біріне бағынышты жүйе болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жұмысты кең мағынада қарастыру керек, себебі, міндетті түрде оның адресаты тек балалар ғана емес, педагогтар, ата-аналар және олармен байланысатын басқа да ересектер болады. Сәйкесінше, білім беру ұйымы дамуының спецификалық міндеттеріне байланысты педагогтар мен мамандар жұмысының ортақ мақсаты жасының, білім алу және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін балалар мен білім беру үдерісінің басқа қатысушыларын психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу жүйесін жасау болып табылады. Инклюзивті білім беру мекемесінде психологиялық-педагогикалық ұйымдастыру – бұл, ең алдымен, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың актуалды жағдайы және жақын даму перспективалары тұрғысынан баланың психологиялық-педагогикалық статусын жүйелі түрде қадағалау, балаларды нәтижелі оқыту мен дамыту, нақты бір баланың оқыту, сөйлесу психикалық күйінің проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау. Сонымен қатар, жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі педагогикалық қолдау, оларды қоғамда әлеуметтендіру білім беру үдерісіне қатысушылардың, ең алдымен, мектеп мұғалімдерінің даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеуге қажетті білім мен құзыреттілік болған жағдайда ғана жүзеге асады. Жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу барысында әр түрлі мамандар мен мектеп мұғалімдерінің өзара әрекеттестігінің спецификасы болып білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың мұғалім-дефектологтың жетекшілігімен өзара тығыз әрекеттесуі және білім беру, тәрбиелеу мен түзету міндеттерін бірігіп шешу болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың инклюзивті білім беру мекемеге орналасу кезеңдері, талаптары.
Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және 11 басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу; - жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом); - білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; - жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялық- педагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру; - арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру; - жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту. 2. Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады: - жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту; - инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру. 3. Ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау: - жалпы білім беру ортасына ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды 12 қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу және эксперименттік түрде ендіру; - инклюзивті білім беруде инновациялық үлгілерді, оқыту әдістері мен технологияларды қолдану, халықаралық озық тәжірибені зерделеу және қолдану; - білім беру жүйесінде инклюзивтік процестердің тиімділік критерилерін әзірлеу; - оқушылар білімін бағалаудың икемді (бейімделген) критерилерін және инклюзивті білім беру жүйесінде қолданылатын икемді (бейімделген) жалпы білім беретін оқу бағдарламалар мен жалпы білім беру стандартын әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламалар әзірлеу мен бағалаудың икемді критерилерін қолдану бойынша және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар жасау. 4. Іске асыру кезеңдері Бірінші кезең - 2014-2015 жылдар - инклюзивті білім беруді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу; - инклюзивті білім беру жүйесін дамытуды ресурстық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін жетілдіру; - бастауыш білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып, ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды жалпы білім беру ортасына қосудың вариативті модельдерін апробациялау бойынша экспериментальдық алаң – ресурстық орталықтар құру; - инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік және қолданбалы зерттеулер жүргізу; - инклюзивті педагогика қағидаттарын және білім беру практикасына ендіру жүйесін әзірлеу; - ерте диагностикалау және ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; - мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеу; - инклюзивті білім беруді ендіру мәселелері бойынша республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық семинарлар өткізу; - медиажоспарларды, ақпараттық қолдауды және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастырудың кешенді бағдарламасын іске асыру. Екінші кезең– 2016- 2017 жылдар: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды мектепке қабылдау дайындығын бағалау индикаторларын әзірлеу және ендіру; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу модельдерін әзірлеу және апробациялау; - білім беру ортасын бейімдеу мен жеке жоспарларды, оқу 13 бағдарламаларды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың икемді жүйесін қосатын оқушыларды қолдау жүйесін құру; - оқу жоспарларына «Арнайы педагогика негіздері», «Инклюзивті білім беру» пәндерін қосу арқылы педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттырудың типтік оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу; - әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру. Үшінші кезең - 2018-2020 жылдар: - барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ұлттық модельдерін кешенді ендіру; - инклюзивті білім беру бағдарламаларын техникалық және кәсіби, жоғары білім беру деңгейлерінде жүзеге асыру; - алдағы уақытта жұмыспен қамтылуын ескере отырып мүмкіндіктері шектеулі адамдардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін ендіру. 5. Инклюзивті білім беруді мониторингілеу: - бірыңғай және сәйкес қағидаттар, сапалық және сандық көрсеткіштер мен тәртіп негізінде инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізу және оның тиімділігін бағалау
Инклюзивті білім беру жағдайда арнайы педагог жұмысының мақсаты мен міндеттері
Арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды.
Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларга: есту қабілеті бүзылган балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалгандар); көру қабілеті бүзылган балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылган, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданган, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданган балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылган) балалар жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тэрбиеленеді. Демек, мүнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық жэне педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі. Осы мақсатқа сай арнайы педагогика гылымы төмендегідей:
1. Әр кемістіктің немесе кемтар балалардың ауытқулардың түрлерін, дәрежесін анықтап олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.
2. Физикалық немесе психологиялық дамудағы ауытқулардың негізгі биологиялық әлеуметтік жэне педагогикалық себептерін анықтап оларды түзету, толықтыру әдістерін қарастыру.
3. Арнайы мекемелерді қалыптастыру орталықтарын үымдастыру және оларды дамыту бағыттарындағы жүмыстарын негізгі принциптерін таныстыру.
4. Арнайы түзету, толықтыру жэне дамыту мекеменің негізгі мақсат-міндеттерін айқындау жэне жүмыстарының мазмүнын талдау.
5. Болашақ дефектолог мамандарын даярлау үшін қажетті ғылыми оқу эдістемелік эдебиеттермен танысып көрнекі қүралдар және тэжрибелік мекемелер жүмыстарына қатысу.
4. Инклюзивті білім беру жағдайда арнайы психолог жұмысының мақсаты мен міндеттері
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
5. Инклюзивті білім беру жағдайда логопед жұмысының мақсаты мен міндеттері
Логопедтік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуде сөйлеу тілі бұзылған балалардың қажетті сөйлеу алғышарттарын қалыптастырудың алғашқы деңгейін анықтау қажет. Бұл үшін логопед мұғалім оқу жылының басында барлық тәрбиеленушілерінің сөйлеу тілінің дамуына "үстірт" шолу жасап өтеді. Үстірт зерттеуде алынған деректер сөйлеу тілінің бұзылуы бар балаларды тіркеу журналына енгізіледі. Сөйлеу тілі бұзылған балаларды анықтап, логопедтік пунктке тіркеу топтарда оқу жылының басында және аяғында жүргізіледі. Сәуір-мамырда мектепке баратын балаларды жүйелі зерттеу жүзеге асырылады. Содан кейін сөйлеу тілінің қандай да бір ауытқушылығы бар балалармен "егжей-тегжейлі" логопедтік зерттеу жүргізіледі. Ол дәстүрлі логопедтік сөзін және сөздік емес функцияларын зерттеу және зерттеу нәтижелері бойынша әрбір сөйлеуі бұзылған балаға карта толтыру, сондай-ақ сөйлеу қорытындысын шығару арқылы жүргізіледі. Алынған деректер мен сөйлеу қорытындысы негізінде логопед болашақ жоспарын және әр баламен дербес түзету-дамыту жұмыстар бағдарламасын жобалайды, оларда сөздің барлық құрылымдық құрауыштарына мақсатты бағытталған жұмыстармен қатар, әртүрлі психикалық процестері мен жеке басының сапаларын дамытуға бағытталған мақсатты жұмыс қарастырылады. Зерттеу кезеңі аяқталғаннан кейін логопед өзі логопедтік жұмыстар жүргізуді жоспарлаған сөйлеуі бұзылған балалар тізімін жасайды, оны балабақша меңгерушісіне бекітуге береді, онымен МДҰ педагог-тәрбиешілерін, сондай-ақ сөйлеуі бұзылған балалардың ата-аналарын таныстырады..
6. Инклюзивті білім беру жағдайда әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтік педагог –арнайы білім беру мекемесінің қызметкері (коррек-лық)барлық әлеуметтік институт жетекшілерімен байланысты болады (педагог,психолог,дәрігер,әлеуметтік жұмысшы,қызметкер,құқық қорғау органдармен,еңбек ұжымымен,ата-аналармен) жеке басқа қызығушылық танытушы тұлғалармен әлеуметтік педагог негізі міндеті –көмек қажет ететін тұлғаларға әлеуметтік өмірге бейімделу жағынан көтермелеу,жеке тұлғалық жағынан дамуына көмек ету. Осы тұлғадағылардың ерекшелік жағдайларына мән беріле отырып ,қоғамысызоларды әлеуметтік жағынан қорғауға және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жолына үлкен назар аударуда .Әлеуметтік жағынан көмек ете білудең тиімді жолдарын іздеструде әлеуметтік көмек-бұл гуманитарлық қызмет ету комплексі ,экономикалық жағынан қамтамасыз етілмеген ,әлеуметтік жағынан әлсіз, психологиялық көмекті қажет ететін тұрғындар тобының қабілеттілігін әлеуметтік тұрғыда жақсарту мақсатын көздейді.Бұл белгілі ерекше бойынша кезеңді (мерзімді) және бір мезгілде зейнетақыға қосымша және жәрдем ақы төлеу сипатында сонымен бірге ұзақ уақытың қызмет көрсету (медициналық., психологиялық., құқықтық,, педагогикалық, тұрмыстық т.б.) осындай тұрғындар тобына қиын кезде көмек ету,әлеуметтік-экономикалық қолайсыз жағдай сипатынан құтқаруды қамтиды.Қазіргі таңда әлеуметтік тұрғыданкөмек беру мүгедектік тұлғалар меен өмірлік әрекетімен еңбек ету қаблеттілік жағдайларымен шектелген тұлғаларды көтермелеуге әлеуметтік –педагогикалық тұрғыдай комек ету кеңтүрде көлем алып келеді,әлеуметтік –педагогикалық әрекет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу үсдінсіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған тәрбие үрдісіндегі жеке тулғаның даму ерекшелігінің өзіндік сиаптын есепке ала отырып әлеуметтік көмек ету және барлық тәрбие субьектілерін қамитиды,әлеуметтік – педагогикалық қызмет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу мақсатында білім беру аймағында құрылады ,әлеуметтік –педагогикалық әрекет-экономика,саясатпен,адам өмірінің жеке тұлғалық жағдаймен тығыз байланысты .Ол әртурлі профильді мамандар күшімен қамтамасыз етіледі .Бірақта бұл жолда ең басты маңызды да,міндет роль әлеуметтік педагогика жүктеледі.
7. «Тоқсаусыз білім беру орта» түсінігіне сипаттама
8. Тоқсаусыз білім беру ортасын ұйымдастыруына қойылатын талаптар
9. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтендіру мәселесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады. «Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып. оларды арнайы мекемелерге орналастыру. оларға жағдай жасау. Психологиялық – медициналық – педагогикалық консултациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу. Әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы бойынша білім алуға құқы бар» делінген. Сонымен қатар, кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті тегін алуға;
-мемлекеттік медициналық ұйымдарда психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда тегін тексерілуге және тегін медициналық көмек алуға;
-дене немесе психикалық кемістіктері байқалған сәттен бастап, оның көріну, дәрежесіне қарамастан, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегін психологиялық – медициналық – педагогикалық түзеуге;
-медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен протез – ортопедия бұйымдарымен және аяқ киіммен, арнайы қарпі бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнал бергіш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегін қамтамасыз етілуге;
— психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардың қоырытындысына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алуға;
-мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегінде конкурстық негізде тегін кәсіптік білім алуға;
-оқу бітіргеннен кейін алған біліміне және (немесе) кәсіби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар;
-Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегін білім алу, білім беру сқалармен бірдей болған жағдайда, медициналық — әлеуметтік сараптау бөлімдерінің қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында білім алуына болатын І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінде мүгедектер басым құқыққа ие болады;
-жетімдер қатарындағы ата – анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететін кемтар балалар арнаулы білім беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейін және кәмелеттік жасқа жеткен соң, жергілікті атқарушы органдар оларды заңдарда белгіленген иәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етеді.[2.3]
Кемтар балалардың ата – аналарының және өзге де заңды өкілдерінің:
1)баланы психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда куәландыру кезінде қатысуға;
2)баланы тексерудің нәтижелері, жеке әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелері туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық арнаулы білім берумен және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
3)өз балаларының Қазастан Республикасының заңдарында белгіленген әлеуметтік және медициналық – педагогикалық тузеу арқылы қолдау алуына;
-Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларын жеке оқыту жоспарына сәйкесүйде тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемін алуға құқығы бар.
Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі-арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып,оны жаңаша бағыттта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Назарова Н.М. Инклюзивное образование: методология, практика, технологии: Учебное пособие. - М., 2015. РМЭБ
2. Тебенова К.С. Дамуында ауытқулары бар балалар. Оқу құралы. Эверо, 2016 РМЭБ
3. Құнанбаева М.Н. Основы психологической саморегуляции. Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2017г.
4. М.Оспанбаева Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы, - Алматы, Қазақ университеті, 2019 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет