Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады


Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың «мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеуі ғылыми жобаның қорытынды нәтижелері



бет11/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345
673056.pptx, СӨЖ-3, 01fe68c0f2b0450f980e1e56cf148f12, Маржан ПТИ777
1.3 Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың «мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеуі ғылыми жобаның қорытынды нәтижелері
Жалпы ұлттық сана туралы осы күнге дейінгі берілген тұжырымдарға қарай отырып, көркем өнерден білім берудегі ұлттық сананы қалыптастыру арнайы зерттелмесе де, Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тақырыптардың қазақ дәстүрлі өнерін болашақ жастарға үйретудің ғылыми-әдістемелік негіздеулері бар. Оларды атап айтсақ, болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлау (К.Ә.Дүйсенбаев, М.Ж.Қозыбақов, К.Өстеміров, С.Ә.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Д.Үркінбаева және т.б.) мәселелеріне де жан-жақты талдау берілген.
С.А.Ұзақбаева, С.Қалиев, Х.Қ.Шалғынбаева қазақ халық педагогикасындағы еңбек дәстүрлеріне аса мән берсе, Ұ.М.Әбдіғапбарова сәндік-қолданбалы өнер арқылы халықтың балалар мен жастарды еңбекке тәрбиелеу жүйесін негіздеп жасаған, С.Сатқанов бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу, Н.М.Адамқұлов оқушы-жастарға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасату арқылы еңбекке тәрбиелеу жүйесін негіздеген. Аталған еңбектерде ғылыми педагогикалық, әдістемелік, технологиялық жағынан ұтымды нәтижелер бүгінгі көркем білім беру ісінде қолданыста жүзеге асырылуда. Өзімізден кейінгі ізденушілер ғылыми-зерттеу жұмыстарына ықпал етуде. Жалпы зерттеу аясында, ең алдымен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «бейнелеу өнері және сызу», «сән өнері», «сән дизайны» мамандықтары бойынша профессор-оқытушылар, білім алушылар, шеберхана шеберлерінің жұмыс бағыты мен ұлттық санасы қалыптасуының деңгейін бақылау мақсаты қойылды. Әрине, алғашқы да қалай, қайдан, неден бастау жұмысы тұрды. Жоба мүшелерімен, өзара кеңесіп, зерттеу нысандарына аталған пәндер бойынша мектеп, арнайы клубтар, шығармашылық мекемелерді де қосу жоспарланды. Өз нысанымыз бойынша профессор-оқытушылардың ғылыми, әдістемелік, шығармашылық, тәрбиелік және қоғамдық іс-әркеттері назарға алынды. Біздер жасаған зерттеулерге қарап, институт көркем білім беру ісіндегі профессор-оқытушыларды кәсіби жетістіктеріне қарай жіктеп алу қажеттігі туындады.
Ғылыми әлеуетті оқытушы; шебер маман; әдіскер оқытушы; шығармашыл оқытушы осы аталғандар бойынша өзара сұрақтар құрастырып, жобаның жас зерттеушілері пікірталастар жүргізді. Нәтижесінде ұлттық сана ұғымының барлық аталған топ оқытушыларында бар екені сезілді. Бірақ ұлттық сана деген атауға аса мән берілмейтіні, оны ұлттық өнер деп, айтып білім алушыларға ұлттық сана болатыны жайлы, аса көңіл бөлінбеген. Әрине, ең алдымен ұлттық тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жайлы айтылып отырған. Дегенмен соның бәрінің тоғысуы мына біздердің ұлттық санамыздың ашықтығы мен түпкі тарихи болмысымыздан келе жатқан дәстүрлерді қәдірлеп, қәзіргі ғылым мен техниканың дамуы жағдайында ұлттық кодымызды сақтап, сананың қоғам дамуына қарай жаңғыруы аса маңызды болып отыр. Ұлттық сана ұғымы әрбір ұлт өкілі дүниеге келген күннен-ақ, болатыны белгілі десек, сол бір адамның өсіп, дамып кемеледенуінде де қоршаған ортасында болып жатқан дағдарыстар, саяси-әлеует, отбасы жалпы айтқанда жас ерекшелік кезеңдері тұстарында дұрыс қалыптасуына, Елбасы тарапынан назар аударылып, рухани жаңғыру мақаласының жариялануы да дер кезінде көтерілген болып отыр. Шындығында да батыс елдерінің озық дамуы мен техника, технологиясына аса қызығушылық танытып, өсіп келе жатқан жеткіншекте, қалыптасқан жеке тұлғаның да еліктеулері әбден мүмкін. Жаһандану дәуірі деп, өз ұлтының салт-дәстүрлеріне қайшы келетін әдептерді алмай, өз ұлтымыздың санасына сиятын, түбімізде бар тарихи белгілі ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап, жаңашылдыққа ұмтылу аса кең дүние болмақ. Мәңгілік ел, Ұлттық сана, мәдени құндылықтар, жоғары көркем білім беру, ұғымдарының мәнін, атқаратын қызметтерінің сан қырлы екенін байқауға болады. Негізгі құралымыз зерттеу аясындағы қазақ бейнелеу өнері және сәндік қолөнері, музыкалық білім болғандықтан. Аталған өнер түрлерінің осы күнге дейінгі дамуы, ұлттық сана мен қазақ халқының мәдени құндылықтарына ықпалы қандай болатыны анықталған мәліметтер алдыңғы тарауларда берілді.
Бейнелеу өнері, сәндік қолданбалы өнердің дәстүрлі музыка өнерімен байланысы да назардан тыс қалмады. Себебі, өнер бағытындағы дәстүрлі музыканың да орны ерекше. Бейнелеу өнерінде дәстүрлі поэзия арқылы, композициялық шешім сомдалса, сәндік қолданбалы өнер ұсталары ұлттық музыкалық аспаптарды дайындайды. Дайындаушы шебер міндетті түрде, сол аспапта ойнауды меңгеруі аса қажетті, себебі аспаптың келешегі жасаған ұстасының қаншалықты жақсы меңгергеніне қарай болады. Музыкалық естуі мен қабылдауы жоқ шеберлерден, өте жақсы атқаратын қызметі жанжақты музыкалық аспаптар дайындалуы оңай болмайды.
Бұл жоба үш жылдық жұмыс мерізіміндегі негізгі себептер мен нысандар әсер еткен көркем білім берудегі, мәдениеттер диалогы, қоғамдық сананың жаңғыруы аясында қазақ бейнелеу өнері, сәндік қолданбалы қолөнері, дәстүрлі музыка өнері арқылы ұлттық сана мен мәдени құндылықтарың өркендеуіне ықпал ету болды.
Ең алдымен, жобаның жас ғалымдар мүшелеріне пікірлесу, кездесу, сабақтарына, шеберсыныптарға, көрмелерге және т.б., қатысып қана қоймай негізігі мақсат ұлттық өнер дамуы, оған деген көзқарастар, қызығушылықтар, патриоттық сезімдер, мінездер, тәнтілік, аялы қарау сияқты іс-әрекеттерді зерттеу және нәтижесін беру; талқылау; өзара тұжырым жасау міндеттері жүзеге асырылды. Жоғары көркем білім беруде педагогикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша мамандар даярланады. Біздер ең алдымен, педагогикалық мамандық бейнелеу өнері және сызу, көркем еңбек, музыкалық білім мамандықтары бойынша қәзіргі еліміздегі жаңартылған пән көркем еңбек пәні мазмұнын, мектепке ендіріліп жатқандағы жағдайларды, оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы жаңа пәнге бейімделу мен қабылдау жағдаяттарына көңіл бөлуді қарастырылды.
Жоғары да айтылғандар негізінде, ғылыми жобаның шетелдік кеңесшісі, п.ғ.д., доцент Өмер Займоғлумен түркі халқының дәстүрлі және заманауи сәндік қолөнерінің қалыптасуы мен дамуы; түрік жастарының көркем өнерге қызығушылығы, өнер факультетінің материалдық-техникалық базасы, көркемөнерден білім берудегі техникалары мен технологиялары біздер үшін аса маңызды болды. Ғылыми жобаның зерттеу кілтті сөздері әрине, ұлттық сана мен мәдени құндылықтарға түрік жастары мен оқытушыларының да пікірі тыңдалды.
Өзара керібайланысты орнату мақсатында, Акдениз университетінің профессоры Ө.Займоғлуды 2019 жылдың наурыз айында дәріс оқып, мастеркласс көрсетуге Өнер, мәдениет және спорт институты, дизайн кафедрасына шақырылды. Халықаралық дөңгелек стол «Дәстүрлі түрік қолөнері» тақырыбында өтіп, қатысуышлар тарапынан қызықты сұрақтар мен пікірталастар болды. Халықаралық шебер сынып «Табиғи бояулар мүмкіндіктері мен технологиясы» тақырыбында көрсетілді. Акдениз университеті платформасында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруға болатын бағдарламалар көрсетілді. Түркітілдес халықтар арасындағы мәдениеттер диалогы да болды деуге болады. Жалпы тілдік ұқсастық, наным-сенім, ұлттық асхана ерекшеліктері және т.б., түркітілдес халықтарға аялы көзқарастары мен құрметтері бар екені байқалды. Өзара пікір алмасқанда қазақ ұлттық сәндік қолөнері жайлы көп мәліметтері бар екенін, қазақстандық шеберлерді білетіндерін айтты.
Денизли қаласы, Памукалле университетінің түрік әдебиеті кафедрасында, конференция ұйымдастырылып, жоба тақырыбы аясындағы қазақ айтыс ақындары мен жыраулары тақырыбында баяндамалар жасалынды. Түрік әдебиеттанушылары мен шайырларға деген сүйіспеншіліктері өте жоғары екенін көрсетті. Көрермен тарапынан ықылас та, сұрақтар да жоғары деңгейде болды.
«АруАрт» орталығы әр студенттің жеке шығармашылығын, икемділігін, қабілетімен еңбекке сүйіспеншілігін, түрлі табиғи материалдармен жұмыс жасаудың техникалары мен технологияларын меңгертеді. Ал, мұндай іс-әрекеттер эстетикалық талғамын қалыптастырып, практика барысында студенттің шеберлік деңгейін көтереді. Студенттердің көзқарастарын кеңейтеді, көркем жүйе талаптары мен бейнелі ойлауды, өнер шығармаларына ізденісті, ұлттық өнер арқылы ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды түсінеді. Айтылған мүмкіндіктердің барлығы «АруАрт» орталығында қазақ сәндік қолөнері бұйымдарын дайындауға ынтасы бар студенттерге үйретуде жүзеге асырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет