Реферат көкөніс шырындарының ассортиментті


Томат шырынының емдік қасиеті мен адамға пайдалы жақтары



бет5/6
Дата17.10.2022
өлшемі239,63 Kb.
#153455
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аяжан спрс
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Томат шырынының емдік қасиеті мен адамға пайдалы жақтары
Қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.
Псориаз, экзема сияқты түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың, кем дегенде біреуін жеу керек. Содан кейін теріде оң өзгеріс болады.
Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай ішуге болады. Оны күніне үш рет, жарты стақаннан тамақтан кейін қолдану қажет. Емдеу курсы екі аптаға созылады.
Жаңа піскен қызанақ рационыңызға енгізілген болса, күйзеліс және нашар көңіл күйді оңай еңсеруге болады. Қызанақтың құрамында серотонин, яғни, бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам күйзелістік күйге тез түседі. Сондықтан, қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы.
Қызанақ катарактаның алдын алады. Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жас ұлғайғанда пайда болатын катарактадан қорғайды. Өйткені, қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Ал арнайы зерттеу жүргізген мамандар бұл дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруының осы түрінен зардап шекпейтіндеріне көз жеткізген.
Қызанақтың құрамында бета-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады.
Қызанақ шырыны - құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрий, минералды заттар, А,В,С,К,РР дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді. Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Қызанақ пен оның шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады. Алайда, қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз. Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды. Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін. Қызанақ шырынын үйде жасауға болады. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып алыңыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады. Сондай-ақ, қызанақпен бірге шырынсыққышқа алма, лимон, асқабақ, сәбіз қосуға болады. Араласқан шырын да пайдалы келеді. Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет