Реферат Орындаған: Туганбекова Алуа фек 102 Тақырыбы: Қатты денелер


Монокристалдар және поликристалдар



бет2/7
Дата20.02.2022
өлшемі166,74 Kb.
#132611
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат Қатты дене Туганбекова Алуа Фек молекулалық физика
6761e426488f398a499345c78f61aac786d1b8d7, 6761e426488f398a499345c78f61aac786d1b8d7
Монокристалдар және поликристалдар.
Егер дене бір кристалдан тұрса,оны монокристал деп атайды. Кей бір менералдардың монокристалдары табиғатта табиғи күйінде кездеседі. Металдардың құрылымы кристалдық болып келеді. Сондықтанда, қазіргі кезде еңбек құралдарын түрлі машиналар мен механизмдерді жасау үшін негізінен металдар пайдаланады.
Егер едәуір бір металл кесетін алсақ, онда оның физикалық қасиеттерінен бірден көзге түсіп білінбейді. Әдеттегі күйде металдарда аназитропия байқалмайды.
Бұл жерде мәселе, кәдімгі металл бір-бірімен тұтасып біріскен өте көп ұсақ кристалдардан тұратынында болып отыр. Металдың әсіресе, жұқасынған жерін микраскоп немесе тіпті лупа арқылы қарап, оларды көру қиынға соқпайды. Әр түрлі бағытқа қарай кристалдың қасиеттері түрліше болады, бірақ бұл майда кристалдар бір-біріне қатысты бейбірекет бағдарланған. Оның нәтижесінде жеке бір кристалдың көлеміне қарағанда анағұрлым үлкен көлемдегі металдың ішіндегі барлық бағыттар тең түседі де, олардың қасиеттері барлық бағыт бойынша бірдей болады.
Ұсақ кристалдарды бір-біріне жабысып орналасқандықтан поликристалдық денелердің физикалық қасиеттері барлық бағытқа бірдей болады.
Кристалдарының тәртіппен орналасуы дұрыс, геометриялық кеністіктік тордың түйіндеріндеорналасуына болады. Кристалдың өзі құрылымдық элементтің үш әр түрлі бағыт бойынша, көп ретті қайталануынан алынады.Ол құрылымдық элементті элементтар кристалдық ұя деп атайды.

Аса мұқияттылықты сақтай отырып өлшемі үлкен металл кристалын монокристалды өсіріп алуға болады. Әеттегі жағдайларда поликристалл денелердің түзілу себебі – көптеген кристалдардың өсуі. Олар бір-біріне жақындап, тиіскен кезіне дейін жалғаса береді де, осының нәтижесінде біртұтас дене түзіледі


Поликристалл денелерге металдар ғана жатпайды. Мысалы, кесек қанттың да құрылымы поликристалл болады.
Кристалл денелердің көпшілігі өзара бітіскен көптеген кристалдардан түзілгендәіктен поликристалдарға жатады. Жеке кристалдар – монокристалдардан геометриялық пішіндері дұрыс және олардың әр бағыттағы қасиеттері де әртүрлі болады.

Аморф денелер.
Қатты денелердің барлығын кристалл денелерге жатқызуға болмайды. Көптеген аморф денелер бар. Аморф денелерде атомдардың дәлме-дәл ретті орналасыу жоқ. Тек жақын көрші атомдар тері белгілі бір ретпен орналасады. Бірақ кристалдарға тән құрылымның қандай да бір элементінің барлық бағытта дәлме-дәл қайталануы аморф денелерде болмайды.
Көпшілік жағдайда бір заттың өзі кристалдық күйде де, аморф күйде де бола алады. Мысалы, кварц Si O2 кристалды түрде және аморфты түрде бола алады. Кварцтың кристалдық түрін бұрыс алты бұрыштарлан тұратын тор деп қарастыруға болады. Кварцтың аморфты құрамы да тор тәрізді, бірақ дұрыс пішінде емес. Онда алтыбұрыштармен қатар, бесбұрыштар және жетібұрыштар кездеседі. Барлық аморф денелер изотропты, олардың физикалық қасиеттері барлық бағыты бірдей. Аморф денелерге шыны, көптеген пластмассалар, смола, қант мұздығы (мөлдір кәмпит) т.б жатады.
Сырттан әсер еткенде аморф денелерде қатты денелердегі сияқты серпінділік қасиеті және сұйықтағы сияқты аққыштық қасиеті де бір мезгілде байқалады. Қысқа мерзімді әсерлер де (соққанда) олар қатты денелерге ұқсайды, ол қатты соққанда кесектерге жарылады. Бірақ өте ұзақ әсер еткенде аморф денелер ағады. Бұған ұзағырақ уақыт бақылау нәтижесінде көз жеткізуге болады. Қатты орында жатқан бір кесек смоланы бақыландар. Смола бірте-бірте қатты дене бетіне жайылады смоланың температурасы неғұрлым жоғары болса оның жайылуы анағұрлым тез болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет