Реферат Орындаған: Туганбекова Алуа фек 102 Тақырыбы: Қатты денелер



бет3/7
Дата20.02.2022
өлшемі166,74 Kb.
#132611
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат Қатты дене Туганбекова Алуа Фек молекулалық физика
6761e426488f398a499345c78f61aac786d1b8d7, 6761e426488f398a499345c78f61aac786d1b8d7
Қатты денелер физикасы.
Адамзат қатты денелерді қашанда пайдаланған және болашақта да пайдаланбақ. Егер бұрын қатты дене физикасы тікелей тәжірбиеге негізделген технологияның дамуына ілесе алмаған болса, енді жағдай өзгереді. Теориялық зерттеулер қасиеттері тіпті ерекше “сынау және қателесу” әдісімен ешбір алуға болмайтын қатты денелерді жасаудың мүмкіндігін бере бастады. Ілгеріде сөз болатын транзистор сияқты қондырғылардық өмірге келуі бұкіл радиотехникадағы бет – бұрыс, қатты денелер құрылымын түсіне білудік айқын. Алдын –ала өзімізге қажетті механикалық, магниттік, электорлық т.б. қасиеттерге ие металдарды жасау қазіргі қатты дене физикасының бірден-бір негізгі бағыты. Шамамен алынғанда дүние жүзі физиктерінің жартысы қатты дене физика саласында еңбек етеді.

Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады. Атомдар, иондар немесе молекулалар орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады. Бір қатарда жатпайтын үш түйін арқылы өтетін жазықтықты жазық торап дейді. Элементар ұяшықтың үш бағыттағы сызықтық өлшемдері мен оның жақтарының аралық бұрыштары кристалдық тордың параметрлері болып табылады. Кристалдық тордың өлшемдері, атомдары мен молекулалардың орналасуы рентгенография, электронография, нейтронография көмегімен анықталады. Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады.
Түрлері
Кез келген затты қатты күйіне айналдыруға болады. Ал қатты заттар кристалдық торларының болуымен сипатталады. Кристалдық торлар деп - түйіндеріндегі бөлшектер белгілі бір ара қашықтықтан кейін жүйелі қайталанатын ретті құрылымды айтамыз. Егер заттың құрамында құрылыс бірліктері ретсіз орналасса, зат аморфты болады. Кристалдық торлар түйіндеріндегі бөлшектердің табиғатына қарай жіктеледі. Олардың төрт түрі белгілі.
Кристалдық торларда атомдар, молекулалар не иондар белгілі бір тәртіппен кеңістікте орналасады. Қатты заттардың көбінде кристалдық тор бар.

Кристалдық тордың түйіндері дегеніміз, кристалдық торды құратын атомдар, молекулалар не иондар. Мысалы ас тұзының түйіндері натрий және хлор иондары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет