Реферат орындағн: Нурмухамет Дамир Тексерген: Ислямов Берик



бет1/12
Дата21.06.2023
өлшемі58,72 Kb.
#179046
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дамир физра


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




РЕФЕРАТ



Орындағн: Нурмухамет Дамир
Тексерген:Ислямов Берик
Факультет:НВП-ФКИС, 203-топ




2023 жыл

1.Оқушылардың денешынықтыру мен спортқа құндылық бағдарларын қалыптастыру.



Мақсаты - жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның бағдарламасы мен әдістемесін тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қортындысын шығару.
Дене мәдениеті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi.
Тәуелсіз еліміз үшiн адамның денесінің сау болуы үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының талап деңгейінен 4-5 есе төмен екенiн байқалады.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді, оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлттық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.
Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушыларының қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, дене сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштерімен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы, яғни дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі қолданылады. Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруден тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айландырады (денсаулығын жақсартады, дене салаларын дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді).
Білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты ретінде мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі көрсетілуде. Бұл мақсат үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; онда мәдениет аясында жеке толыққанды өмірдің субъектісі сапасында өзін-өзі анықтауға бағытталған перспективамен оқыту идеясы да айтылған. Осындай интегративтік мақсатпен осы мәдениеттің индивидте, оның жалпы мәдениетінің бөлшегі ретінде дамытудың шикізаты болып мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет