Реферат орындағн: Нурмухамет Дамир Тексерген: Ислямов Берик



бет5/12
Дата21.06.2023
өлшемі58,72 Kb.
#179046
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дамир физра

Дене дайындығы – спортшының ағзалық қызмет мүмкіндіктерін арттыру жолдары. Спорттық машықтану ілімі мен тәжірибесінде дене дайындығын жан-жақты шыңдау, дененің қимыл қабілеттерін тәрбиелеумен анықталады.
Дененің қимыл қабілеттері деп – адамның қимыл мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз. Дененің қимыл қабілеттері дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі ғылымында дене қасиеттері деп анықталады. Олар: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік. Спортшының дене қасиеттерін дамыту ойын тәсілін жетілдіруге тура әсер етеді.
Дене дайындығы мақсаты – ағзаның қимыл мүмкіндіктері мен дене қасиеттерін жан-жақты дамытып, денсаулықты жақсарту мен нығайту.
Дене дайындығы міндеттері – дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінен (білім, тәрбие, сауықтыру) туындап, спорт түрінің ерекшеліктеріне сай анықталады.
Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі. Спорттық мамандану спортшының жан-жақты дамуын жоққа шығармайды. Онда таңдаған спорт түрінде барынша елеулі алға басушылық спортшының дене және рухани қбілеттерінің жан-жақты дамуы ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы көтерілуі негізінде ғана мүмкін болады.
Спорттық жетілдірудің объективті заңдылықтары спорттық жаттығу терең мамандану жүйесі бола тұрып, бір мезгілде спортшы жан-жақты дамыту құралы да болады. Осыған сәйкес спорттық жаттығуда жалпы және арнайы дайындық үзіліссіз үйлеседі. Спортшының жалпы және арнайы дайындық бірлігі бұлардың екеуін де спорттық нәтижеге және дене тәрбиесінің құралы ретінде соңғы мақсатқа пайдалануға зиян келтірмеу үшін жаттығудан алып тастауға болмайды. Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі олардың мазмұндарының өзара тәуелділігімен қортындыланады: жалпы дене дайындығының мазмұны таңдаған спорт түрінің ерекшеліктері есепке алынып анықталады, ал арнайы дайындықтың мазмұны жалпы дайындықтың жасаған алғы шарттарына тәуелді.
Жалпы дене дайындығы – спортшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту, дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру.
Бұл міндеттерді шешу үшін әртүрлі дене дамыту жаттығулары қолданылады.
Жаттығушы ағзасында дене қасиеттері жеке дами алмайды. Олардың әрқайсының даму денгейі келесінің, ал келесі өз кезегінде одан кейінгінің даму денгейіне байланысты болады. Мысалы, жылдамдықты арттыру жүгерумен дамытылса, ондағы күш алу бұлшық еттің қызметіне тәуелді. Ал орнынан ұзындыққа секіруде ептілікті дамыту мақсатталса, бастапқы екпін алу әдісі күштілік қасиетіне тәуелді.
Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді. Спортшыға қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрынан бар қасиеттер негізінде қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса, ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады. Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақталады.
Жалпы дайындық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет