Реферат орындағн: Нурмухамет Дамир Тексерген: Ислямов Берик


Жалпы дайындық жаттығулары



бет6/12
Дата21.06.2023
өлшемі58,72 Kb.
#179046
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дамир физра

Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары).
Жалпы дайындық жаттығуларының маңызы көптеген спорт түрлерінде, әсіресе өсіп келе жатқан спортшылардың жаттығуында жиі бағалана бермейді. Жекелеген мамандар көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде арнайы дайындық көлемін тез арттырады және жалпы дайындық көлемін қысқартып, жас спортшылардың жаттығуын жеделдетуге әкеледі.
Жалпы дамыту жаттығуларының нәтижелерді көтеруге әсері жанама түрде болып табылады, мамандандырылған құрал (жарыстық және арнайы дайындық жаттығулары), бірінші жағынан, нәтижені арттыруға барынша тікелей әсер етеді. Басқа жағынан, жеткілікті емес дәрежеде нәтиженің артуы, немесе жоғары нәтижелер сатысында олардың өсуінің тоқтауы, сонымен бірге спортшының артық жарақаттануы жаттығуда, әсіресе жаттығуды жаңадан бастаған кезде жалпы дене дайындығы жаттығуларының жеткіліксіз көлемде берілуіне байланысты болады.
Дегенмен, жалпы дамыту жаттығулары, сонымен бірге, спорттық маманданудың ерекшеліктерін көрсетуі тиіс екенін есте ұстаған дұрыс. Әртүрлі дене жаттығуларының арасында әртүрлі дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының оңды және теріс “тасымалдау” заңдылықтарына себепші болған оңды және теріс қарым-қатынас болуы мүмкін.
Осы бір себептің өзімен жалпы дене дайындығының құралы әртүрлі спорттық пәндерге бірдей болуы мүмкін емес. Кейбір ұқсастықтармен қатар бұл құралдардың құрамының әрбір нақтылы жағдайда өзінің ерекшелігі болуы тиіс. Бұған жаттығу жүйесі құрылымында орын алатын оларды таңдап, іріктеу кіреді.
Жалпы дайындық жаттығуларын жаттығу жүйесіне ендіру әдетте оның жалпы әсерлілігіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы дене дайындығының шамадан тыс машықтанудың алдын алуда және ұзаққа созылған арнайы машықтануларда сабаққа деген қызығушылықтың жоғалуына жол бермеуде ЖДД тиімді амал болып есептелетінін есте сақтаудың маңызы зор. Баскетболдың арнайы жаттығуларынан құрылымы мен сипаты жағынан дене жаттығуларының уақтылы ауысып отыруы жүйке жүйесіне игі әсер етеді, жоғалтқан күшті тез арада және толық қайта қалпына келтіруге көмектеседі, сондықтан да қарқындылығы мен көлемі жағынан ауыр келетін машықтану және жарыс жүктемелері жеңіл мүмкіндік береді, ал ондай жүктемелерсіз бүгінгі күндері жоғары спорттық шеберлікке қол жеткізу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет