Реферат Пән аты: Мәдениеттану Мамандық: В167 ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пйдалану



бет3/3
Дата23.01.2022
өлшемі31,38 Kb.
#113342
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
СРС 4 мәдениеттану
гигена глаз
ІІІ. 2 БӨЛІМ
2.1 Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолының тарихын біліп, тағылым алу біздер үшін маңызы зор іс.

Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл тажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар — мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршыталар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып кала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. Иранның шахиншахы Хосроу I Ануширван қытай императорынан басқа тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі» — «ушари» алған, оның көкшіл өңіріне тәж киген және әшекейлер тағынған патша бейнеленген. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларының фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық қымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, тауарлардың бір бөлігінің де оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.

Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жататын жеті «У- шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырда- рияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген:«.. .жуырдаты кездің өзінде шетелдік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен және бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу даңқын қымбат тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».

Батыспен байланысты қымбат түратын заттар арасынан Жетісудан табылтан күміс құмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге еліктеп крестер түрінде қалыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасатан шебер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсету те тырысқан. Бір саптыаяқ тұтқасының иілген жерінде «көне заман сипатындагы» бас бейнелентен. Византия үлгілеріне бұлайша еліктеуге тырысушылықты «империя халқы түр-тұрпатының әсерлі әсемдігі» туғызған. Жамбыл қаласында Тараздың орнынан I Юстинианның византиялык алтын солиді табылды, оның бір бетінде дулыта киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнеленген. Византияның алтын солидінің кең таралтанын және халықаралық валюта ретінде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Кімнің билеушісі күшті екені жөнінде Византия және парсы көпестерінің айтысуы туралы Кузьма Индикоплавтың VI ғасырдың орта шеніне жататын әңгімесі мәлім. Персия саудагері тек күміс көрсете алтан кезде, византиялық бүкіл әлемге таралған алтын теңге көрсетіп жеңіп шыққан.

Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осынау күре жолмен мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, жень-шень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, гауһар мен яшма, янтарь мен кораллдар, піл сүйегі мен «балық сояулары», құйма күміс пен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу үшін Ферғананың атақты «тері қан боп шығатын» сәйгүліктері мен араб арғымақтарын, түйелер мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықтарды, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.

Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкөніс пен жемістер, әртүрлі көктер әлемге таратылған.

Дегенмен сауданың ең басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.

Керуен жолымен тасылатын жібек пен басқа да тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар — соның айқын айғағы.

Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шартараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістандағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан — Қырымның, кіші азиялықтан — Сиваси, Кония, Тебриздік, Қазақстаннан — Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез —XIII ғ. 60-жж. екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар.

Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі бір этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген жерге тап бола қалса, кеңінен тарап кетеді екен[3].

ҚОРЫТЫНДЫ

Әрбір халықтын бір нәрсесімен атақты да даңкты екенін ақындар былайша суреттейді: Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды, Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең, Емдомымен жан-дүниенді козғайды. Сауық-сайран үнділердің мекені, Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді, Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен, Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың Қашан да артық бәрінен.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. А. Тұңғыш «Түркілер тарихынан»



2. Заман – Қазақстан – 1995ж. №13 — 8-бет

4. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет