Реферат Пәні : Инклюзивті білім беру



бет1/2
Дата30.09.2023
өлшемі81,14 Kb.
#183141
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
sro(20221261-10639)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы КеАҚ
Гуманитарлық-экономика факультеті
Реферат
Пәні : Инклюзивті білім беру
СРО тақырыбы : Инклюзивті бітім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға арналған қағидалар КОДЕКСІ

Орындаған : Кундакбаева Алсу ПМНО-201


Тексерген : ҚанидоллаеваТоғжан Алмасовна

Семей,2023


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мұғалімдер үшін басшылыққа алатын педагогикалық принциптер

  3. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мұғалім кәсіби-құндылықтық бағдарлардың жүйесі

  4. Эмпатия

  5. Қорытынды

1.Мұғалімдердің инклюзивтік құзыреттілігі арнайы кәсіби құзыреттілік деңгейіне жатады. Бұл инклюзивтік білім беру үдерісінде білім алушылардың әртүрлі білім алу қажеттіліктерін ескере отырып және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі баланы білім беру ұйымының ортасына қосуды және оның дамуы мен өзін-өзі дамуына жағдай жасауды қамтамасыз ете отырып, мұғалімдердің кәсіби қызметтерін жүзеге асыру қабілетін негіздейтін интегративтік жеке білім беру кеңістігін құру керек .


2.Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мұғалімдер үшін басшылыққа алатын педагогикалық принциптер мынандай:
- баланың мүдделерін сақтау;
- жүйелілік және қолжетімділік, үздіксіздік;
- вариативтілік;
- жалпы білім беру ортасына ықпалдасу;
- әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл;
- табыс жағдайын құру;
- адамгершілік;
- шыншылдық;
- вариативтілік;
- бейімділік;
- дәйектілік;
- көмек көрсетудің ұсынымдық сипаты.

Педагогты инклюзивті білім беруді іске асыруға кәсіби даярлау процесінде ерекше білім беруді қажет ететін баланың денсаулығын ескере отырып жұмыс істеуге кәсіби-жеке дайындығын қалыптастыру қажет.


Педагогтың ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге кәсіби-тұлғалық дайындығы оның кәсіби-гуманистік бағытынан, кәсіби-құндылық бағдары мен кәсіби-тұлғалық қасиеттері, біліктерінің жиынтығынан тұрады.
Педагогтың кәсіби-гуманистік бағыты оның кәсіби іс-әрекетінің гуманистік құндылықтарын, оған қанағаттануынан, кәсіби шеберлікті меңгерудегі мақсаткерлігінен, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың гуманистік мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудегі пәрменділігі мен белсенділігін ұғыну арқылы көрінеді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мұғалім кәсіби-құндылықтық бағдарлардың келесі жүйесін меңгеруі тиіс:
*адамның жеке басының құндылығын оның денсаулығының ауырлық дәрежесіне қарамастан тану;
*білім беру нәтижесін оны алуға ғана емес, жалпы ерекше білім беруді қажет ететін баланың жеке басын дамытуға бағыттау;
*дамуында бұзылулары бар балалар үшін мәдениет тасымалдаушы және оның трансляторы ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну;
*үлкен рухани және энергетикалық шығындарды талап ететін ерекше білім беруді қажет ететін балалармен педагогикалық қызметтің шығармашылық мәнін түсіну.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтің кәсіби-тұлғалық дайындығының маңызды құрамдас бөлігі – бұл көмек көрсетуге дайын болу. Психологтар көпшілік адамдардың көмекке дайындығы бірдей деп санайды. Эмпатия, жауапкершілік, қамқорлық деңгейі жоғары болған сайын, көмекке дайындық деңгейі соғұрлым жоғары. Адамның көмекке дайындығы тиісті жағдайларда дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет