Реферат Пәні: Әлеуметтану


III. Қоғамдардың жіктелуі



бет4/5
Дата15.05.2023
өлшемі52,74 Kb.
#176713
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтану
програмирование 9 АӘ
III. Қоғамдардың жіктелуі
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс -әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани- мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі.
Қоғам түрлері
Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.
Молшылық қоғамы - 1950 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.
Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).
Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат- жұраттан бастап, ел- жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси, құқылық, марольдық, діни, эстетикалық философиялық қатынастар болып бөлінеді. 
Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады.
Демократияның бір көрінісі либерализм. Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп адам не істесе де берікті болу керек дейді.
Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әр – бір жеке – экономикалық формациялардың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді. 
Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм деп қараудың негізгі шарты – барлық дәуірлердің әлеуметтік – экономикалық даму типологиясын құру, яғни қоғамдық – экономикалық фармация туралы қғымды тұжырымдауды қажет етті.
Сондықтан тарихты әлеуметтік философия тұрғысына пайымдау, талдау әдісін – біз қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта кеу керек, қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.
Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді. Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті.
Қоғамның тарихи үлгілері бір – бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы ажыратылады ал қоғамның формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады.
Әр бір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндірс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды.
Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз. 
Қоғам дамуының объективті қозғаушы кұштері өздерін терең түсінуді, білуді қажет етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын қалыптастырады. 
Қоғамның данму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқымды секірістері арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтын жыйынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған. 
Материалдық – экономикалық мүдделерден басқа рухани мүддерлерде бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік діни мүдделері – оның білімге мәдениетке, оқуға үмтылуы. 
Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Саондықтан мүдделердің де жоғарлау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.
Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта – ықыласы, көз қарастары жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет