Реферат СӨж тақырыбы: ҚР сыртқы экономикалық саясаты



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі24,97 Kb.
#93159
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СРС 10
құқықтық жүйе, құқықтық жүйе



Реферат

СӨЖ


Тақырыбы: ҚР сыртқы экономикалық саясаты.


Орындаған: Әділхан Бақдәулет

2020 жыл
Қазақстан халықаралық саясатта беделі бар ел, көптеген интеграциялық бірлестіктердің бастамашысы ретінде танылып жүр. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғаннан кейін ең ірі әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше атанды. Ядролық қаруды қаруды таратпау саласында еліміз бүкіл әлемге үлгі көрсетті, Бүгінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдардың белді мүшесі. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін, ЕҚЫҰ саммитін, экономика, спорт, саясат саласындағы талай форумдар мен маңызды кездесулер өткізді. Алдағы жоспарлар да аз емес. 2017 жылы елордада ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді, 2017-2018 жылдары Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланбақ ниетте. Биылғы жылы сыртқы саясат саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр. «ҚазАқпарат» Қазақстанның халықаралық арендағы қызметі жөніндегі ең қызықты материалдарына шолудың бесінші бөлімін ұсынады.
1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі - көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол - еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Бұл тұрғыда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Елбасымыздың көреген, сарабдал саясатын төрткүл дүние мойындап отыр. Соның бір мысалы, Сенат Маршалының айтуынша, Польша Н.Назарбаевтың тамыз айына елімізге жоспарлаған сапарына үлкен маңыз береді. Бұл туралы Польша Республикасы Сенатының Маршалы Станислав Карчевский ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен соң мәлім етті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет