Реферат СӨж тақырыбы: ҚР сыртқы экономикалық саясаты


Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатын келесі негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырады



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі24,97 Kb.
#93159
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СРС 10
құқықтық жүйе, құқықтық жүйе
Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатын келесі негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының жаңа кезеңіндегі сыртқы саяси ұстанымының сабақтастығы;
2) тұрақты, әділ және демократиялық әлемдік тәртіп құруға жәрдемдесу; әлемдік саяси, экономикалық және гуманитарлық кеңістікке тең құқылы интеграциялану; қазақстандықтардың және шетелде тұратын қандастардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін тиімді қорғау;
3) мемлекеттің сыртқа ашықтығын ілгерілету, қазақстандықтардың
әл-ауқатының деңгейін көтеру, елдің саяси, экономикалық және рухани әлеуетін дамыту үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;
4) Қазақстанды практикалық тұрғыда қызықтыратын барлық мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен достық, тең құқықтық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуды білдіретін көпвекторлық, прагматизм және белсенділік;
5) көпжақты консультациялар мен келісімдер негізінде жаһандық және өңірлік мәселелердің кең ауқымын шешудегі халықаралық қоғамдастықтың тиімді тәсілдері мен ұжымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған мультилатерализм;
6) трансшекаралық сипаттағы сын-тегеуріндер мен қатерлерге ден қоюда, жанжалдарды реттеуде, қақтығыстан кейінгі елдерде бейбітшілікті нығайтуда халықаралық қоғамдастықтың интеграцияланған тәсілдерін әзірлеуді білдіретін ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлердегі қауіпсіздік пен дамудың ажырамас байланысы.
Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы келесі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
1) елдің тәуелсіздігін, мемлекеттік егемендігін және аумақтық тұтастығын нығайту, сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтау;

2) Орталық Азия өңірінде Қазақстанның көшбасшылық орнын нығайту және ұзақ мерзімді мүдделерін ілгерілету;
3) Қазақстанды халықаралық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі үлес қосатын халықаралық қоғамдастықтың белсенді және жауапты мүшесі ретінде көрсету;
4) шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматта достық, болжамды және өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтау, мемлекетаралық бірлестіктер және халықаралық ұйымдармен кешенді өзара іс-қимылды дамыту;
5) ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін, қазақстандықтар тұрмысының деңгейі мен сапасын көтеру мақсатында сыртқы саясаттың әлеуетін толыққанды пайдалану;
6) сыртқы саяси әдістер арқылы көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтау және нығайтуға жәрдемдесу;
7) Қазақстан азаматтарының және ұлттық бизнестің іс жүзіндегі мүдделерін мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытына айналдыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет