Реферат СӨж тақырыбы: ҚР сыртқы экономикалық саясаты



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі24,97 Kb.
#93159
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СРС 10
құқықтық жүйе, құқықтық жүйе
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент елдің сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк етеді.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау құқығы тиесілі.
Парламент еліміздің ең жоғары өкілді органы бола отырып, өзінің конституциялық өкілеттіктері шеңберінде халықаралық шарттарды ратификациялау, олардың күшін жою бойынша заңнамалық жұмыс жүргізеді.
Сыртқы саясат саласында уәкілетті орган болып табылатын Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – СІМ) сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыруды жүзеге асырады, сондай-ақ Президентке және Үкіметке тиісті ұсыныстар береді, орталық атқарушы органдардың шет мемлекеттер, мемлекетаралық бірлестіктер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарындағы іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асырады.
Атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынастардың дамуын қамтамасыз етеді, сыртқы экономикалық саясатты іске асыру, сыртқы саяси іс-шараларды қаржыландыру бойынша шараларды әзірлейді.

Мемлекеттік органдар тұрақты негізде, өз құзыреті шеңберінде және СІМ-нің үйлестіруімен, елдің халықаралық шарттары мен міндеттемелерін орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады, сыртқы саясат саласында тактикалық тәсілдерді және нақты ұсыныстарды әзірлейді. Мемлекеттік органдардың сыртқы саяси салдарларға әкелуі ықтимал ішкі сипаттағы шешімдер қабылдауы СІМ-мен міндетті түрде келіседі.
СІМ басқаратын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері дипломатиялық қызметтің бірыңғай жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың қызметі аккредиттеу елдерінде, мемлекетаралық бірлестіктерде немесе халықаралық ұйымдарда Қазақстанның ұлттық мүдделерін, оның азаматтары мен заңды тұлғаларын қорғауға және ілгерілетуге бағытталған.
Шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер, форумдар) Қазақстанның мүдделерін ілгерілетудің, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының, екі жақтың мүддесіне сәйкес келетін міндеттерді шетелдік әріптестермен бірлесіп шешудің негізгі құралы болып табылады.
Халықаралық шарттардан және үкіметаралық комиссиялардың (комитеттер, кеңестер, форумдар) шешімдерінен туындайтын уағдаластықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша бағдарламалар мен жоспарлар әзірленуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет